Балуан (Естелік) Ә. Қоңыратбаев

Сабақтың тақырыбы: Балуан (Естелік) Ә. Қоңыратбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Оқушыларды алып өнерімен танылған Қажымұқан атаның өмірімен  таныстыру.

Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту. Өзіндік ой-пікірін еркін айта білуге, топта бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

Тәрбиелік: Қажымұқан атаның бойындағы ұлтжандылық, елін, жерін сүю, қайырымдылық сияқты қасиеттерінен үлгі алуға тәрбиелеу.

Оқу әдісі: СТО бағдарламасының стратегиялары. (ББҮ кестесі, Джиксо – 1, Аквариум, эссе, венн диаграммасы, ассоциация, 5 жолды өлең).

Көрнекілігі:Ә. Қоңыратбаевтың портреті, Қажымұқанның суреті, әр елдің күрескерлерінің  суреті, күш сынап, тас көтеріп жатқан сәттен суреттер.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың формасы: жеке, топтық

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру

Қажетті құралдар интерактивті тақта, компьютер, интернеттен алынған              мәліметтер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Психологиялық дайындық.
  2. Оқушыларды топтарға бөлу.

ІІ. Жаңа сабақ

Ә. Қоңыратбаевтың «Балуан» деген естелік әңгімесімен танысамыз.

 Интерактивті тақтадан Ә. Қоңыратбаевтың суретін көрсете отырып, автор туралы

мәлімет беру.

1905-1986жж

 

 

 

Қызылорда облысы                                                                     Ғалым

Шиелі ауданы                                                                                      түркітанушы

Керделі ауылы

 

 

 

Филология ғылымының докторы,профессор

 

 

 Ой қозғау

Балуан деп кімді айтамыз?      Қандай балуандарды білесіңдер?

Қызығушылықты ояту

ББҮ кестесін толтыру

Қажымұқан  туралы білетіндерін   кестенің «білемін» бөліміне жазады.

 

БілемінБілгім келедіҮйрендім

 

Енді Қажымұқан туралы  білгілерің келетін сұрақтарды «білгім келеді» бөліміне жазыңдар.

Мағынаны тану

 

Даңқы дүние жүзіне жайылған Қажымұқан атамыздың балуандық өнерінің

сырларымен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс

  1. Мәтіннің төрт бөлігін төрт топ оқиды.Әр топтың оқушылары мәтіннің әр бөлігіне ат қойып,мазмұнын жұпта,топта талдайды.
  2. «Жанұя» тобында мәтін мазмұнын оқу.
  3. «Жұмыс» тобына жиналып, оқыған мәтін бөліктерінен түсінгендерін айтып, бірін – бірі толықтыру.
  4. Мәтінді жұпта, топта талдау.
  5. Әр топтан бір оқушыдан шығып, әңгімелеп түсінгендерін айту.
  6. Сұрақ — жауап арқылы пысықтау.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмысы

Бейхабар – хабарсыз.

  1. Интерактивті тақтамен жұмыс.

Тақтадан Қажымұқанның орасан зор күштің иесі екендігін танытатын суреттер мен қызықты мәліметтер көрсету.

Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан – Қажымұқан Мұнайтпасұлы туралы жазылған естеліктерді оқып танысу.

Оқушылар кестенің «үйрендім» бөлімін толтырады.

 

БілемінБілгім келедіҮйрендім
Қазақтың балуаны күшті

Күреседі

жеңеді

Қандай балуандармен

күресті?

24 елде болған. 48 алтын, күміс медаль алған. Түрік, Ресей, Неміс, Жапон балуандарымен күресті. Өз қаржысына ұшақ сатып алып, жеңіс қорына аударды.

Қажымұқан тасы ескерткіші бар.

 

ІV. Ой толғаныс

Топтық жұмыс

І топтың оқушылары «Күш атасы – Қажымұқан» тақырыбына эссе жазу.

ІІ топтың оқушылары Венн диаграммасын толтыру. Қажымұқан мен Сар – Кекенді салыстыру, ортақ қасиеттерін  жазу.

ІІІ топтың оқушылары «Қажымұқан» деген сөзге топтастыру жасау.

IV топтың  оқушылары  Қажымұқан  туралы бес жолды өлең құрастыру.

VІІ. Қорытынды.

VІІІ. Бағалау

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Қ. Мұңайтпасұлының өмірі туралы мәлімет жазып келу.