«Жайлау күні»

 

Тақырыбы: «Жайлау күні»
Мақсаты:Мәтінді оқи отырып уақытты тиімді пайдалану және еңбексүйгіштікке, шыдамды бола білуге үйрену
Күтілетін нәтижеА) Мәтінді өз бетімен оқып түсінеді, өз сөздерімен әңгімелейді

В) Мәтіндегі негізгі ойды тауып, өз ойларын ашық айта алады

С) Өз туған жерінің табиғатын бейнелі сөздерді қолданып сипаттай алады

 

Керекті жабдықтарДидактикалық материалдар, мультимедия, флипчарт, АКТ ,

Үлестірмелі парақшалар

Постер дайындалады.

 

Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
КіріспеАмандасу, сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Шаттық шеңберін құру. Әр оқушы өз көршісіне бір тілек айту.Балалар бүгінгі сабақ сіздердің ойларыңызша қалай өтеді деп ойлайсыңдар? Бүгінгі сабағымызды топқа бөлінуден бастаймыз.Тренинг арқылы топқа бөліну «Суретті тап» 

 

 

Әр оқушының тілегі әр түрлі бірін – бірі қайталамайды. Оқушылар қағаз қиындыларынан гүл құрастыра отырып топқа бөлінеді.

 

 

 

 

 

ТұсаукесерА)Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев туралы мәліметтерін тексеруВ)Менің қиялымдағы ғарыш кемесі С) «Менің ұшқан кезім» қызықты әңгімеӘр деңгейден бір оқушы өз ойын ортаға салады.

 

 

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар өз презентациясын қорғайды, алып келген мәліметтерін оқып, ой бөліседі

«Бағдаршам арқылы» бағалау

Негізгі бөлім1)Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақ тақырыбын ашып алу 2)Жайлау сөзіне топтастыру құрастыру 3) Сыни ойлау «Түртіп алу» «Жайлау күні» мәтінін жеке оқу, 5 мин

4) Жұпта талқылау екі оқушы мәтін бойынша түсінгендерін бір-біріне түсіндіреді,  талдайды

5) Топта талқылау топ мүшелері бір- біріне мәтін мазмұнын түсіндіреді, негізгі ойды анықтайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті «Топ-топ»

 

 

 

4)Топтық жұмыс

«Уақытты үнемді пайдалану» постер жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғары дәрежелі сұрақ:

 

Мәтінді оқи отырып қандай қорытынды жасай аласыздар?

Неліктен?

1.      Үй үстінде ұсақ тас

2.      Дөңгеленіп өседі,

Желге еріп көшеді.

3.      Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

4.      Қанаты жоқ ұшпайды,

Су астында қыстайды.

5.      Күнде оған қараймын.

Қара шашты тараймын.

6.      Мұрныңа төніп тұр,

Бірақ ұстай алмайсың.

Жұмбақтар арқылы сабақ тақырыбын шығарып алды. «Жайлау»

 

Әр оқушы өз бетімен мәтінді оқып шығады. Уақыт аяқталған соң жұпта талқылайды. Жұпта талқылап болған соң топта мәтіндегі негізгі ойды анықтап, бір оқушы өз тобы бойынша әңгімелейді, қорғайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

 

Әуен ырғағымен барлығы сергіту жаттығуын жасайды

 

 

Топтық жұмыс кезеңінде ізденімпаздыққа үйренеді,ойлау қабілеті артады, зерттеу әдісін меңгереді, өз-өздеріне сенімдері артады,топта ақылға қонымды мәлімет ұсынады, айтқандарын дәлелдейді.

 

«Бағдаршам» оқушылар әр топ көшбасшыларын бағалайды.

 

Оқушылар топта жұмыстанады,ортақ проблема арқылы бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылап, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады, постерлерін қорғайды

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау

Қорытынды «Біз жас ақындармыз» талантты оқушыларға тапсырма, жайлауда тақырыбына өлең құрастыру,А)деңгейіндегі оқушыларға «Сөздер банкісі» ресурспен жұмыстану,В)деңгейіндегі оқушыларға «Бес жолды өлең» құрастыру.Үйге А,В деңгейіндегі оқушыларға «Кейіпкерге хат» жазу, С)Талантты, дарынды оқушыларға , мәтін мазмұны бойынша шиырма мультфильм құрастыру. 

Ойлануға 5минут уақыт беріледі.Әр топтан бір-бір оқушыны тыңдау,

 

«Басбармақ» ишараты арқылы бағалау.

Сабақтың талдауы
Сабақ бойынша өзгертулер