Буын үндестігі

Сабақтың тақырыбы:      Буын үндестігі.     19 – 23- жаттығулар

Сабақтың мақсаты    1. Буын үндестігі туралы берілген білімді одан әрі кеңейте түсу,

бекіту; қосымшалардың түбір сөздегі дауысты дыбысқа үнемі

сәйкес болып жалғана бермейтінін байқату.

  1. Сөз мағынасын түсініп, байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын

молайтуға жетелеу;

  1. Сауатты, таза жазуға үйрету.

 

С/көрнекілігі: Кесте, қ/т өзіндік жұмыс дәптері, т/суреттер.

 

кезеңМұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Ұйымдастыру

 

 

 

 

1.    Үй тапсырмасын тексеру

Сөздердің сыңарын екінші бағанадан тауып жазыңдар:  Құлақпен      көрген        төрге        болыпты         асқар           бұлағы

Көзбен         жерде             қаза         салу                ағар              қанаты

Елсіз             естіген         сурет          отыру             оң                  тау

 

II   Жаңа тақырып

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру бойынша тапсырмалар

   2. Түбір сөзге тиісті  қосымшаны жалғап айт.

 

Құрылыс…                  -ге

Аң…                             -тер

Көбелек…                    -шылар

Газет…                         -хана

Кітап…                        -дер

Мұғалім…                   -пен

III  кезең

Деңгейлік тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

I  деңгей

19–жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. Түбір сөздің соңғы буынындағы және қосымшадағы дауысты дыбыстар бір-бірімен үндесіп тұрғанын түсіндір.

II деңгей

20-жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз. Жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын – бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі рет сыз. Қосымшалардың бірде жуан, бірде жіңішке жалғану себебін түсіндір.

21-жаттығу.Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылшған сөздерді сөз құрамына талда.

                                                    III  деңгей

22-жаттығу.Сөздерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

 

 

Сабақты қорытындылау.    1. Топтық жұмыс:

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып айт.

Ақыл – жас… , асыл – тас… .

Күлме дос…, келер бас… .

Өнерлі…  қолы алтын,

Өлеңші… сөзі  алтын.

Үйге: 23-жат.. Б/бағалау.