Тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін — өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау, тест, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, слайдтар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- Тендер жариялау
- «Алғашқы қадам» (Сатылай кешенді талдау)
4 «Лездік тапсырма» (Сұрақ — жауап)
- «Біліктілік» сайысы (Әр топқа тапсырмалар беру)
- «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
- «Шығармашылық саты» (Тестпен жұмыс жасау)
- «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру)
- Үйге тапсырма
- Қорытындылау, мадақтау, бағалау
Хабарландыру! Білімді жастарға тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Ақжол» білім орталығын ашуға тендер жариялаймыз!!!
Осы тендерге үш топ қатысуға ұсыныс білдірді. Олар: «Трапеция», «Тіктөртбұрыш», «Параллелограмм» топтары.
І бөлім «Алғашқы қадам» (Сатылай кешенді талдау технологиясы)
- Анықтама
- Тану
- Маңызды түйін
- Тіктөртбұрыштың түрлері
- Қасиеттері
- Тіктөртбұрышқа байланысты формулалар
ІІ бөлім. «Лездік тапсырма» (Сұрақ – жауап, Әр сұрақ 10 ұпай)
- Қандай төртбұрыш түрлерін білесің? (тіктөртбұрыш, квадрат, паралелограмм, ромб, трапеция)
- Тіктөртбұрыш дегеніміз не? Оның қасиеттері (Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз. )
- Тіктөртбұрыштың дербес түрі қалай аталады және оның анықтамасы қалай? (Квадрат. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты квадрат деп атаймыз.)
- Тіктөртбұрыштың периметрі дегеніміз не? (Р=2(а+в))
- Тіктөртбұрыштың ауданы дегеніміз не? (S=ав )
ІІІ бөлім. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа жеке –жеке тапсырмалар беру 50 ұпай)
І – топ: «Трапеция» тобына кесте толтыру
Р/с | а | в | S |
1 | 12 м | 9 м | ? |
2 | 1,5 см | ? | 13,5 см 2 |
3 | 6 дм | 6 дм | ? |
4 | ? | 9 мм | 54 мм2 |
5 | 3 м | 6 дм | ? м2 |
ІІ – топ: «Параллелограмм» тобына «Топтастыру стратегиясы»
Тіктөртбұрыш |
4 қабырғасы
4 бұрышы Диагональдары қиылысады
Р=2(а+в)
S=ав
Қарама – қарсы бұрыштары тең Қарама – қарсы қабырғалары параллель
ІІІ – топ: «Тіктөртбұрыш» тобына Венн диаграммасы
Ортақ
4 қабырғасы бар, 4 қабырғасы бар,
4 қабыр 4 бұрышы бар,
4 бұрышы бар , ғасы бар, 4 бұры диагоналдары қиылысады,
Диагоналдары шы бар, диагонал қиылысу нүктесінде
қиылысады, қақ дары қиылысады, қақ бөлінеді,
бөлінеді. қиылысу нүктесінде Қарама қарсы бұрыштары
Диагоналдары тең қақ бөлінеді, қарама- тең, қарама – қарсы
болады . қарсы бұрыштары қабырғалары параллель.
Барлық бұрыштары тік тең,.
ІV бөлім. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
«Трапеция» тобына
№ 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
Р =96 дм, S =540 дм2
Т/к: АВ,ВС
Ш:
Жауабы: 18дм, 30 дм
«Параллелограмм» тобына
№ 216 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
АВ:ВС = 5:7
S =140 дм2
Т/к: АВ; ВС
Ш: АВ = 5х, ВС =7х
S =5х*7х
140 =35 х2, х2 =4 , х = 2 Жауабы: АВ = 10 дм, ВС = 14 дм
«Тіктөртбұрыш» тобына
№ 215 есеп
Бер: АВСД тіктөртбұрыш
S = 80 га = 0,8 км, ВС=2 км
Т/к: Р — ?
Ш: S =АВ ВС
АВ = 0,8:2=0,4( км)
Р =4,8( км) Жауабы: 4,8 км
V бөлім. «Шығармашылық саты» (Әр топ тестпен жұмыс жасайды. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
Тест тапсырмалары:
- Қабырғасы 8 см және 12 см болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз?
А) 100 см 2 Б) 96 см 2 В) 96 м2 Д) 100 м2
- Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм 2, ұзындығы 5 дм. Оның ені неше дециметр.
А) 4 дм Б) 5 дм В) 4,4 дм Д) 4,5 дм
- Қабырғасы 15,7 дм-ге тең квадраттың ауданын есептеңіз?
А) 246,5 дм2 Б) 246 дм2 В) 246,49 дм2 Д) 250 дм2
- Жай фигураның ауданы қандай шама?
А) теріс шама Б) оң шама В) 0 – ге тең шама
- Ауданы 1,69мм 2 болатын квадраттың қабырғасын табыңыз?
А) 13 мм; 13мм Б) 1,3мм; 1,4мм В) 1,3мм; 1,3мм Д) 12 мм; 1,2м
Кілті: 1) б-96см2 2)в-4,4дм 3)в-246,49дм2 4)б-оң шама 5)в-1,3мм, 1,3мм
Сергіту сәті
Математикалық жұмбақтар шешу, мақал – мәтел жалғасын табу
- Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
- Егіз туған қос жүйрек
Жарыса шауып терлейді,
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (Параллель)
- Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (Рационал сандар)
- Екіге қалдықсыз
Бөлінетін сандар (жұп сандар)
- Бір тал кессең
Он тал ек
V І бөлім. «Шешуші сәт» (Сематикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру, Дұрыс жауап 10 ұпай)
- Сематикалық карта
р/с | S | а | Жауаптар | ||||
в=0,25 м | в=6м | в=3 м | в=9 м | в=55 м | |||
1 | 24 м2 | 4 м | + | ||||
2 | 9 м 2 | 3 м | + | ||||
3 | 0,125 м2 | 0,5 м | + | ||||
4 | 3025 м2 | 55 м | + | ||||
5 | 9,36 м2 | 1,04 м | + |
- Сәйкестендіру тесті
Берілген ауданның квадрат метрмен (м2) өрнектелуін ____ көрсет:
155 дм2 856 м2
0,0005 км2 0,0155 м2
8,56 ар 1,55 м2
0,0005 га 0,000856 м 2
155 см2 500 м2
856 мм2 5 м 2
- Төртбұрыштар бар тор көзді анықта
1 | 2 | 3 |
4 | 5 | 6 |
7 | 8 | 9 |
- Қасиеттеріне сәйкес кестеден белгіле
1.Қарама-қарсы қабырғалары параллель | + | + | + | + |
2.Барлық қабырғалары тең. | + | + | ||
3.Қарама-қарсы бұрыштары тең, іргелес бүрыштарының қосындысы 1800 | + | + | + | + |
4.Барлық бұрыштары тік. | + | + | ||
5. Диагоналдары қилысып, қилысу нүктесінде қақ бөлінеді. | + | + | + | + |
6. Диагоналдары тең. | + | + |
Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру.
Үйге тапсырма: 1. Есеп: Тіктөртбұрыштың периметрі 56 см, ал бір қабырғасы келесісінен 6 есе ұзын. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз:
- «Тіктөртбұрыш» тақырыбына байланысты 5 тест тапсырмасын құрып келу
Қорытындылау, мадақтау, бағалау
Соңынан уақыт қалса, сөзжұмбақ шешу.
1Б | и | с | с | е | к | т | р | и | с | а | |||||||
в | |||||||||||||||||
2К | а | т | е | т | |||||||||||||
3М | е | д | и | а | н | а | |||||||||||
4 р | о | м | б | ||||||||||||||
5Т | е | о | р | е | м | а | |||||||||||
т | |||||||||||||||||
- Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле
- Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары
- Үшбұрыштың төбесінен сол төбеге қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді
- Барлық қабырғалары тең параллелограмм
- Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем