Менің Отаным – Қазақстан!

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Қарашоқы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Атантаева Назгуль Талгатовна

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан!»

Мақсаты: Жолдау, Отан туралы білімдерін кеңейту, еліміздің жері, тарихы, салт — дәстүрі, пайдалы қазбалары жөнінде ұғымдарын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Отан сүйгіштікке, оны қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдістері: Сұрақ — жауап, түсіндіру, дәлелдеу, сипаттау.
Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаев портреті, сөз жұмбақ, әр түрлі суреттер, Қазақстан картасы.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    Мұғалім сөзі: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Менің Отаным — Қазақстан». Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Мұқағали жырлағандай, Отансыз адам нағыз бақытсыз жан. Ал біз қазақ елі басымызға бақ қонған халықпыз деп айта аламыз. Өйткені тәуелсіз елміз, өзіміздің мемілекеттік рәміздеріміз, тіліміз, тарихымыз, салт — дәстүріміз бар. Қазақстан жері өте кең, табиғаты да керемет. «Отан» деген сөзді күнде естіп жүрміз. Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, жақындарымен бірге тұратын адамдардың атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың «Отаны» — Қазақстан Республикасы. Бірнеше кен, байлықтарымыз да жеткілікті. Қазақстан Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Әзербайжан Ресеймен шектесіп жатыр. 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды. Астана – Қазақстанның бас қаласы. Ата – бабамыз аңсаған сол тәуелсіздікті алғанымызға 24 жыл толғалы отыр.
  2. Қазақстан халқы Ассамблеясында мемлекетіміздің тұңғыш
    президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауы:

Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтой­лық 20 сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағ­дыр» деп атауымыздың астарында үлкен мән бар.
Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ да­ла­­сына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ бір­тұтас халыққа айналды. Бір­лігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол бол­мақ. Осыны халқымыз бек түсініп, бірлігіне бекем болды. Ел иесі – қазақ халқы да ешкімге шетқақ­пай­лық көрсеткен жоқ. Ұлтына, тілі мен діліне қарамай барша этнос өкілдерінің теңдігін Ата Заңымызда айқындап алдық.
Табысқа тоқмейілсіп, тоқырап қалмай, алыс болашағымыздың темірқазығы – «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын қабылдадық.

  1. Олай болса сөз жұмбақты шешейік.
  2. ……. ошақ қасы. (Отбасы)
  3. Рәміз. (Елтаңба)
  4. Ұлтымыз (Қазақ)
    4. Ең қымбат жан (Ана)

О т б а с ы

Е л т а ң б а

Қ а з а қ

А н а

  1. Ой шақыру.
    Сонымен Отан деген сөзді біз қалай түсіндік. Өз ойларын айту.
    Мұғалім сөзі: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,  азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,- деген Елбасы. Балалар, сендер жаңа ғасыр ұрпағысыңдар, егеменді еліміздің ертеңісіндер.
  2. Картамен жұмыс. Қазақстан мемлекетімен шекаралас елдер: Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай.
    Бүгінгі таңда Қазақстан осы елдердің барлығымен достық қарым — қатынаста. Осы елдерді картадан іздеп көрелік. Қазақстан ұлан байтақ жері бар, пайдалы қазбаларға бай мемлекеттің бірі. Он төрт облысы бар.
    3. Сұрақ – жауап.
    1. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
    2. Астанасы?
    3. Ұлтымыз ?
    4. Өзің білетін пайдалы қазбаларды ата.
  3. Еліміздің рәміздерін ата?
  4. Мемлекеттік тіліміз?
    7. Отанымыз?
    Қорытынды.

Елбасы: Қазақстанның әрбір азаматы айқын перспективалар, болашағына сенімділік, кәсіби өсу үшін барлық мүмкіндіктерге ие болады –деген. Сендер еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыңдар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарың деп санаймын. Сондықтан сендердің алдарыңда үлкен жауапкершілік тұр.
5. Жүректен жүрекке.

Балалар Отанға деген өз ризашылықтарын білдіреді.

Үйге тапсырма: «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына сурет салу.