Мейірім шапағаты мол жан

Мейірім шапағаты мол жан

Қызым бала жастан аурушаң болды. Бауыр еті баламның шыбын жанына шипа іздеп, түрлі дәрігер- мамандарға, қала берді емші- балгерлерге апардым. Бірақ балама ешқандай ем қона қоймады.

Міне, осындай баламның ауруына ем іздеп сандалып, қиналып жүрген кезде маған тура жол сілтеп, қызымның  дертіне дауа, жанына шипа бола білген жан- Тайпақ ауруханасы директорының орынбасары, балалар дәрігері Гүлайым Балмұқанқызы Есимова болды. Гүлайым Балмүқанқызының арқасында қызыма дұрыс диагноз қойылды. Диогноз кеш қойылды, кеш болса да дөп қойылды. Содан бері қызымның денсаулығы түзеліп келеді .     Г. Балмұқанқызының жүзі жылы, жүрегі мейірімге толы, адамгершілігі  мол. Әрбір айтқан сөзі, берген ақыл- кеңесі жаныңа шипа. Шынайы құрметке лайық жан..Г.Балмұқанқызының көмегімен қызым квотамен екі рет Астанаға оңалту орталығына барып ем алып қайтты. Денсаулығы жақсарып, баламның өмірге  деген құштарлығы артты, Қызыма қуаныш сыйлаған Гүлайым Балмұқанқызына айтар алғысым шексіз.

Әлі де талай баланың жанына араша болып, ана мен баланың алғысына бөлене беріңіз. Тәңірім сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық бергей.

Зор құрметпен : Алтынзердің анасы.