Уақыт және оны өлшеу. Сағат (сағ). Минут (мин).

Күні:

Тақырып. Уақыт және оны өлшеу.  Сағат (сағ). Минут (мин).

Мақсат:  Сағат бетіндегі цифрлар  және сызықшалар,  оның тілдері бойынша уақытты анықтайды, сағат пен минут  арасындағы  қатынасты  анықтайды; өзара кері есептерді  шығаруда логикалық  өзара байланысты  анықтайды; топта оқып үйренген  материалды  пайдаланып, оны қолданудың  жобасын  ұсынады.

Ұйымдастыру кезеңі

Ассоциация  картасын  құру.  Үлкен табақ  қағаздың  центріне  мұғалім «Уақыт»   сөзін  жазады.

-Осы сөзді естігенде, сендердің  бастарыңа  қандай ой келеді?

-Неліктен  уақытты үнемдеу  керек?  Уақыт  жайында  қандай  мақалдарды  білесіңдер?

Балалар  ассоциациясы  жазылады.  Барлық  сөздердің  ішінен  мұғалім  сабақта қолданылатын  сөздерді  айшықтап  бөліп  алады.

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты  хабарланады.
  2. Оқулықпен жұмыс.Балалар сендердің алдарыңда сағат тұр, қазір осы сағаттың тілін айналдырғанда, тілі қай санға тоқтаса, сол   тапсырманы орындаймыз.

1-Тапсырма.  Сағат моделін пайдаланып, практикалық (тәжирбелік)  жұмыс жүргізіледі. Материалды жақсы қабылдау үшін  әр оқушыда цифрлар  және сызықшалар,  қозғалмалы  тілдері бар сағат беті болуы тиіс, оны еңбек сабағында  оп- оңай  дайындап  алуға  болады.  Бір сағатқа дейінгі  дәлдікпен  уақытты  анықтауға  оқушы  жаттығады.  Толық  дөңгелекті  минуттық  тіл бір айналып  шықса, 1 сағ=60 мин болатынын түсіндіруі тиіс.

2-тапсырма. Еркін  талқылау  түрінде  ұйымдастырылады  және де 1- тапсырмадағы  практикалық  жұмыстың  жалғасы  болып  табылады.  Мұғалім  оқушылардан  қолдарындағы  сағат  моделін  пайдаланып, қашан  ұйқыдан  тұратынын,  ойнайтынын, демалатынын  және т. с. с. бір сағатқа дейінгі дәлдікпен  көрсетіп  беруді талап  етеді.

3- тапсырма. Жұппен  орындалады.  Оқушылар  жолдасына неліктен  сағат  тілдерінің  осылайша  орналасатынын  түсіндіреді.  Жұмысқа 2-3 мин бөлінеді.  Осыдан кейін қажетті түзетулер  енгізе отырып, мұғалім  оқушылардың  жауаптарын  тыңдайды.

4- тапсырма.  Математикалық  диктант түрінде жүргізіледі.  Осыдан кейін мұғалім жауаптын дұрыс нұсқаларын  іліп қояды және оқушылар өзара тексеруді  орындайды.  Жиі    кездескен қателер  бойынша   мұғалім талдау жүргізуі  керек.

5- тапсырма. Есепті шығару мұғалімнің  басшылығымен  тақтада жүргізіледі.  Бір кері есеп талқыланады    және жазылады.  Екінші кері есепті   оқушыларға өздігінен  жазу  ұсынылады.

Қорытынды:

6- тапсырма.  «Кім жылдам»  жарыс ойыны ұйымдастырылады. Оқушы бір минут   ішінде  жауаптың  нұсқаларын  ғана жазады, жұмысты орындаудың  алдында  мұғалім  шамаларды  қосудың  ерекшелігін  міндетті   түрде  еске салуы  керек.

 

Топпен жұмыс.  «Менің күн режимім»    жобасы  бойынша мұғалім  конкурс  өткізуді ұсынады. Оқушылар жеке  парақ қағазға  жобаларын   жасап, талқылау  үшін  оларды  іліп  қояды.  Келесі сабақта  жобалар бойынша  сұрақтардан және тілектерден  бастауға болады.

Бағалау

Үйге тапсырма. 43-бет,  «Жасыл қоршау».  Мысалдар жеке бағандарға   жазылады, ал сызба түсті  қарындаштармен  орындалады.