Кестелік қосу және азайту. Ондықтарды қосу және азайту

Пәні: математика

Сыныбы: 1

Мерзімі: 12.05.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу және азайту. Ондықтарды қосу және азайту

Сабақтың   мақсаты: 1. Ондықтардың ретін және оларды қосу мен

азайтуды  қайталау.

  1. Есептеу қабілетін, ой-өрісін дамыту.
  2. Ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе сандар,таңбалар.

 

Оқыту әдісі: ойын,ұжымдық жұмыс,оқулықпен жұмыс,карточкамен жұмыс.

 

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың мазмұны.

 

  1. Ұйымдастыру: психологиялық ынталандыру.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.

III.      Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау,күн ретін анықтау.

IV.Жаңа сабақты негізгі кезеңіне дайындау. Тақырып бойынша

сандар    қатарын,екі таңбалы сандарды, олардың жазылу ретін  қайталау.         Дидактикалық ойын «Ойлан, тап!»

V.Дәптерде жұмыс: күн ретін жаздыру.

Арифметикалық диктант жазу:

  • Ең кіші бір таңбалы санды жаз.
  • Ең үлкен бір таңбалы санды жаз.
  • Ең кіші екі таңбалы санды жаз.
  • Ең үлкен екі таңбалы санды жаз.
  • 20-дан кейінгі ондықты жаз.
  • 50-ден кейінгі ондықты жаз.
  • 70-тің алдындағы ондықты жаз.
  • 40-тың алдындағы ондықты жаз.

VI.Оқулықпен жұмыс.

 

Бос торкөзді ондықтармен толықтыру: ауызша, ұжымдық жұмыс.

Амалдарды орындау.

4+2                  6-4                     40+20

6-2                   60-40                  60-20

6дм-2дм          4дм+2дм           6дм-4дм

60см-20см       40см+20см       60см-40см

VII.Сергіту сәті.

 

Өрнектердің мәнін табу.

20+30              40+30             50+20             60+30

30+20              30+40             20+50             30+60

50-20               70-30             70-20              90-30

50-30               70-20             70-50              90-60

 

VIII. Білімді бекіту. Өзіндік жұмыс.

5 және 4 сандарын пайдаланып және қосу амалына есеп құрастыру.

Ұзындықтары 9 см және 1 дм кесінділер сызу.

ІХ. Сабақты қорытындылау. Біз бүгінгі сабақта не істеуді үйрендік?

Х. Үйге тапсырма:  190-бет№2