Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»

Ана тілі    4 — сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Қайрат Жұмағалиев  «Мен соғысты жек көрем»

 

Білімділік мақсаты: «Мен соғысты жек көрем» өлеңі арқылы түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру, өлең мазмұнын ашу;

 

Дамытушылық мақсаты: өлеңнің негізгі ойын анықтап, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілеттерін дамыту

 

Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметпен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.

 

Көрнекілігі:   Батырлардың суреттері, соғыс суреті

 

Сабақ түрі: Танымдық – ізденіс сабақ

 

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

 

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушы назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өткені бүгін қонақтарды қарсы аламыз. Қазақ халқы қонаққа бар жақсысын ұсынған. Ал біздің ұсынатынымыз – біліміміз.

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысына «Мен зерттеушімін айдарымен топқа Ұлы Отан соғысы батырлары жайлы зерттеу жұмысын дайындау тапсырылған

Қазір осы зерттеу жұмыстарды топтан   оқушы ұсынады.

 

1 топ

Бауыржан Момышұлы

2 топ

Әлия Модағұлова

3 топ

Мәншүк Маметова

4 топ

Бақтыораз Бейсекбаев

Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. 1921 жылы Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатына оқуға түседі. 1928 жылы оны бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан.

Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Ол  1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынады. Онда жүріп взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ұлы Отан соғысы басталысымен жерлесіміз генерал Панфиловпен бірге 316-атқыштар дивизиясын жасақтап майданға аттанды. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған ұрыстарға қатысып, ерлік істер жасады. Әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады.  Мәскеу түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізген. 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында да жазылған.

1955 жылы қаруын қаламға айырбастап азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне көтерілді.

Соғыстан кейін Кеңес Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады.

 

 

Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры.

 

1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.

Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады.

1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауыңгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұла дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты.

Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді- жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.

 

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова

Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды.  Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. 1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата  деген кішкентай станцияға көшіп барды.  Нағашысы Түркістан –Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды.

Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды.

Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген.

Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті.

1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды.

1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды.

1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды.

Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың

4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Бақтыораз Бейсекбаев

 

Жиделі ауылының түлегі Бақтыораз Бейсекбаев 1920 жылы туған. Төрт жасында жетім қалады. 1926 -1928 жылдары  бұл өңірде қатты ашаршылық болады. Сол жылдары Іле өзені бойымен жетім балаларды жинауға баржа келіп, Бақтыоразды алып кетеді. Алматыдағы №12 мектепті бітіріп 17 жасында ауылға оралған Бақтыораз орысшаға жетік білген. 1937 жылы Құйғанда аудармашы болып жұмыс істейді

1938 жылы 26 маусымда неміс –фашист басқыншыларына қарсы соғыста асқан ерлікпен қаза тапты

1992 ж. Б.Бейсекбаевқа “Ресей батыры” деген атақ берілді.

1998 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен  Халық Қаһарманы атағы берілді.

Бойында патриоттық сезімнің ұшқыны бар сіздер сияқты ұрпақтары, жүректеріңізді жарып шыққан сөздеріңізді жеткізіп Жеңіс туын желбіреткен батырлар туралы мәлімет жинадыңыздар. Үй жұмысына жақсы дайындалып келіпсіңдер

 

 

 ІІІ. Жаңа сабақ

Барлықтарыңыз  сөздеріңізді «Мен соғысты жек көрем» айдарымен аяқтауларың бекерден емес. Өйткені  бүгінгі сабағымызда Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем» өлеңімен танысамыз

а) өлеңді мәнерлеп оқу

ә) сөздік жұмысы

ә) 2 оқушыға мәнерлетіп оқыту

б) Автор туралы дерек

в) сұрақтармен жұмыс

 

Жер шары балаларының тілегі не?

Өлеңді қалай берілген?

 

ІV. Балалардың арманы

 

  1. Поэзия сәті

 

I топ:

 

 Сіз жасаған соғыстағы,

_____________  ұлы ғой.

Бастан кешкен ғұмырыңыз,

______________  толы ғой.

 

ІІІ топ:

Қайсар қызы қазағымның,

_____________________.

Жүрек жұтқан батыр едің,

_____________________.

 

 

ІІ топ:

Салып кеткен сара жолың,

_____________ бастайды.

Бізге арнап айтқан сөзің,

_____________ қалады.

 

 

IV топ:

Сарғая күткен ұлы күн,

__________ төккен күн.

Бағына талай баланың,

__________ Жеңіс Күн

 

VІ. Сабақты қорытындылау 

 

Балардың тілегі

Жау жағадан алмасын!

Ана баласын жоқтамасын!

Бала әкесіз қалмасын!

Сәбилердің ұйқысы бұзылмасын!

Жер ана күңіреніп күрсінбесін!

Соғыс енді болмасын!

 

 

Үйге тапсырма: Бейбітшілік, достық тақырыбына әңгіме немесе өлең құрастыр