Тасбақаның шөбі

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Тасбақаның шөбі

Мақсаты:     Оқушыларға мәтіннің мазмұнына түсінік беру.

Шығармашылыққа баулу.

Балаларға бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге, қорытынды шығаруға машықтандыру.

 

СТО-ға байланысты міндеті:  Тақырыпты зерделей қарап, өмірде қолдана біледі, тәрбиелік мәнін ұғынады.

 

Топтық жұмысқа байланысты міндеттер:

  • Оқушылар өзара бірін-бірі оқытады;
  • Өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады;
  • Өз ойларын шағын, үлкен топтарда ортаға салып, дәлелдеп үйренеді;
  • Топта ұйымдастырған жұмыс нәтижесін көрсете алады.

 

Қолданылатын стратегиялар:

  1. Сезімнен шыққан өлең.
  2. Болжау.
  3. Топтастыру.
  4. Инсерт.
  5. Нобайлау.
  6. Қабырғаға қарап оқу.
  7. Автордың орындығы.
  8. Бес жолды өлең.

 

Қосымша құралдар:  кестелер, жауап парағы, түрлі-түсті қағаздар, портрет.

Өту барысы:

 

  1. Қызығушылықты ояту.

а) Топтарға бөлу. Жыл мезгілдеріне байланысты.

ә) Психологиялық дайындық.

Әр топ жыл мезгілдеріне байланысты бір шумақ ән айтады.

 

I топ: қыс;                                                                       III топ: жаз;

II топ көктем;                                                                  IV топ: күз.

  1. Мағынаны тану.

а) «Сезімнен шыққан өлең» стратегиясы.

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем қандай болады?
  • Көктемді қалай сезінуге болады?
  • Көктемді қалай естуге болады?
  • Көктемнің иісі қандай?
  • Көктемнің дәмі қандай?

Енді осы көктемнің бес қасиетін тірек ете отырып өлең құрастырамыз.

 

Әр топтың оқушыларына өлеңдерін оқыту.

 

  • Балалар, біз бүгін Әбіш Кекілбаевтың «Тасбақаның шөбі» әңгімесімен танысамыз.

ә) «Топтастыру» стратегиясы.

 

1939 жылы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келген.

 

 

 

 

 

 

ақын                            Әбіш Кекілбаев                        жазушы

«Алтын шуақ»                                                      «Бір шөкім бұлт», «Үркер»

өлеңдер жинағы                                                    «Дала балладалары»

роман, повестері

 

қоғам қайраткері

 

 

б) «Болжау» стратегиясы

Осы стратегия арқылы болатын оқиғаны, оқиғаның немен аяқталатыны болжаймыз. Әр азат жолдарға бөліп оқу. Әр азат жол бойынша сұрақтар қойылады, топтағы оқушылар жауап беру керек.

  1. Азат жол: Осы бөлімді оқығанда Сіз қандай сезімде болдыңыз?

Әңгімедегі негізгі ой не болады деп ойлайсыз?

 

  1. Азат жол: Әңгіме не туралы екен?

Ол ойыңызды немен дәлелдейсіз?

 

  1. Азат жол: Осы оқиғаның қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар?

Неге олай ойлайсыз? Осыған дейін оқығандарыңызды шолып, әңгіменің

қалай бітетінін ойлай аласыз ба?

 

  1. Азат жол: Әңгіме Сіз ойлағандай бітті ме?

Оған қандай дәлел бар?

Әңгімедегі негізгі ой не деп ойлайсыз?

 

  • Қазақ халқында аң, құс, жануарларға байланысты ырым-тиымдар өте көп. Бұл мәтін де ырымға, тиымға байланысты құрылған.

 

в) «Инсерт» стратегиясы арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі.

 

Білемін vЖаңалық +Түсініксіз сөздер?

 

  • Ой толғаныс.

 

а) «Нобайлау» стратегиясы.

— Балалар, сендер өздерің қандай ырым – тиымдарды білесіңдер?

 

Жұппен жұмыс. Әр топқа ырымдар жазылған кесте беріледі.

I топ.  Қарлығаштың ұясын бұзба.

II топ. Малды ноқтасымен ұрма, ноқтасымен сатпа.

III топ. Үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарады.

IV топ. Құмырсқаның илеуін бұзба.

 

ә) «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы.

б) «Автордың орындығы».

Қандай сезімде болдыңдар?

в) «Бес жолды өлең» стратегиясы.

  1. Зат есім.
  2. Сын есім.
  3. Етістік.
  4. Сөйлем.
  5. Синоним.

 

  1. Рефлексия.

 

  • Балалар, бүгінгі сабақта Сіздерге не ұнады?
  • Сіздер үшін қандай жаңалық болды?
  • Келесі сабақта не үйренгілеріңіз келеді?

 

  1. Үйге тапсырма.

 

Тасбақаның басқа да тіршілігі жайында іздену.

 

  1. Бағалау.

 

Сабақ «Нұрлы көктем» әнімен аяқталады.