Елтаңба мен Ту туралы жыр

Сабақтың   тақырыбы: Елтаңба  мен  Ту  туралы  жыр

Сабақтың   мақсаты:

Білімділік                               Оқушыларды  Е геменді  елдігімізді  айқындайтын  мемлекеттік  рәміздеріміз  туралы  тереңірік  таныстыру.  Халық  тағдыры  туралы  сыр  шертетін  ұлттық  нышандарымыздың  құрылымымен  танысу.  Мемлекеттік  Елтаңбамыздың,  туымыздың   әрбір  элементінің  көздеген  мағынасы  мен  терең  танымдық  мәнін  сезіну  және  өзгеге  жеткізу.Оқушы  бойына  мақтаныш  сезімін  ұялату.

Дамытушылық:             Отанымыздың  байлықтары  туралы  білімдерін  байыту,  тереңдету,  дамыту. Дүниетанымын  кеңейту,  сөздік  қорын  молайту,  тіл  байлығын  арттыру.

Тәрбиелік:                              Отанымызды  сүюге,  қастарлеуге,  қорғауға  тәрбиелеу.  Татулыққа,  бірлікке,  достыққа  тәрбиелеу. Еңбекке  баулу,  еңбек  адамдарын  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:                         Оқушылардың    жаңа   материалды    меңгеру  сабағы..

Сабақ  түрі:                  Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:                           СТО  технологиясының  тәсілдері, түсіндіру,  сұрақ-жауап,

көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс,  ойын.

Көрнекілік:                     Тақырыпқа  байланысты  суреттер. «Ел  рәміздері»  суреттер .

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Жаңа  сабақ.

ІҮ.     Жаңа  сабақты  бекіту.

Ү.      Қорытындылау, бағалау.

ҮІ.     Үйге  тапсырма.

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.

ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй  тапсырмасымен  жұмыс: Мәтінді  мәнерлеп  оқу.  Түсінік  айтуға  дайындалу.

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

 

Жаңа  сабақ.

Сабақтың тақырыбы  және  мақсатымен  таныстыру                   

 

 

  • Қабылданған күн – 1992 жылғы 4 маусым.

 

  • Ресми тұсауы кесілген  күн –

   1992  жылғы 6  маусым,  Алматы  қаласы.

 

  • Тудың авторы –
  • Ш.Ниязбеков

 

  • Авторлары –

              Жандарбек  Мәлібеков,

              Шот-Аман  Уәлиханов.

      

 

Оқулықпен  жұмыс. 

 —     Мәтінді  мәнерлеп  оқу.

  • Дауыстап кезекпен  оқыту.

—     Оқушыларға   мәтінді  мәнерлеп , тізбектей  оқыту

 

Сергіту  сәті.

 

Көк  аспандай  көкпеңбек,

Қазақстан  жалауы.

Көк  емес  ол  тектен-тек –

Елдің  ашық  қабағы.

Ақ  ниеті – алтын  күн,

Асқақ  арман – қыраны.

Жалауы  бұл – халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

 

Тәуелсіздік  жолында,

Талай-талай  тер  тамған.

Билігім  өз  қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам!

 

Мәтін  соңында  берілген     сұрақтар  мен  тапсырмалармен  жұмыс

  1. Мемлекеттік Ту  қандай  жерлерге  тұрақты  орнатылады?
  2. Мемлекеттік Елтаңбаның  бейнесін  қайдан  көруге  болады?
  3. Мемлекеттік Әнұран  қандай  жағдайларда  орындалады?
  4. Мемлекеттік рәміздерді  неліәктен  құрметтеу  керек?
  5. Мемлекеттік Ту  мен  мемлекеттік  Елтаңбаның  жазбаша  сипаттамасын  бер.

 

Мәтін  соңында  берілген     сұрақтар  мен  тапсырмалармен  жұмыс

 

  1. Өлең  не жайлы?
  2. Елтаңбаны  сипаттап  бер.
  3. Өлеңді  жаттап  ал.
  4. Рәміздер  туралы  өлеңдер  жинап,  альбом  жаса.

 

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Үйге  тапсырма:   Мәтінді  мәнерлеп  оқу.  Түсінік  айтуға  дайындалу.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.