Аппақ қыс.Т.Айбергенов

Сабақтың тақырыбы: Аппақ қыс.Т.Айбергенов

     Білімділік:

Ақын өмірінен

мағлұмат бере

отырып,өлеңнің негізгі идеясын ашу;оқушының

 оқу дағдысын қалыптастыра отырып,оқушы-

ларға қыстың

қатаң көріністерін түсіндіру;

 

   Дамытушылық:

Оқушылардың шығармашылықпен

жұмыс істеуіне

ықпал ету, өз

ойларын жинақтап, жүйелеп қорыта білуде біліктерін

жетілдіру

 

      Тәрбиелік:

Қоршаған орта-

ның тылсым

сырларына қызықтыру

 арқылы туған елінің табиға-

тын сүйе білуге баулу, оған қамқоршы болуға тәрбиелеу;

Сабақтың мақсаты: 

Сабақтың әдісі

: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту, білімдерін жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, қыс мезгілінің суреті, тірек сызбалар,

                                         электронды оқулық,   интербелсенді тақта.

 

 

      Сабақтың барысы:

 

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:

 

Оқушылардың жаңа сабақты қабылдауға әзірлеу, назарын сабаққа аудару.

 

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

 

1-топ  Білгірлер

 

2-топ  Тапқырлар

 

3-топ  Ойшылдар

 

4-топ  Алғырлар

 

 

 

 

Психологиялық дайындық

 

              Шаттық шеңбері

 

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісім – тіршілік, тірек, адмдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

 

-Ия балалар, олай болса

Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек,

Бейне бір сендер жеміс мен бәйтерек.

Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге

Ұшқыр ой   ашық  көңіл керек,- дей отыра  ана тілі сабағымызды бастаймыз.

Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты қайталап еске түріп, пысықтайық.

 

   « Бәйге»  бөлімі

-Өткен  сабақта тақырыппен таныстық?

-«Сырдың аппақ күріші»

 

4 топқа тапсырма беріледі.

1-топ 1.Күріш Қазақстанға қалай келді?

  1. Күріш Қазақстанның қай өңірлерінде өсді?

1- топ 1.Күріш дақылдарының өнімдер.

  1. Күріштің түрлері.

3-топ 1.Күріштен жасалынатын тағамдар.

  1. Күріштің пайдасы.

 

4-топ 1.Күріштің құрамы.

  1. Ы.Жақаев туралы әңгімелеу.

 

Облыс атауыКүріш бидайарпаСұлы
Шымкент ++++
Қостанай +  
Қызылорда+   
Астана +  

Мұғалімнің өткен сабақты қорытындылауы

III Жаңа сабақ

Сабақ жүйесі
Танып білу Түсіну

 

Осы сөздер жылдың қай мезгілінде кездеседі?

— Қыс мезгілінде.

-Олай болса бүгінгі тақырыбымыз да қыс мезгіліне байланысты болмақ.

-Балалар, қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілі.

-Қыс мезгілі жайлы әңгімелейік.

Қыс мезгілі жайлы  оқушылар пікірі тыңдалады.

-Ал енді осы қыс мезгіліне байланысты Т.Айбергенов ағамыздың «Аппақ қыс»

өлеңімен танысамыз.

                                  Аппақ қыс

Ақ қолғаппен құшақтап,                               Ақ қыс-сұлу ақ өлең

Сақылдайды қыс аппақ,                               Табанымның астында

Өзен, теңіз, тау-төбе,                                 Таңғажайып ақ әлем.

Киген аппақ сәукеле                                      Сырласады сырлассаң,                                       

Жатыр іздер жосылған,                              Қырға асады, қырға ассаң

Рояльдің басылған                                         Аппақ әлем сықырлап,

Ақ тіліне ұқсап қап….                                   Жырлағалы тұр бассаң

                        Жанарынан жас бітіп,

                        Тұр қыз күні сүйкімді.

                       Оянбасаң мәжүр қып,

                        Ашатұғын ұйқыңды.

                         Құлақ күйін он бұрын,

                          Төнеді аспан төбемнен.

                       

                           Аппақ қардан омбылап,

                           Көктем  іздепкелем мен.

-Ал балалар, ақын қысты қалай суреттеген?

-Ақын қысты кейіптеп отыр.

-Кейіптеу дегеніміз не?

Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды.

 

Оқушылардан өлеңнен  түсінгендерін сұрау.

 

     Алғашқы бөлімде қысты ақ қолғап киген жанды адам ретінде кейіптеп отыр.Ал өзен, теңіз, тау-төбелерді ақ сәукелелі қызға теңеп отыр. Жосылған іздерді рояльдің тіліне ұқсатып отыр.

   Екінші бөлімінде ақ қысты әдемі сұлу өлеңге теңеп отыр.Аппақ қарларын басқан сайын

Сол әуен жырлап кететіндей болып отыр. Мұнда да ақын кейіптеуді кең қолданған.

   Соңғы бөлімде ақынның қыс мезгілін ұнататыны аңғарылады.Қыстың сүйкімді күні төбеңнен төніп, оянбасыңа қоймайды. Ал осы қарда омбылап жүргенде еріксіз есіңе көктем түсетінін айтады. 

 

Түртіп алу стратегиясы

 

Рояль – музыкалық аспап

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін бас киім

 

Сергіту сәті

Тәртіпті бала сүйініш, төбең бір көкке жетеді,

Тәртіпсіз бала күйініш,төмендеп басың кетеді.

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табайық.

        

                                             ҚЫС

 

 

 

 

Не?                                   Несімен ұнайды?                                Неге тәрбиелейді?

      

Ызғар                       ақша қарымен,ұлпа қарымен,                 төзімділікке,шыдамдылыққа

Суық                         күмістей шағылысқан                             денемізді шынықтырады

Аяз

Таза ауа            

                                      INSERT

Нені білуші едікНені білдікНені білгің келеді
1) Қыс мезгілін…1. Ақын өмірін

2. Қыстың ерекшеліктері

3. Ақын жазушы, суретшілерде болатын ұқсастық, ерекшеліктер

туралы

Қыстың тылсым табиғаты

Ой толғаныс

1-топ  Қыс туралы өлең

2-топ  Қыс суреті

3-топ  Қыс туралы мақал-мәтел

4-топ  Бес жолды өлең

 

 

Сабақты қорытындылау

Бағалау

 

Үйге тапсырма