Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі:

 Сөз таптары оның ішінде сан есім туралы білімдерін тереңдете

 отырып,сан есімнің турлері туралы тусінік беру;

  1. Дамытушылығы:

 Сөйлем ішінен сан есімді тауып,оған дұрыс сұрақ қоя білу,ауызша

 және жазбаша байланыстырып,сөйлеу дағдысын,ой-өрісін, тілін дамыту

                                3.Тәрбиелігі:

 Оқушыларды шығармашылыкпен жумыс істеуге уйрету, Ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі:саяхат сабағы

Сабақтың әдісі-тәсілдері:сұрақ-жауап,жеке жұмыс,топпен жумыс

Сабақтың  көрнекілігі:интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі

                         Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын тексеру.

                            Психологиялық дайындық.

Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

                Балалығым,бақытым қазақ-тілім,-дей келе сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және оларды бағалау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

«Сан есім».ережемен таныстыру.

Осыдан кейін оқушыларға «Саяхат»сабағының мақсатын тусіндіремін.

—  Ал,балалар,біз бугін саяхатқа шығамыз. Саяхатта біз сендермен көп нәрселерді көреміз. Түрлі кедергілерге кездесеміз. Солардың бәрін жеңіп,біз бүгін осы сабақта сөз таптарының ішіндегі «Сан есім» еліне жетіп,саяхаттан көңілді оралуымыз керек.

І. Бірінші  бетке келеміз. Ол бекет-«Сөз табы»бекеті. Оның қақпасы жабық,аузында құлып тұр. Оны ашу үшін кілт керек.Кілт қоржынды.Тақтаға шыққан оқушы тапсырманы дұрыс орындаса,үлкен үйге кіру үшін кілтті алады. Оның сыртында сұрақ тапсырма жазылған.(Өткенді пысықтау)

Сөз табы дегеніміз не?

Тілімізде неше сөз табы бар?

ІІ. Екінші бекетке келеміз.Ол-«Зат есім»бекеті. Анықтама дұрыс айтылса,үлкен зәулім үйдің сыртқы есігі ашылады.

-Зат есім дегеніміз не?

Бір сурет бойынша сөйлем құра. Құраған сөйлемдерден зат есімді табамыз. Кіріп келсек жабық 3 бөлме тұр.

ІІІ. Келесі бекет «Етістік»бекеті.

Бұл бекеттің тапсырмасын орындасақ,үш бөлменің біреуінің есігі ашылады.

-Етістік дегеніміз не?

-Оның қандай түрлері бар?(Мыс:дара,күрделі,негізгі,туынды,болымды,болымсыз)

Келесі бекет «Сын есім»бекеті.

Бұл бекеттің тапсырмаларын орындасақ,бөлменің келесі есігі ашылады.

-Сын есім дегеніміз не?

-Оның түрлерін ата.

-Алмұртты сипатта.

 

Соңғы бекет»Сан есім»бекеті.Оқулықпен жұмыс. Балалар,бұл бекетте көптеген қызықтар бар.Әрбірін біз терең білу үшін тапсырмала орындауымыз керек.

         Оқулықпен жұмыс.

    1.Оқулықтың  тапсырмасы

     9-10 жаттығуларды орындау.

-Балалар ,біз біраз демалайық.Сергіту сәті:

1,2,3 бойға жинап күш,

Біз бақытты баламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

 

Дәптермен жұмыс

  1. Дәптердің тапсырмасы.Күннің жадын жазу.Көркем жазу.

Жеті қасиетті сан.

11-14 жаттығулар

  1. Балалар әрі қарай саяхатты жалғастырады.Алдарынан»ақ кептер»ұшып шыға келеді. Аузында тістеген хаты бар.Бір оқушы хатты алып оқиды.»Құрметті жас саяхатшылар, cендер саяхатқа бара жатқан сан есім еліне келемін.Қазір оқулықта берілгне»Кім тапқыр»ойыны.15-жаттығу.

-Міне балалар,біз сендермен»Сан есім»еліне жеттік.

    Сабақты қорытындылау.

Тірек создер бойынша сабақты тиянақтау.

 

Үйге тапсырма:12,13-жаттығулар. Ереже жаттау.

Бағалау.