Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы
Математика
Күні: 19.11.13
Сынып: 6 «ғ»
Cабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайту. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды азайту ережелерін есептеулерде пайдалана білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: ойын — сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс
Сабақтың құрал – жабдықтары: ИТ, тест, слайд.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
- Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
 - «Топтастыру стратегиясы»
 
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІV. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
- Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
 - «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
 
VII. «Шешуші сәт.» Тест
VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:
І-кезең. Үй тапсырмасын тексеру:
- Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
 - «Топтастыру стратегиясы»
 
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
V-кезең «Сергіту сәті» (логикалық сұрақтар, жұмбақтар)
VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)
І кезең. 1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
- — 12 + ( — 24 ) — 36
 - Кез-келген теріс сан оң саннан кіші
 - а кез — келген теріс сан нөльден a < 0
 - Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең
 - Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің Сол жағында
 
- «Топтастыру стратегиясы»
 
| Сандардың түрлері | 
| Натурал сандар | 
| Оң сандар | 
| Бүтін сандар | 
| Рационал сандар | 
| Теріс сандар | 
| Қарама-қарсы сандар | 
ІІ-кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
- Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:
 
1-мысал
-18-14=-18+(-14)=-32
2-мысал
4,9- (+6,2) = 4,9+(-6,2)=-1,3
3-мысал
(-5) — (-2 )=-5+2 = — 2
4-мысал
- 2. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:
 
Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?
9-(-5) = 9+5= 14
IІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
№490 (2)
Айырманы табыңдар
(-5,6)-(-5,6)=-5,6+5,6=0
(-2,9)-(-4,3)=-2,9+4,3=1,4
(-9,2)-(-5,3)=-9,2+5,3=-3,9
№496 (2)
 
Координаталық түзудегі АВ, СD, EF, KL кесіндісінің ұзындығын табыңдар:
- А(-7); B(2) б)E(-6); F(-2)
 
AB= 2-(-7)=2+7=9 EF= -2-(-6)=-2+6=4
ә) C(-5); D(1) в)K(-4); L(0)
CD= 1-(-5)=1+5=6 KL= 0-(-4)=0+4=4
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
- Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар
 
 
- — 379 + 948 =
 - — 0,81 + 0,66 =
 - — 7,6 + 19,2 =
 - — 2,6 – (- 1,4) =
 - 3,2 – 6,28 =
 - — 1408,7 + 408 =
 - -817 + 817 =
 - — 13,25 – 11,05 =
 - 569
 - — 0,15
 - 11,6
 - -1,2
 - — 3,08
 - — 1000,7
 - 0
 - — 24,3
 
 
Фламинго
V-кезең. «Сергіту сәті» (логикалық сұрақ, жұмбақ)
Логикалық сұрақтар:
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса,оның салмағы қанша? (3кг)
 - Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
 - Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
 - Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)
 
Жұмбақтар:
- Бүтін сан, бөлшек сандар,
 
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында
(Рационал сандар)
- Нәрселерді санағанда,
 
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)
VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест)
Тест тапсырмалары:
- -29 + 50 =
 
А) 79 Б) 21 В) -21
- 2. -4,3 + 7,5 =
 
А) 11,8 Б) -3,2 В) 3,2
- 3. -1,8 – (-9,5) =
 
А) 7,7 Б) 10,3 В) -8,7
- 3,8 + х = — 2,7
 
А) -6,5 Б) -1,1 В) 0
 
 
- — 11,9 + (-6,7 +11,9)
 
А) 6,7 Б) 5,6 В) -6,7
6.- 9,1 – (7,6 – 9,1)
А) 7,6 Б) -6,7 В) -7,6
 
VII. Қорытындылау; Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: № 491, 496 (1) есептер