Тіл және сөйлеу

Сабақтың тақырыбыТіл және сөйлеу
Жалпы мақсатыСөйлеу және оның түрлері туралы берілген ұғымды кеңейту, оқушылардың сөйлеу мәнерін жетілдіру
Оқу нәтижелеріОқушылар сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін  айта білуге үйренеді.
Сабақ типіАралас сабақ
ӘдістерТүсіндіру, баяндау
КөрнекілігіАқ қағаз, плакаттар, оқулық, маркерлер, жеке және сюжетті суреттер
Сабақ кезеңдері Уақытты меңгеру
  1. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут
  2. Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -15-20 минут
  3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) –

5-8 минут

Сабақ кезеңдеріМұғалімнің            іс-әрекетіОқушының

 іс-әрекеті

Ресурстар
ҰйымдастыруКүннен, жерден нәр алған
Біз — өмірдің гүліміз.
қыркүйек басталған
Сәтті болсын күніміз.
Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.

 

Интерактивті тақта

 

 

«Бағдарлау-мотивациялық кезең»Негеш- өздерің сияқиы 3-сынып оқушысы. Ол- көңілді, мейірімді, білімқұмар бала. Негеш үнемі «Кім?, Не?, Қайда?, Неге?» сұрақтарын көп қояды. Сол себепті оны Негеш  деп атайды. Негеш мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді.: 1. Сөйлеу не үшін қажет? 2. Сөйлеу арқылы не жүзеге асады?

Білгішбек: «Тіл мен сөйлеудің не үшін қажет екенін  мына сызбадан  байауға болады», дейді.

Тіл арқылы              сөйлеседі,хабар береді, пікірлеседі, білмегенін сұрайды, кеңеседі.

Сендер бұған не дейсіңдер?

Әр топ өз ойларын ортаға салады.Плакат, маркер
ІІ: «Операциялық- орындаушылық кезең»1-жаттығу. Суретпен жұмыс:

·         Қыз не істеп тұр?

·         Қыз ән шырқап тұр.

·         Бала не істеп отыр?

·         Бала айнаға қарап сөйлеп отыр.

·         Хабарландыруда не жазылған?

Оқушылар суретке қарап  сөйлеу түрлеріне ажыратады.суреттер
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі«Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?» сұрағын қою арқылы алдыңғы сыныпта алған  білімдері еске түсіріледі. Сөйлеу түрлерін қай кезде, қалай қолданатыны туралы әңгіме етіледі.Оқушыларға тақырыпты түсіндіруОқулық
Сергіту сәті.

 

 

 

Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетедімузыка
«Құстар қалай дыбыстайды?» ойыны.Ол үшін құстардың суреттері жеке-жеке  көрсетіліп, «Бұл қай құс?» Ол қалай дыбыстайды? Деген сұрақтар қойылып, жауаптар алынады.

Мысалы: «Мынау – бүркіт. Ол шаңқылдайды. Мынау-қаз. Қаз шаңқылдайды.

2-жаттығу. Мәнерлеп оқылып, өлең мазмұнына  лайық сұрақтар қойылады.

  1. Ақтан неге мәз болды?
  2. Құстардың сөйлегеніне мәз болды.
  3. Шынында, құстар сөйлей ала ма?
  4. Жоқ. Құстар тек дыбыс шығарады. Олар сөйлей алмайды.
Оқушылар көрсетілген суреттер бойынша жұмыс жүргізіп, келесі жаттығуды өздері орындап, қорытады.суреттер
ІІІ.  Рефлексиялық бағалау кезең«Ойлан, тап» ойыны

Аяғы жоқ –жүреді,

Аузы жоқ сөйлей біледі. (хат)

 

Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді –тілі жоқ.

Қолына алсаң –шешен,

Ақылы асқан көсем. ( кітап)

 

Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші.

Әр үйде бар, тапқышым, кәне, білші. (радио)

 

Құлағында-құлағым,

Аузында-аузым,

Күнде естіп тұрамын,

Жолдасымның даусын (телефон)

Оқушылар жұмбақтардың жауабын шешіп, сөйлеудің қай түріне жататынын табады.Жұмбақ жазылған бетше
«Сөзжарыс» ойыныСөйлеу бізге керек, өйткені———-

Тілдің атқаратын қызметі ұшан-теңіз—————

Бірінші топтан бір оқушы тезис айтады, екінші оқушы ойын жалғастырады.Оқушы, оқулық
«Рефлексиялық – бағалау»  кезеңі 

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?Нені білгім келеді?
«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша  оқушылардың пікірі тыңдалады.Кесте
РефлексияБалаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне  күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың  төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді  түсінбесе, онда  баспалдақтың ортасына  бір жағы ашық, бір жағы боялған  бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс  жүзеге асырылады.Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады.Баспалдақ суреті.
Үйге тапсырма4-5 жаттығу
Бағалау.Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау