Зерде
Сайыс тақырыбы: Зерде
Мақсаты:
— Білімді, жан — жақты болуға жетелеу.
 — Көп білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
 — Ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ойлануға жетелеу.
 — Жарыста озып шығуға талпындыру.
 — Білімді, дарынды болуға тәрбиелеу.
Уа, балалар, балалар
 Бәріне жар салайық
 Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
 Мұнда қызық табылар
 Жұмбақ, есеп бәрі бар
 Ал, сайыскер балалар
 Білімдеріңді сынайық. – деп 2-сыныптар арасындағы “Зерде” білім сайысының жүрісі:
- Ойлан тап
 - Білгенге маржан
 - Сөзжұмбақ
 - Математик
 - Тапқырлық
 
1-айналым. «Ойлан тап». 5 ұпай
2-айналым. «Білгенге маржан» 5 ұпай, ерекше кітап 10 ұпай.
1 кітап: «Әдемі, қызық» сөздері нені білдіреді? (сынын білдіреді)
2 кітап: Тиіннің азығы не? (жаңғақ, бүр, саңырауқұлақ)
3 кітап: «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөзді кімнің шығармасынан жаттадың? (І.Жансүгіров «Күн шыққанда»)
4 кітап: «Ырыс» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? (ырыс-байлық, береке, дәулет)
5 кітап: Ерекше кітап
6 кітап: Екі, жиырма, оныншы қандай сөздер? ( заттың санын білдіреді)
7 кітап: «Құралай» деп ненің төлін атайды? (киіктің)
8 кітап: Долана – ненің аты? (таулы-тасты, өзенді жерлерде жабайы өсетін жемісті ағаш)
9 кітап: «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім? (Қазыбек би)
3-айналым: «Сөзжұмбақ» 7 ұпай
1-сөзжұмбақ
- Бас қала
 - Мақта қыз үй сыпырып жүріп не тауып алады?
 - Жұпар иісті өсімдік
 - Өз атын өзі шақыратын құс
 - Кітап — …. бұлағы
 - Үздік оқушылар алатын баға
 - …. – кеме, білім –теңіз
 
2-сөзжұмбақ
- Күнделікті керек ақпарат
 - Ең әдемі төсеніш
 - Балалардың сүйікті жемісі
 - Сорпаға қосатын ұлттық тағам
 - Оқушының мектептегі орны
 - Әуе көлігі
 - Қаны аз адамға пайдалы, қабығы қатты жеміс
 
3-сөзжұмбақ
- Төрт мезгілдің бірі
 - Уақытты өлшейтін құрал
 - Сүттен дайындалатын тағам
 - Тілі жоқ өзінде
 
Сөзі бар ізінде
- Оқушыға күнде еріп
 
Жүретін не?
- Екі жағы шектелген түзу
 - Қызанақты, қиярды не деп атайды?
 
4-айналым: «Математик» 2 ұпай
5-айналым: «Тапқырлық» 10 ұпай
Қорытынды: Сайысымызда «Жалын» тобы 1 орынды иеленсе, «Қыран» тобы
2 орынды, «Балапан» тобы 3 орынды иеленді. Әр топ мадақтамамен марапатталды.