Есептің мәнді белгісі. («Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)

Тақырыбы: Есептің мәнді белгісі.  («Артық» және «кем» ұғымдарымен байланысты мәтіндерді салыстыру, оның біреуі есеп)

Мақсаты: 1. Бірнеше бірлікке кем және артық санды табуға арналған есеп

жайлы оқушылардың білімін жетілдіру. Есептеу дағдыларын тиянақтау.

  1. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру. Ой-өрісін, тіл байлығын дамыту
  2. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.Достық қарым-қатынасқа баулу.

Көрнекілік:  Дымбілместің суреті, лабиринт т.с.с.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

— Психологиялық дайындық

-Үй жұмысын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Ауызша санау:   Ойын: «Адасқан сандар»

0 ден 10-ға дейін сандар тақтада орындары ауыстырылып ілінеді.

-Балалар, мына сандар адасып қалыпты. Қане бұларды өз орындарына қояйық. Ол үшін 10 бала керек. Әр бала бір сан алып өз орынын табу керек.

0, 1, 2, 3….. 10.

— 10 санын таңбалау үшін неше цифр керек? (екеу)

— Оны қалай атаймыз?   (екі таңбалы сан         )

-Ал, 1, 2, 5 сандарын қалай атауға болады? (бір таңбалы сан)

  1. Дәптермен жұмыс:

а) бүгінгі күнді жазу.

ә) көркем жазу минуты.

  1. Ойындық ситуация:

-Бүгін бізге қонаққа Дымбілмес келді. Ол сендерден көмек сұрауға келіпті. Көмектесеміз ба?

-Дымбілмес мектепке барғысы келеді. Бірақ жол бойы бірнеше кедергі бар екен. Біз бұларды өтуге көмектесейік. Солай ма?

Тақтада лабиринт ілініп тұр. Бір баланы шығарып маркермен бірінші кедергіге дейін сызады.

1 тапсырма: Есепте:

6+2;            5+4;            6+4;            7-2;             5+1;

8-5;             7-4;             6+3;            2+5;            10-5;

1-2 баланы тақтаға шығарып, есептету.

2 тапсырма: 76 бет, № 1 шығару.

-Бірден екі есеп оқылады. Есептерді салыстыру:

-Айырмашылығы неде?  Қайсысы есеп? Неліктен? (Сол жақтағы есеп емес, себебі онда сұрақ жоқ) Оң жақтағы есепті шығару:

Қой – 10

Ешкі — ? 4-еуі кем

Ш: 10-4=6 (е.)

Ж: Қорада 6 ешкі бар.

 

 

 

  1. Серігіту сәті

Алдымнан жел еседі,

Ағаштар тербеледі,

Кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

5.Ойынды жалғастыру.

  1. тапсырма: 3 қатарды жарыстыру. Тақтаға 3 дөңгелек ілу. Оның ішінде 0-10 дейін сандар жазылған. Фломастармен сандарды өсу ретімен жалғастыру. Қай қатар бірінші бітіреді.

4 тапсырма:Есеп шығар:

Арманда 6 кітап бар. Әлияда 3 кітап бар. Барлығы қанша кітап бар? (Бір баланы тақтаға шығарамын)

Арманда – 6 к.

Әлияда – 3 к.

Барлығы – ?

Ш: 6+3=9 (к.)

Ж: Барлығы 9 кітап.

— Өте жақсы. Біз ақырғы кедергіден өттік. Енді Дымбілмес мектепте оқитын болды. Ол сендерге көп рахмет айтып тұр.

 

ІІІ. Қорытынды.

-Біз бүгін сабақта не істедік?

-Сендерге не ұнады?

-Қай тапсырма қиын болды?

-Үйге 76 бет № 2

-Бағалау.