0-ден 1000 –ға дейінгі сандар. Ауызша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: 0-ден 1000 –ға дейінгі сандар. Ауызша қосу және азайту
Мақсаты: Өтілген материалды қайталау және 1000-ға дейінгі сандардың нөмірленуіне байланысты жеке қиындықтарды анықтау, оларды түзету.
Сабақтың барысы:
Оқу қызметіне ынталандыру. Сабақтың тақырыбы және мақсатын хабарлау.
Ойын: Тақтада 9, 0, 1 сандары бейнеленген қызыл шарлар; 2, 6, 7 сандары бейнеленген сары шарлар, 4, 8, 3 сандары бейнеленген жасыл шарлар ілінген. Оқушылар берілген цифрлардан түрлі сандарды құрастырады.(табылған нұсқадағы сандар қайталанбайды).
Біз бүгін сабақта үш таңбалы сандарды қарастырамыз. Үш таңбалы сандар туралы не білетінімізді еске түсірейік.
Білімдерін белсендіру және оқу іс-әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
Қызыл түсті шарларды пайдалана отырып, құруға болатын сандарды атаңдар. (109, 901, 910, 190)( сандар тақтаға жазылады).
Осы сандардағы «0» саны не туралы айтады? ( қайсыбір разрядтың жоқтығы туралы).
Ең аз санды атаңдар. (109) Бұл санда «0» цифры не туралы айтады? Осы санның разрядтық құрамын атаңдар. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік.) Оның алдындағы санды атаңдар?(108) Келесі сан қандай? (110)
Ең үлкен санды атаңдар. (910.) Бұл санда «0» цифры нені білдіреді? ( Бірліктегі санның 0 болатынын.)
Сары түсті шарларды пайдалана отырып, сандар құрап, оларды атаңдар. (267, 276, 627, 672, 726, 762.) Сандар тақтаға жазылады.
Жасыл түсті шарларды пайдалана отырып, сандар құрап, оларды атаңдар. (483, 438, 348, 384, 834, 843.)
Сандарды өсу тәртібінде орналастырыңдар.
Ең кіші сандарды атаңдар. (348)
Оны разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.
( 300+40+8). Ең үлкен санды атаңдар. (843) Оны разрядты қосылғыштар түрінде жазыңдар. (800+40+3) Сонымен , сендер ұсынған сандардың ұқсастығы неде? (Олар үштаңбалы.) Олар неге олай аталады? (Олар үш орыннан (цифрдан) құралған.)Үш таңбалы сандар қандай разрядтардан тұрады? (жүздік, ондық, бірліктен)
Оқулықпен жұмыс: №2, №3 тапсырмалар орындалады
Сергіту сәті:
№4 Барлығы-508 оқушы Шешуі: 508+12=520
Келді-12 оқушы 520-320=200
Ер балалардың саны-320 Жауабы: 200 қыз
Мектепте қанша қыз бала?
№5 Тиімді тәсілмен орында
Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып есепте.
37+17+13=67 48+(12+36)=48+12+36=96
29+48+11=88 17+(59+13)=17+13+59=89
Сабақтағы оқу іс-әрекеттерін қорытындылау.
Сабақтың мақсаты қандай болды? Қандай тапсырмалар қиындықтар тудырды?
Үйге тапсырма:
Бағалау: Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық,рахмет балалар.