Қанабек Байсейітовтің «Күләш»әңгімесімен таныстыру

Бүгінгі сабақ ерекше сабақ.Өйткені ,қонақтар келіп отыр.

I.Психологиялық дайындық.

Сабақты бастамастан бұрын бәріміз бір-бірімізге тілек айтайық.

Жаңа сабақтың мақсаты:

1.Қанабек Байсейітовтің «Күләш»әңгімесімен таныстыру. Негізгі ойын,идеясын ашу.

2.Ой-өрістерін арттыру,сөздік қорларын молайту,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Білімділікке,өнерлі болуға баулу.

 

Сабақтың түрі:аралас,музыка пәнімен байланыстыру.

Сабақтың барысы:түсіндіру,мәтінді зерттеу картасымен жұмыс істеу.

Көрнекіліктер:Күләш апайдың бірнеше суреттері,спортшы баланың суреті,

тірек сызба,мақал-мәтелдер.

 

II.Үй жұмысына көңіл бөлу:1.Екі,үш оқушыдан мазмұнын сұрау.

2.Тақтада спортшы баланың қолынан сұрақтар-

ға жауап беру.

3.Қажымұқанға іздену жұмысын сұрау.

 

III.Жаңа сабақ:Балалар ,сонымен Қажымұқан қандай өнермен шұғылданған

екен ?Онда өнерге не жатады;тағы қандай турлері бар.

Өнерге-би,ән,жыр,күй жатады.

Олай болса,әнді кім айтады,күйді кім тартады т.б.

 

1Қанабек Байсейітов туралы айту.

2Күләш есімді кімді білесіңдер?

3Мәтінді оқушылар тізбектей оқиды.

4Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс істеу.

5.Күләш апамызға толық түсінік беру.

 

Қанабек Байсейітов-1905-1979ж Алматы обл,Қаратал ауд, туған.Қазақ музыка театрының негізін салушылардың бірі ,әнші,актер,драматург,опера,

режиссері. «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» т.б. операларда басты рөлдерде

ойнаған.Көптеген киноларға түскен.

 

Күләштің толық есімі-Гүлбаhрам Жасынқызы Бейісова.Өнер биігіне ерте көтеріліп 22 жасында Қаз. Еңбегі сінген әртісі,1936ж КСРО халық әртісі

атағын алды.Ел өміріне ,қоғамдық іске белсене араласқан ,депутат,қоғам

қайраткер биігіне көтерілді.

Әншілік өнер оған белгілі әнші болған әкесінен дарыған деседі.Күләштің Зибажан анасымен ,сіңілісі Райхан болды,бірақ ол қайтыс болады.Сосын

анасы,жолдасы Қанабек үшеуі тұрады.

 

Күләштің үш баласы болады.Қарлыға мен Алданнан айырылып қалады,қат-

ты қайғырады.Құралай деген қызымен қалады.

Мәскеуге онкүндікке барады.Күләштің кинода,киножурналда,таспа жазба-

ларда сақталған үні тыңдаушысын әлі де сүйіндіреді.Күләш өнерде тыңнан

жол салғандар қатарында,ал қазақ қыздары арасында кезінде дара шыққан

жұлдыз болған.

 

IV.Дәптермен жұмыс.

 

1.түсініксіз сөздер:Арқасы бар екен-құдіретібар,ерекше күші ,қасиеті бар.

Аруағы көтеріліп кетеді екен-желікті,көтерілді,қозды.

 

2.әндердің аттарын жазу.

 

 

V.Сергіту сәті: «Гәкку»әнін айту.

 

 

VI.Мәтінді зерттеу картасы. (оқулықпен жұмыс істеу)

 

 

VII.Күләш-кім? (тірек сызбамен)көрсету.

 

 

VIII.Жалпы сабақты қорытындылау:

НЕ БЕЛЕМІН? НЕ БІЛДІМ? НЕ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?-ауызша.

 

 

IX.Бағалау. Балалар, Қажымұқандай балуан,Дина апамыздай күйші,

Шара апайымыздай әйгілі биші,Күләш апамыздай әнші болуға,

он саусақтарынан тамған өнерлі бала,білімді бала болуларына

тілектеспін.

X.Үйге:іздену жұмысы,оқу,мазмұны.