Мал шаруашылығы

Сабақтың тақырыбы: Мал  шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру,мал атауларын.ерекше қасиеттерін, пайдасын,күтім бағымын түсіндіру.Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып қазақ халқының табиғатқа,жан-жануарға деген қарым-қатынасның тәрбиелік жағына назар аударту.

Ә)Дамытушылық: Төрт-түлік туралыөлең. Жыр, жұмбақ.мақалдар оқыту,танымын кеңейту, тілін дамыту.

Б) Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа,іскерлікке, шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түлік туралы суреттер, слайдтар, төрт түлік мал өнімдері.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Қайырлы таң атты,                                  Жарқырайды даламыз

Алтын сәуле таратты.                               Қайырлы күн балалар,

Жарқырайды күніміз                                 Қайырлы күн қонақтар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Бау-бақша шаруашылығы» туралы оқушылардан сурау және көкөністер мен жемістер туралы дайындаған бүктемесін қорғау

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:

-Елімізде қандай бау-бақша түрлері өсіріледі?

-Көкөністер мен жемістердің адам үшін қандай пайдасы бар?

ІҮ.Жаңа сабақ. «Ой шақыру»әдісі

Кішкене ғана бойы бар айналдырып киген тоны бар (қой)

Төрт бұлағы сүт,баға білсең құт (сиыр)

Маң-маң басып келеді,тапырақтап желеді

Мойны ұзын үсті тау,ертеден елге енеді (түйе)

Қамыс құлақ дара тұяқ,ұзын құйрық жалы бар,

«Ер қанаты»аталатын,айтшы қандай жануар (жылқы)

-Осы жұмбақтардың шешуін біріктіріп қарасақ төрт түлік малдың атауы шығады.Олай болса мал шаруашылығында төрт түліктің алатын орнын ерекше айтып өтеміз.

-Ең бірінші сыныпты екі топқа бөліп отырмын (топ басшыларымен таныстырады)

                    І. Қошақандар                     ІІ.Ботақандар

Мұғалім сөзі: Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді.Мал кезінде алты алаштың жесе-асы, кисе-киімі, мінсе-көлігі, жапанда-серігі болған.Біз ежелден малға жақын халықпыз.Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген.Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Мал шаруашылығындағы төрт түліктің ерекшелігі» Мал шаруашылығы кезінде төрт түлікті екі топқа бөлген «ірі қара мал» және «ұсақ мал» Түйе,сиыр,жылқы-ірі қара,ал қой, ешкіні-үсақ малға жатқызған Жеке тоқталатын болсақ:

Жылқы –малдың патшасы

Ерте заманда төрт түліктің пірлері болған.Жылқының пірі –Қамбар ата. Қамбар ата-жылқы баққан.Жылқы жыл санауында жетінші жыл. Жылқы-қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Дүние жүзінде жылқының 250 ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20 –ға жуық түрі өсіріледі.Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді. Жылқы малы халықты етпен,қымызбен қамтамасыз етті. Жылқыны салт мінуге, ауыл шаруашылықтарында күш көлігі ретінде пайдаланды.Жылқы өз аяғымен жыл бойы тебіндеп жайылады.

Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті,шипалы қымызы үшін де өсіріледі.Қымыз- жылқы сүтінен алынатын, қышқыл сүт өнімі, халқымыздың кәделі сусыны.Қазақ халқы жүздеген жылдар көлемінде қымызды айрықша ыдыстары торсық пен сабада дайындаған.Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді.Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Мысалы: уыз қымыз, бал қымыз, дөнен қымызт.б.Қымыздың шипалық қасиеттеріне елімізде ерекше көңіл бөле бастады.

Жылқы шаруашылығы Атырау Ақтөбе,Қарағанды,Қызылорда,Жамбыл,Алматы,Қостанай облыстарында кеңінен таралған.

Түйе- төрт түліктің төресі.

Түйенің дене тұрқы ірі, оның салмағы 700-800 кг мойыны иір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген.Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Түйенің терісінен аяқ киім тігеді,таспа, қайыс жасаған,ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқылды.Көрпеге салады.Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.Түйенің бірнеше түрі болады. Айыр түйе- қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.Аруана-сыңар, яғни жалғыз өркешті түйе.Аруана айыр түйедкн тгөрі ыстыққа төзімді,сүті де мол, бірақ жүні аз болады.Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлдеқайда жоғары. Шұбат-өкпе,асқазан,ішек ауруларына ем. Шудасы-буын, құяң, бүйрек ауруларына ем.Радиациялық сәулелерді өткізбейтін қорғаныштық қасиеті мол түйе жүні ғарышкерлерімізге қорған болып ғарышты да шарлап жүр.

Түйе шаруашылығы Атырау,Маңғыстау,Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан

Сиырдың сүті- тілінде.

Сиыр малы осыдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген.Қазіргі кезде дүние жүзінде сиырдың 250-ге жуық түрі бар.Ірі қара сиыр қолтұқымдары: Қазақтың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Қырдың қызыл сиыры, Алатау сиыры, Қарала, Әулиеата т.б түрлері өсіріледі.

Ертеде қазақ халқы сиырдың терісінен құдықтан су тартатын ыдыс қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады.Сиырдың тезегін отын ретінде пайдаланды.Сиырдың еті-салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады.Сиырдың сүті несеп ауруларына емОйды ұшқырлайды.Сары май әл ауқатты арттырады.Сиыр шаруашылығы Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған

Қой шаруашылығы.

Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының басты саласы.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар қылшық жүнді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Ол ыстыққа да, суыққа да шыдамды.Қой мен ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды. Кілем тоқылды.Қойдың қолтұқымдары: Еділбай, Бағаналы, Қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Арқар меринос қойы еліміздің Шығыс Қазақстан облысында өсіріледі.Қой шаруашылығы Қазақстанның барлық аймағын қамтыған.

Ү.Сергіту сәті:

ҮІ.Тапсырмалар: Ал,балалар кім төрт түлік туралы тақпақтар  біледі (оқушылардан сұрау)Әр топқа ұпай беріліп отырады.

 Ретімен орналастыр

Жабағы                                       бесті                                       құнан                         тай

            Құлын                    байтал                    жылқы                            дөнежін

   бота                        інген                                  аруана

                               мая                             тайлақ

Мақалдар айтып жарысу

Баспақ                         қашар                                сиыр                       торпақ

             Тайынша                      бұзау                         бұқа                өгіз

Сәйкестендіру

Сиыр                          бота                                             Жылқы                             табан

Қой                             құлын                                         Сиыр                                 отар

Ешкі                           лақ                                               Қой-ешкі                          келе

Жылқы                       қозы                                            Түйе                                  үйір

Түйе                           бұзау

Төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер айту

Кім қандай үн шығарады?

Сиыр                                          Жылқы                                                  Ешкі

Бұ-бұ -бұ                                        ку-ка-ре-ку                                       мө- мө-мө

                  Әтеш                                                            Түйе

              Мә-мә-мә                                                      иһе-иһе-иһе

Картамен жұмыс: Әр мал шаруашылығының дамыған облыстарын картадан көрсету

ҮІІ.Бекіту:

-Төрт түлік малдың бағасы қандай?

 (Жылқы-сәндік,Түйе-байлық ,Сиыр-ақтық,Қой-мырзалық,Ешкі-кедейлік)

-Әр малдың тобын қалай атаған?

( Жылқы тобы- үйір. Сиыр тобы -келе,Түйе тобы – табын. Қой-ешкі тобы-отар.)

-Жегін көліктерді жеккенде, байлағанда пайдаланатын жіптердің атаулары қалай аталады?

( Түйеде- мұрындық,Жылқыда-ноқта.Сиырда-басжіп.Қойда, ешкіде-көген.)

ҮІІІ.Бағалау

-Ұпайларын санап,жеңімпазда анықтау.Ұпайға қарай бағалау

ІХ.Үйге тапсырма беру:   Оқулықтағы мәтіннің мазмұнын айту,өздері қалаған төрт түлікке бүктеме жасау