Қалдықпен жазбаша бөлу
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен жазбаша бөлу
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қалдықпен жазбаша бөлуді орындау дағдыларын қалыптастыру. Көлем, ауданды есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ә) Үй тапсырмасын тексеру
б) Жаңа сабақ
І. Қызығушылығын ояту.
Тапсырма: Кестедегі бөліндінің мәні мен қалдықты ата (тақтаға орындау).
| Бөлінгіш | Бөлгіш | Бөліндінің мәні | Қалдық |
| 38 | 7 | ||
| 49 | 8 | ||
| 13 | 2 | ||
| 34 | 5 |
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалдықпен жазбаша бөлу» болмақ.
ІІ. Мағынаны ажырату.
Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырмадағы қалдықпен бөлуді түсіндіре отырып орындау.
2-тапсырмадағы өрнектерді есептеу.
4-тапсырмадағы есепті теңдеу құру арқылы шығару.
3-тапсырмадағы сызба бойынша есептер құрастыру және оларды шығару.
Сергіту сәті.
6-тапсырмадағы жер телімінің периметрін табу.
ІІІ. Ой толғау.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнау.
| Бөлінгіш | Бөлгіш | Бөліндінің мәні | Қалдық |
| 364 | 3 | ||
| 846 | 4 | ||
| 89 | 4 | ||
| 483 | 2 | ||
| 779 | 7 | ||
| 78 | 7 | ||
| 968 | 3 | ||
| 685 | 2 | ||
| 57 | 5 |
ІҮ. Бағалау.
Бағалау парағы арқылы бағалау
Ү. Үй тапсырмасы.