Құстар қайда қыстайды?

Тақырыбы: Құстар қайда қыстайды?

Мақсаты: б/к Оқушыларға  жалпы құстар жайында  олардың қысқы тіршілігі  жайында толық түсінік  беру.

д\қ Оқушылардан сұраққа жауап ала отырып, тілдерін  ойлау қабілеттерін   дамыта түсу, қорытынды жасай білуге  үйрету.

т/к  Құстарды  қорғауға ,қамқорлық   жасауға баулу

Түрі:   жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: суреттер,топтастыру,семантикалық  карта,Венн диаграммасы

Сабақ барысы     1.  Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі   сабағымыздың мақсаты  қысқы табиғат аясындағы  тіршілікпен,ондағы құстардың  тіршілігін бақылау

  1. Үй тапсырмасын сұрау

-Қазір   қай мезгіл?   Қыс

-Қыс  екенін  қайдан  білдіңдер?

-Аңдар қалай қыстайды?

-Бунақденелілер, қосмекенділер, бауырмен жоргалаушылар  қайда кетеді?

— Мысалы кесіртке мен  жылан қайда кетеді?

-Бақа ше?        -Балықтар қалай өмір сүреді

                 (Мұздағы   қауіпсіздік ережесін  еске түсіру)

Су  беті  жаңа  қатқан кезде  мұздың үстімен  жүруге болмайды,ол өте қауіпті

                                      3 Жаңа  сабақ

                      Кіріспе  әңгіме   (құстар үнін тыңдау)

Ойын   «Кім тапқыр»

Ал,балалар, ойнайық                             Қандай жұмбақ болса да

Ойнайықта ,ойлайық                             Шешпей оны қоймайық

 Сөзжұмбақ

  1. Ағашта жабысып   тұрады

Тұмсығын аямай ұрады                 (тоқылдақ).

  1. Бірақ уыс көлемім

Шыбын-шіркей көлемім

Бау-бақшаны қорғаймын

Ал атым ше?                            (Торғаймын).

  1. Қонып алып жарға

Қарқылдайды                            ( Қарға).

  1. Құйрығы ұзын,өзі бұтақтан

бұтаққа  ауысқан

Бұл қандай құс                       (сауысқан).

  1. Тұмысығымен  шымшып

Құрт  тереді                               (шымшық).

  1. Талдың басында,

Жемi бар қасында.

Там тұр саялы,

Достарға аялы.   ( ұя).

(құстар үнін тыңдау)

-Балалар ненің даусын естідіңдер?   — Сендер қандай құстарды білесіңдер?

 

 

 

-Міне балалар  бұл құстар жылы жаққа ұшпайтын  қыстап қалатын немесе  отырықшы құстар

                              Мағынаны тану

Ал балалар қалай ойлайсында,құстар орманнан біздерге неге ұшып келеді?

-Балалар  құстар біздің досымыз. Құстар табиғат көркі. Құстардың  түрлері өте көп .Құстар 2 топқа бөлінеді.

Үй құстар  және жабайы құстар.

  • Олардың пайдасы барма?
  • Болса қандай? (Пайдасы зиянды жәндіктермен  күреседі, оның етін жұмыртқасын жейміз, мамығын пайдаланымыз)

Күз болып күн суытқанда құстар  жылы жаққа ұшып кетеді.Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі-жемінің азаюы.Күн суытқан сон құрт –құмырсқалар  қуысқа тығылып қалады.Содан құстар топтала ұшып  жылы жаққа кете бастайды. Жана айтқандай кейбір құстарымыз қыстап қалады.Құстар  ауа райын болжайды. Олардың  іс-әрекетіне қарап ауа-райының өзгеретінін  білуге болады. Егер жемге келгенде жинақы көңілді болса ауа райы жылы болады, ал олардың қауырсыны үрпе үрпе болса ,өздері тынышсызданса артынша аяз болады.

Оқулықпен  жұмыс

А) мәнерлеп оқып беру

Ә)  тізбектей оқыту

Сергіту сәті

Ұшты –ұшты ойыны

Құстарға біз ұқсайық,

Қане,қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызға қонайық.        Ұшты-ұшты ойынын ұйымдастыру.

Ұшты-ұшты қарға ұшты,

Ұшты-ұшты балға ұшты.

Ұшты-ұшты көкек ұшты,

Ұшты-ұшты өтек ұшты.

Ұшты-ұшты тырна ұшты,

Ұшты-ұшты тырма ұшты.

Ұшты-ұшты жапалақ ұшты,

Ұшты-ұшты шапалақ ұшты.

(сұңқар – тұлпар, қарға –арба, бүйрек- үйрек, тұзақ- ұзақ)

Дәптермен  жұмыс

Қыстап қалатын құстардың  атын жазу
Қарға, сауысқан, құр тоқылдақ, суықторғай,  көгершін

Ой шақыру

  • Құстар болмаса не болады деп ойлайсыңдар?

Апат болады. Ормандар ,далалар үнсіз қалады. Құстар туралы өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды.Зиянды жәндіктермен кеміргіштер қаптап кетеді.

  • Ал ондай болмас үшін біз не істеуіміз керек?
  • Құстарға көмек жасау керек. (үлгі бойынша құс құрастыру,ұя жасау)

                    Қорытынды

Картамен  жұмыс

Нені  білемінНе білгің келеді?Не үйрендің
Құстар

Дәнмен ,нан қиқымын жейді

Құрт –құмырсқа аулайды Ұшады

Досымыз

Құстардың қанша түрі бар екенінҚыста қалай өмір сүретіндіктерін Қыстап қалады

Ауа райын болжайды

 

                   Венн  диаграммасы

                    Үйге тапсырма