Есетпі теңдеу құру арқылы шығару

Сабақтың тақырыбы: Есетпі теңдеу құру арқылы шығару.

Сабақтың мақсаты: Есептерді теңдеу құру отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Ұқыпты орындап, қатесіз жазуға, теңдеуді сауатты құра білуге дағды қалыптастыру.

Балаларды топпен ұйымдаса  жұмыс істей білуге, еңбекке баулу.

Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, тесттер, оқулық

Сабақ түрі: аралас.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест сынығы, салыстыру.

Жоспар: І Ұймдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қорытындылау, бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Жаңа сабақ.

Есепті теңдеу құру арқылы шешу.

«Ой қозғау»

Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)

Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)

«Ойлан тап!»

1 кг сары май 360 теңге тұрады.

Жарты кг сары май қанша тұрады? 200г сары май ше?

 

1 кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?

360 : 2 = 180 (жарты, н/е 500г)

х : 2 = 18 (теңдеу құру)

х = 18 · 5

х = 90____.

90 : 5 – 18

18 = 18

Қайсысы ыңғайлы? (теңдеу)

«Топпен жұмыс»

І – топ № 3. Есепті теңдеу құру арқылы шығару.

Бар еді – 1706қап ұн.

Қалды – 1009қап ұн.

Жөнелтілді -?  Қап ұн

Ш: 1706 – х = 1009

х = 1706 – 1009

       х = 697     .

1706 – 697 = 1009

1009 = 1009

Ж: 697 қап ұн

ІІ – топ № 4 – 208бет,

Болды -548т қызылша.

Қалды -399т қызылша.

Тиеп жіберді-?т қызылша.

Ш: 548 – х = 399

х = 548 – 399

       х = 149     .

548 – 149 = 399

399 = 399

Ж: 149т қызылша.

ІІІ-топ № 5-208бет,

Әр қатарына 8 көшеттен -5 қатар

Жиектеді — ? көшет

Болды -63 көшет.

Ш: (8· 5) + х = 63

40 + х = 63

х = 63 — 40

х  =23

(8· 5) + 23 = 63

63 = 63

Ж: 23 көшетпен жиектеді.

ІV топ.

№6.  Есепті теңдеу құру арқылы шығар.

S = 18 км,

t = 2сағ,

v1 = 4км/сағ,

v2 = ? км/сағ

Ш: 18 : 2 – х = 4

9 – х  = 4

х = 9 – 4

   х  = 5

18 : 2 – 5  = 4

4  =  4

Ж: v2 =  5 км/сағ

Сұрақ – жауап алу.

Салыстыру:

Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айрмашылығы неде?

Сергіту сәті:

Жаза, жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз.

1, 2, 3

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты ұғып аламыз.

«Қызықты тапсырмалар»

Жауап бер:

12 санының жартысы нешеге тең?

9 – дың үштен бір бөлігі нешеге тең?

30-дың бестен бір бөлігі нешеге тең?

Санның жартысын табу үшін, санды екіге бөледі. Санның  үштен бір бөлігін табу үшін, санды үшке бөледі

Санның ширегін табу үшін, санды төртеке бөлу керек.

Санның бестен бір бөлігін табу үшін, санды беске бөлу керек.

 

Қорытынды. Бағалау.

 

Үйге тапсырма: №8. Өрнек түрінде жазу керек.