зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау

Тақырыбы: Зат есім.

 Мақсаты:  Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау;

оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;

ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері:  ребус, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру:  56-жаттығуда  сөздерден сөйлем құрастыру. Оқушылардан ауызша сұрау, талдау.

ІІІ.  Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу

    ´´´´´´´´´´   ´´´

  1. сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. 58-жаттығудағы мақалдардың мағынасымен жұмыс, зат есімдердің астын сыздырту.

Тау мен тастысубұзар,  (не?)

Адамзаттысөзбұзар.

Қынатасқабітеді,

Білімбасқабітеді. (не?)

ә) дәптерменжұмысКүнретінжазу. Көркемжазу:  ЗзЗзЗәуре

59-жаттығуды оқушылармен тақтаға талдай отырып орындау: Гүл аттары: қалампыр, раушангүл, нарғызгүл, қызғалдақ, Дәрілік өсімдіктер: жалбыз, жолжелкен, түймедағы.

60  -жаттығу өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.  Сұрақтар қою арқылы зат есімді теріп жаздырту. б) Зат есімнің түрлерін еске түсіру. Жалқы есім дегеніміз —  біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Сонымен қатар, жер-су аттары, адамдардың аттары, жануарлардың аттары барлығы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы, Алатау, Балқаш. Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Жалпы есімдер кіші әріптерден басталып жазылады. Мысалы, қыз, қала, құс.61-

-жаттығу мәтінді оқу, жалқы, жалпы есімдерді табу, сұрақ қою. Жалқы есімдер қандай әріптен басталып жазылып тұр? в) сергіту жаттығуы

Ү.Бекіту:  Терме диктанты.  Көкшетау – қазақтың Швейцариясы атанған өлке. Оның табиғаты өте көркем. Көкшетау – Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып-өскен жері. Жалқы есімдерді теріп жазу.

ҮІ. Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІ.  Үйге тапсырма:  62-жаттығу, 21-бет   түсіндіру.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау