Ауаның маңызы

Тақырыбы: Ауаның маңызы

Мақсаты: 1. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық

ойлауын, ой-өрісін, танымын және сөйлеу тілін дамыту.

  1. Ауаны таза сақтауға, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
  2. Ауа туралы білімдерін пысықтау. Ауаның орын алатындығын,

                        серпімді, сығымды екенін дәлелдеу.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс, тәжірибе, топтастыру,

дәлелдеу.

Көрнекілік: тірек сызбалар, тәжірибеге қатысты құралдар, доп, шарлар,

шырағдан, стакан, банка, кодоскоп.(интерактивті тақта)

IБағдарлау-мотивациялық кезең.

Оқушы қызығушылығын ояту.

    Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ,

Күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты, терезені ашты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көресің, оны сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Мұндай сиқыршыны көрмесең де күнделікті ісі, мінез-құлқы бізге таныс, Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

-Бұл не?

-Ауа.

Ауа туралы не білеміз? Мұрнымызды қысып дем алайық.(тұншығамыз)

Бізді қоршап тұрған не?

1-тапсырма.

Ыстықтап, терледің дейік. Не істейсің? Неге?

Қолымызға орамал алып, не желпіуіш алып, бетімізді желпи бастаймыз. Осы екі әрекетте де өзімізді қоршаған ауамен тікелей қатысымызды білдік. Біріншісінде ауамен дем алмасақ, тұншығамыз. Екіншісінде, ауа бетке соққанда салқындайтынымызды білдік.

2-тапсырма.

Сендер ауаны көздеріңмен көрдіңдер ме? Неге көрмейсің?

Ауаны көрмесек те бар екенін сеземіз. Ауамен дем аламыз., денемізді шынықтырамыз. Үйдің ауасын тазартамыз. Күні-түні қайда жүрсек те бізді қоршаған ауа. Ауаны көрмейтін себебіміз-ол түссіз, мөлдір.

3-тапсырма.

Алдарыңдағы шарды үріп қараңдар, оны қысып, жіберіңдер.

Не байқадыңдар?

Тірек-сызбамен жұмыс. (топтастыру әдісі)

 

А

 

 
У

 

 
А

түссіз

 

 

Мөлдір

 

 

Көзгекөрінбейді

 

 

сығылады
серпіледі

II.Операциялық-орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.

1.Кітаптағы берілген мәтінді өз бетінше оқып шығу.

2.Тізбектеп оқу.

Ұжымдық жұмыс.

Мәтіндегі тәжірибелерді жасау.

1.Допты ал. Оны қолыңмен екі бүйірінен қыс. Бүйірі қабысады, ал жіберіп

қалсақ, орнына келеді. Неліктен?

Ішіндегі ауа сығымды және серпілетініне көз жеткізу.

2.Үш бірдей шырағданның үшеуін де жағып: біріншісіне стакан, екіншісіне

банка, үшіншісін ашық қоямыз.

Байқа: Алдымен қай шырағдан сөнер екен?

Бірінші стаканмен жабылған, екінші банкамен жабылған, үшіншісі

біткенше жана береді.

Осы тәжірибемізді қорытындылай келе бір заттың немесе отынның жануы

үшін де ауа керек.

3.Бір стакан суға бір түйір қант салайық. Не байқадыңдар?

Ауа көпіршіктерінің шыққанын байқадық.

4.Оқулықтан тыс берілетін тапсырмалар.

1-тапсырма:

Ауаның адамға, өсімдікке, жануарларға керектігін дәлелде.

1-қатар-адамға ауаның керектігін дәлелдеу.

2-қатар-өсімдікке ауаның керектігін дәлелдеу.

3-қатар-жануарларға ауаның керектігін дәлелдеу.

2-тапсырма.

Төменде берілген мәтінді оқып шығыңдар да тапсырмаларды орындаңдар.

Ауа-физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа-газдардың қоспасы. Оның иісі де түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамында кіретін газдардың түсі және иісі болмайды. Ол газдардың ішінде оттегі мен көмір қышқыл газы болады. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығарып отырады. Сонымен қатар ауа сығылады және серпіледі.

1.Зат есімдерді теріп жаз.

2.Сын есімдерді теріп жаз.

3.Етістіктерді теріп жаз.

3-тапсырма. (5 жолды өлең)

  1. Не? (Ауа)

2.Қандай? (түссіз, мөлдір)

3.Не істейді? (сығылады, серпіледі, көрінбейді)

4.Сөйлем. Ауа бізді қоршап тұр.

5.Синоним (оттегі)

III.Рефлексиялық-бағалау кезең.

Білімді бекітуге арналған сұрақтар.

  1. Ауа дегеніміз не?

  а)Ауа бізді қоршап тұр.

  ә)Оттегі.

б)Түссіз, мөлдір, көзге көрінбейді.

2.Өлі табиғатты белгіле.

а) Өсімдік  

ә) Ауа  

б) Жануар

3.Ауаның құрамына кіретін газдарды белгіле

а)Оттегі, көмірқышқыл газы.

ә)Сығылады, серпіледі.

4.Пеш қандай күндері ауаны жақсы тартады?

а)Тынық

ә)Желді

б)Жаңбырлы

5.Бықсып жатқан отты үрлесе:

а)Жануы күшейеді.

ә)Сөніп қалады.

Тестің жауаптарын кодоскоп арқылы тексереді.

Проблемалық сұрақтар.

  • « Отпен ойнауға болмайды» дейді халық. Неге?

Рефлексиялық-танымдық  жаттығу.

Сабақтан алған әсерлері туралы оқушылар өз ойларын айтып ой қорытындысын жасайды.

 

Сабақтың басында үлестірілген «Өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма.

  1. Берілген мәтінді оқып, түсініп айту.
  2. «Ауа» тақырыбына шығарма жазу.
  3. Кірпіш сынығын пайдаланып, үлкендердің көмегімен тәжірибе жасау.