Нағыз малшы. Д. Қасенов

Дайындаған:  Орал қаласындағы №  44 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі:             Мағзомова Айнагүл Ғазезқызы.

Сабақтың тақырыбы: Нағыз малшы. Д. Қасенов

Сабақтың мақсаты:

  1. Ауыл адамдарының еңбегі мен тұрмыс – тіршілігінен хабардар ете отырып, еңбектің қадірі, үлкенге құрмет көрсете білу де өнер екенін ұғындыру арқылы мәтіннің мазмұнын аша білуге, мазмұнын жүйелі жеткізе білуге дағдарландыру.
  2. Көркем сөзді шебер қолдану, түсіндірме сөздіктермен жұмыс жасай білу, сөйлеу мәдениетінің сауаттылығын арттыру.
  3. Үлкенге құрмет көрсету, еңбекті қадірлеу, ауыл жағдайын түсіне білу арқылы туған халқының, туған елінің тарихы мен салт – дәстүрін құрметтеу керектігін ұғындыру.

Сабақтың көрнекілігі: ауыл, жайлау көрінісінің суреттері, мәтін мазмұнының негізінде салынған сюжетті суреттер, деректі фильмнен үзінді.

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

 

  1. Қызығушылықты ояту.

Жеймін десең ақ қаймақ,

Ақ ешкіні баптап бақ!

Кием десең ақ қолғап,

Ақ ешкіні баптап бақ!

 

Ешкің көрсе көп күтім,

Төгер жібек түбітін.

Ақ ешкінді күте біл!

Түбітіңді түте біл!

 

Әжең оны тез қолға ап,

Тоқып берер ақ қолғап,

Ал қолғапты киерсің,

Әже қолын сүйерсің.

  • Өлең не туралы?
  • Қандай еңбек түрлері туралы сөз қозғалып тұр?
  • Әңгіме қай жер туралы болып жатыр деп ойлайсың? Оған не себеп болып тұр?
  • Ешкі малы қандай түліктің қатарына жатады?
  • Ешкі малы туралы не білеміз?

( Ешкі сүтінің пайдасы туралы, көбінесе топты бастаушы, текелері сүзеген, жүнінің пайдасы туралы, көбінесе егізден лақтайды, т.с.с)

Жеке, жұпта талқылау.

Ойларын тыңдау.

Бүгінгі тақырыппен таныстыру.

Сыныпты топқа бөлу. Малшы нені бағады?

Жаңа сабақ

  • Мәтінің « Нағыз малшы» деп аталуының басты себебі неде деп ойлайсың? « Топтастыру» стратегиясы бойынша түсініктеме беру.

Жеке, жұпта, топта талқылап, толықтырулар енгізіп, ортақ ойды ортаға салу.

Топтарды бірін – бірі толықтыруы.

Мәтінмен жұмыс.

Тізбектей, қатесіз, мәнерлеп оқу.

Үлгергендерінше:

1 – топ. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді;

2 – топ. Көркем сөздерді;

3 – топ. Мәтіндегі нақыл сөздерді;

4 – топ. Басты кейіпкерлерге берілген сипаттауларды баяндау.

Сөздік жұмысын жүргізу. Түсініктеме беру.

Топ жұмыстарын тыңдау.

« Венн диаграммасына» салу арқылы мәтіндегі екі малшыны салыстыру.

  • Бұдан қандай сабақ алуға болады?
  • Еңбек туралы қандай нақыл сөз, мақал – мәтел туралы келеді деп ойлайсың ?
  • « Ауыл көрінісі» диафильмінен үзінді. Суреттерді тамашалау.

Ой қорытындылау.

Малшы үйлерінің ерекшеліктері, неліктен?

Қорытынды.

Бағалау

Үйге тапсырма