Жол апатын болдырмаудың алдын алу!
Сабақтың тақырыбы: Жол апатын болдырмаудың алдын алу!
Мақсаты: Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту. Жағдаяттар тудыру, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең арқылы ойларын дамыту. Жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті, транспорт модельдері, жол белгілері.
Жүру барысы:
1-оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар басқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да барар жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.
1-оқушы: Көшенің екіншібетіне өту үшін, арнайы өткіден өту керек. Ал, қалалық жерлерде аспалы жерлерден, жер асты жолымен өтеді.
2-оқушы: Көшеде келе жатып, қақпадан шығып жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. Машина есігін ашып қалуы мүмкін.
3-оқушы: Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
Мұғалім: Жиекжол деген не?
Оқушылар: (бірге) Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Мұғалім: Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?
Оқушылар: (бірге) Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.
5-оқушы: Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Өт бірақ, тар ғой;
Шықпа жолға таяу.
Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Оқушылар: (бірге) Бағдаршам.
6-оқушы: Бағдаршам аты,
Көп көзді батыр.
Ток болғанмен заты,
Өзіңде көп ақыл.
7-оқушы: Бағдаршам — өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
8-оқушы: Көреген дәу қырағы
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әрдайым
Ашса кезек үш көзін –
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Мұғалім: «Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)
9-оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Мұғалім: (Бағдаршамның сары көзін көрсетеді)
10-оқушы: Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта,
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Мұғалім: (Бағдаршамның жасыл көзін көрсетеді)
11-оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық,
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ сасып.
Мұғалім: Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Оқушылар: (бірге) Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.
Оқушы: Бес жас емес, он төрт,
Болсаң-дағы кетпе.
Жолға шығып дәндеп,
Велосипед теппе.
Мұғалім: Трамвай, автобус, машина артына жабысуға бола ма?
Оқушылар: Транспорттың артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.
12-оқушы: Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.
13-оқушы: Аялдама тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
14-оқушы: Көшеден өтерде әуелі сол жағына көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.
«Бағдаршам» әні хормен орындалады.