Сәбит Мұқанов КӨКШЕНІҢ КӨРІНІСІ

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов    КӨКШЕНІҢ КӨРІНІСІ

Сабақтың мақсаты:

    Білімділік:  Сәбит Мұқанов  жайлы  мәліметтерді тыңдай отырып,  жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу,  мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,  талдай білуге үйрету.

Дамытушылық:  Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше зерттеу, талдау жұмыстарына машықтанып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына жол ашу.

    Тәрбиелік:  Болашақта  өзіндік  көзқарасы  толық  қалыптасқан,  дүниетанымы  кең,  білім,  білік  дағдысы  жоғары,  шығармашылық  бағытта  өз  бетімен  жұмыс  жасай  алатын  , біліктілігі, танымы, мәдениеті, төзімділігі  жоғары, табиғаттың жанашыры болатын жас  жеткіншекті  тәрбиелеу.

Міндеті: оқушылар мәтінді талдайды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой

қосады.

Өзекті мәселе: оқушылардың мәдениетті тілмен нақты, дәлелді сөйлеуін

қалыптастыру.

Типі:  жаңа сабақ.

Түрі: іздендіру.

Көрнекілігі:  тақырыпқа байланысты суреттер, ақындардың суреттері,кітап

                      көрмесі, бейнетаспа, үнтаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:  

І. Ұйымдастыру кезеңі  

Слайд 1.

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біздің сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Ендеше өзіміздің білімімізді жақсы жақтарынан көрсете білейік.

  1. Кезекшінің жауабын тыңдау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Слайд 2.            Әуелбек Қоңыратбаев. Киіктің айласы

 

  1. Мәтінді бөліктер арқылы мазмұндау

— Аң мен жануарлардың өз жауларынан қорғанатын қаруы.

— Киіктердің суатқа келуі.

— Қасқырлардың шабуылы.

— Текенің айласы.

— Дала еркесі – Ақбөкен.

Слайд 3.          

  1. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың шығармашылық жұмысы

«Қасқырлар» — Сыздыкова Мадина

«Киіктер» — Кеңесова Әсел

Слайд 2.          

  1. Үй жұмысына қорытынды жасау.

Кластер құру

жыртқыш                                                    момын

 

азулы             қасқыр        тісі                   жүйрік         киік         табиғат көркі

 

ет жейді                                                 шөп жейді

Ақбөкендердің сан жағынан басымы –Бетпақдала — Арыс тобы.

Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды,  Ақтөбе,  Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының елсіз жазықтары. Киіктер мамонт дәуірінен бергі келе жатқан ежелгі жануарлар.Бұл әсем жануарлар қазіргі уақытта жойылып кету қаупінде тұр Себебі, браконерлер өз пайдасы үшін, яғни мүйізінен дәрі жасау мақсатында оларды аяусыз қыруда. Сондықтан даланың ерке жануары-киік құрып кетпеуі үшін, қазіргі таңда біраз жұмыстар іске асырылуда.

 Табиғаттың қатал заңы:     Күштілер әлсіздерді жеңеді;

Бұл да табиғаттың заңы:  Күш біріктірмесе әлсіздер дүниеден құрып кетер еді.

  1. Оқушылардың бірлік тақырыбына дайындап келген мақалдарына талдау жасау:

Күш-бірлікте.

Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді.

Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер.

Ұйымдасқан ұтады.

Байлық байлық емес, бірлік-байлық.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік!

ІІІ. Жаңа сабақ

Слайд 3.  

        

  1. -Оқушылар , сендер қандай ақын-жазушыларды білесіңдер?

-Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?

-Бүгін сендер аса көрнекті жазушы-Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің көрінісі» тақырыбындағы  мәтінін оқып танысамыз.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Слайд 4.  

  1. Дәптермен жұмыс Бүгінгі күнді жазу . Сабақтың тақырыбын жазу.
  2. С.Мұқановтың суретімен таныстыру

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) — қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған.

Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген. 14-15 жасынан өлең-жырды ауызша да, жазып та шығара бастайды.Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады.

Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең,  20-ға тарта поэма,  бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, 10-нан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.

 

 

 

 

1.Қазақстан пошталық маркасы, 2000 жыл

2.Алматы қаласында Сәбит Мұқановқа арналған ескерткіш

3.100 жылдығына орай шығарылған күміс теңге, 2000 жыл

Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан талантты шығармаларының бірі. «Сұлушаш» поэмасы, «Ботагөз» поэмасы .
5. С.Мұқановқа арналған көрмемен таныстыру.

Слайд 5.             Көкшетау

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Көкшетау туралы түсінік беру

Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды-көлді тау. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м).

Демалыс орындары

«Көкшетау ұлттық табиғи саябағы»,  “Бурабай” курорты,  “Оқжетпес”, “Щучинск” санаторийлері,  “Жеке Батыр”,  “Голубой Залив”, т.б. демалыс үйлері, оқушылар лагерлері орналасқан.

Ұлттық саябақтың  өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі. Жануарларды аулауға тыйым салынған. Мұнда биотехникалық жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм жақсы дамыған. Туристер шет елдерден де келіп осы жерлерде дем алады.

   Оқулықпен жұмыс

  1. Көкшенің көрінісі – үнтаспадан тыңдау.

Слайд 6.   — Сөздік жұмысы:

Гауһар— асыл тас

Селеу – шөптің аты

Көкорай шалғын – жайқалып өскен қалың шөп

Құз – биік жартас

Сағым – алыстағы көрініс, елес

  1. Мәтінді тізбекпен оқушыларға оқыту.

Слайд 7.4.Сұрақ-жауап жұмысы  «Гүл таңдау» ойыны

(ер балаларға арналған)

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр? (8 наурыз)

Ендеше қыздарымызға гүд сыйлайық.

Жауқазын гүлі.  Алғаш рет күркіреп,

Ағыл-тегіл жауса күн.

Қырға шығар дүркіреп,

Көктем басы-жауқазын

Сұрағы:   Жазушы Көкшені не нәрселерге теңейді?

Бәйшешек гүлі.   Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Сұрағы:  Жазушының Көкшеге деген сағынышын тауып оқы.

Раушан гүлі.   Гүлдердің патшасы. Ең ерекше мерекелерге

сыйлық ретінде құрметтеледі.   Атақты екі әнші Роза

апаларымыздың есімдері де осы  гүлдердің атымен аталады.

Сұрағы:   Көкшенің көркін өте көркем етіп тұрған жерлерін мәтіннен              тауып оқы.

ІV. Көкшетау туралы қосымша мағлұматтар

Слайд 8.  «Табиғат — поэзияның қайнар көзі»

Мұғалім:  — Сонымен қатар бұл көкше жерін С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Қ.Аманжолов  ақындарымыз да жырға қосқан. Осы тақырып бойынша біздің озат оқушыларымыздың дайындап келген шығармашылық жұмыстарына назар аударайық:

  1. С.Сейфуллин. «Көкшетау» — дайындаған Жайлауова Мерей — Слайд 9.

Слайд 10. Көкшетау — Қазақстанның Швейцариясы атанған өлке.

Поэзия минуты

Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі таңғажайып әндер мен поэтикалық аңыздар өлкесі Бурабай деп аталады. Бурабайдың әр тасы, ормандағы әр соқпағы аңыз арқауы болған.

Слайд 11.       Бурабай

   Ертеде қос өркешті аппақ әдемі түйе болыпты. Өзі жуас болған екен, тек жұт немесе соғыс бола қалса, бура өзгеріп шыға келеді екен. Күндей күркіреп буырқанғанда, тау сілкініп, дала сілтідей тына қалады екен. Мұны естіген жұрт жедел жиналып, жаудың бетін қайтаруға, туған жерін қасіреттен аман сақтап қалуға аттанады екен. Бір күні Қасым хан осы түйені кезіктіріп садақпен атып салады екен. Бура шипалы судан бір ұрттау үшін көлге қарай ыңырана жөнеледі. Бірақ әл-дәрмені жетпей, тасқа айналып, сол жерде тау болып қалады деседі.

Тағы бір ақбас бура –емес атан,

Жүріпті Көкшетауды қылып Отан.

Тағы екен жанға ұстатпай жүрген қашып,

Күркіреп тұрады екен көбік шашып.

Бір көлді мекен қылып күнде келіп,

Су ішіп кетеді екен алшаң басып.

Ақ бура көп жыл тауды қылған мекен,

Бір үлкен іс боларды сезеді екен.

Ол істі елге айтқандай маңайдағы,

Бақсыдай тауды азынап кезеді екен.

Шабысып ел бірін-бірі қуар болса,

Не өлмек, не бір батыр туар болса,

Немесе бір апатқа ел ұшырап,

Кәрі-жас бетін жаспен жуар болса,

Бақсыдай Бура азынап жүреді екен,

Мал шулап, иттер ұлып үреді екен.

Слайд 12.    Жеке батыр

 Алыстан көз салсаң, қалың тоғай арасында ұйықтап жатқан алыпты көргендей боласың. Иә, бұл ұйқы құшағындағы алып  батыр тауы.Аңыз бойынша, баяғы заманда атақты Жеке батыр күзетте тұрып қалғып кеткен екен. Оны таң шапағы да, шыңдардың тарс-күрс еткен қопарылысы да оята алмаған.Күні бүгінге дейін сол алып тау болып ұйықтаған қалпы жатыр.

Болыпты баяғыда жеке батыр

Тау бағып жатады екен тігіп шатыр.

Бір күні қарауылда қалғып кетіп,

Сол батыр бүгінгіше ұйықтап жатыр.

Сол батыр осы күні бір үлкен тау,

«Ұйықтаған батыр» дейді таудың атын.

Батырдың қырыққа таяу келген жасы,

Денесі биік жота, таудай басы.

Сақалы төсін жапқан, қыр мұрынды,

Киюлі баста жатыр дулығасы.

Слайд 13.    Оқжетпес

   17 ғасырда осы өңірде жүрген кезінде Абылаймен рулас қазақтар қалмақтарды жеңіп, мол олжаға ие болған екен. Қалмақтың ару қызын бөлісе алмапты. Сонда қыз кімнің жебесі орамалымды тесіп өтеді, сол менің ерім болады деген екен. Ешкімнің оғы ол таудың басында тұрған қызға жетпеген екен.

Слайд 14.    Жұмбақтас

Пішіні пирамидатәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда:17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.

V.Қорытынды

Слайд 15.    1. Тірек сызба арқылы сабақты қорыту

 

 

                                               табиғаты сұлу

 

ауасы таза

 

орманды, тоғайлы

көлдері шипалы

Оқжетпес   Жұмбақтас    Жеке батыр

Слайд 15.    Табиғат өн бойы ою-өрнекке толы шынайы шеберхана, әсем ән мен салтанатты сәннің ортаймас ордасы

 – Ендеше, құрметті қонақтар және оқушылар !  С.Сейфуллиннің «Көкшетау» әнін қабыл алыңыздар

Слайд 17.        Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтай отырып,

білімдерін бағалау.

VІ. Үйге тапсырма

Слайд 18.    Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.

«Көкшетау» тақырыбына жинақ жасау

( суреттері, тақпақтар, Көкшетау туралы әндер)