Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар
Мақсаты:
Білімділігі: Жаңа сабақты түсіндіру, дауысты дыбыс түрлерін ажыратуды бекіту, кейбір сөздердің дыбысталуында сөз мағынасын өзгертетін дыбыстарға назар аударту.
Дамытушылығы: Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, жақсылыққа, сауаттылыққа, әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
Түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: ой – қозғау, ассоциация құру, ой – толғаныс, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- 1. Оқулық, дәптерлерін дайындау.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сұрақтар арқылы:
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Сөздік жұмыс
54 – жаттығу
Сөздерді салыстырып оқы.
ал — әл от — өт ыс – іс ұн – үн
сан – сән тос – төс тыс – тіс тұс – түс
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды ата.
Олардың дыбысталуына назар аудар.
Сөздердің мағынасын қалай түсінгеніңді айт.
Ереже.
А — ә, о — ө, ұ – ү, ы – і – жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
- Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
- V. Қызығушылығын ояту
РЕБУС
55 — жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Отан
Отан – атам,
Отан — әкем!
Осы сөзім қате ме екен?!
Қате болса,
Неге біздер
Дейміз оны: “Атамекен?!”
Отан — әжем,
Отан – анам!
“Туған ел” — деп,
“Туған жер!” деп,
Ол бекерге аталмаған…
Атам,
Әжем,
Әкем,
Анам –
Төртеуі де Отан маған.
Төртеуі де: “Ботам”, — дейді.
“Ер азамат атан!” – дейді.
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма “Ботамын!” мен.
Жарасқан Әбдірашев
VІ. АССОЦИАЦИЯ
VІІ. Дәптермен жұмыс.
56 – жаттығу.
Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып сөйлемдерді көшіріп жаз.
- …сел – үздік оқушы.
- Д…рігер ауруды емдейді.
- Марат …скерден келді.
Ә қандай дыбыс?
VІІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сабақты қорытайық.
(оқушыларды бағалау)
ІХ. Үйге тапсырма.
57 – жаттығу.