Тапқыр болсаң, озып көр!
Сайыс: Тапқыр болсаң, озып көр!
1-жүргізуші: — Армысыздар, құрметті ұстаздар, қатысушылар және көрермендер!
«Тапқыр болсаң, озып көр!» сайысын ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші: Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген,
Сәлем бердік ұландарға талапкер,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен – демекші, бүгінгі сайыста қатысушы топтардың жолдамдығы мен ептілігін, тапқырлығы мен алғырлығы додаға түседі.
1-жүргізуші: — Баға берер топтарға,
Қара қалды қылышпен қақ жаруға.
Әділқазы алқасын біз салайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1)Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының меңгерушісі Сапрыгина Р.Э.
2) Мектептің ғылыми – жобалар жұмысының меңгерушісі Абжанова Г
3) «Денсаулық» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, бастауыш сынып мұғалімі Сахариева М. М.
— Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен танысайық:
- Таныстыру (топ аты, ұраны, белгісі)
- Ширату
- Өнер сайысы (үй жұмысына дайындап келген тапсырма)
- Жеті жұрттың тілін біл.
- Тапқырлар сайысы.
- Капитандар сайысы.
- Ептілер сайысы.
- кезең Таныстыру (жеребье арқылы) 5ұпай
Әдеппен ізетпен танысуға дей келе сайыстың алғашқы шарты «Таныстыруды» бастаймыз.
- кезең «Ширату» 3 мин
Балқарағай, қолшатыр, бозторғай, түймедағы – сөздеріндегі әріптерді пайдаланып сөздер құрау. Әр сөзге 1 ұпай.
- кезең «Өнер сайысы»
«Өнерлі балаларға кім жеткен,
Әр салада небір өнер көрсеткен,
Үшінші сайысты біз бастайық,
Өнерлінің әрқашанда өрісі кең» — деп өнер сайысын бастайық. Бұл сайыста әр топ дайындап келген өнерлерін көрсетеді.. Жоғарғы ұпай саны – 5 ұпай.
- кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса, 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.
| 1) Аяғы біреу, қолы жоқ Шиыр – шиыр жолы көп Өзі сөйлей білмейді Салған ізі сөйлейді (Қалам-ручка)
2) Жазу жазып жалықпаған, Жаза-жаза арықтаған (Бор-мел)
3) Сағат сайын қағылады Тек мектептен табылады ( Қоңырау-звонок)
4) Бұлаңдаған құйрығы Бір алдарлық қулығы (Түлкі-лиса)
5) Қыста ғана болады Ұстасаң қолы тоңады (Қар-снег)
6) Көкшіл айна үйдегі Көрсетеді киноны (Теледидар-телевизор)
7) Өзі кірді ашады Суға салсаң қашады (Сабын-мыло) | 8) Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады (Пияз-лук)
9)Қылдай белі бүгілген, Өзінен де жүгі үлкен (Құмырсқа-муравей)
10) Жылт-жылт еткен Жырадан өткен (су-вода)
11)Қабат-қабат қаттама Ақылын болса аттама (Кітап-книга)
12)Белі бүкір Алысқа түкір (Мылтық-ружье)
13) Судан алады, Суға салса өледі (Тұз-соль)
14) Кесе –кесе мұқалды Жони-жони жұқарды. (Пышақ-нож) |
- кезең «Тапқырлар сайысы»
4 топқа 4 түрлі ребус беріледі сайыскерлер жылдам ребустың шешуін табу керек. Әр дұрыс шешілген ребусқа 5 ұпай.
Шешуі:
- кезең «Капитандар сайысы»
Әр топ командирін шақырамыз.
1 минут ішінде қойылған сұраудың дұрыс жауабы 1 ұпайдан есептеледі.
- Республикамыздың басты қаласы (Астана)
- Кітапты неден жасайды? (Ағаштан)
- Білім күні қай күн? (1-қыркүйек)
- Анаңның аты кім (…)
- Қазақша жыл басы (Наурыз)
- Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)
- Сыныбыңда қанша оқушы бар?
- Аспан сөзінде неше әріп бар?
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім (Т. Әубәкіров)
- Бір өркешті түйе (Нар)
- Апркль айының қазақша атауы. (Сәуір)
- ТОбыңның аты
13.Биыл тәуелсіздігіміздің орнағанына неше жыл?
14.Жасың нешеде
15.Мемлекеттік рәміздер
16.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
17.Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын
18.Оқу жылы қашан аяқталады?
19.Киелі құс
- «Көз қорқақ – қол …»
- кезең «Ептілер сайысы»
Бұл кезеңде әр сайыскер кедергілерден өтіп математикалық тапсырмаларды орындап, келесі балаға эстафетаны тапсырады.
- Сайыскерлер ойынын,
Тамамдадық біз бүгін,
Әділқазы береді
Дұрыс, әділ шешімін.
— Құрметті көрермендер, әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, сайыскерлерге арналған шашуымызды қабыл алыңыздар!
— Болмасын ешбір сын өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – демекші, сөз кезегін әділқазылар алқасының төрайымына береміз!