Х х дыбысы мен әрпі

Тақырыбы:  Х х дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

Білімділік:  оқушыларды Хх дыбысы Және әрпімен таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Дамытушылық: х дыбысныа байланысты сөздер ойлап табу арқылы сөздік қорларын молайту.

Тәрбиелік: оқуға деген ынтасын оята отырып, саналы түрле білім алуға, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: Х х әрпінің баспа, жазба түрі, кеспе әріптер, алфавит, хат., кіатптар, дәрілер, шахмат.

Сабақтың барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

  1. Оқушыларды түгелдеу;
  2. Сабаққа назарларын аудару.

3.Психологиялық дайындық.

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан.

Амасыз ба, қонақтар,

Амансыз ба, мұғалім!

Сәлем көрші, сәлемімді қабыл ал

Жабырқамай күлімдеші, тамаша күн.

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 

«Буын қос» ойыны

Қо                                                             кү

Қи                        ю                                   есе                       ю

Тү                                                             Құ

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

  • Балалар, біз өткенде сыныбымызбен қайда бардық?
  • Кітапханаға
  • Кітапханада нелер болады?
  • Кітаптар
  • Кітапханашы апай кім?
  • Айгүл апай
  • Ендеше Айгүл апайды шақырайық

Айгүл сыныпқа хат ұстап кіреді. Сынып оқушыларына арналған хат оқылады.

  • Оқушылар, хат кімнен келді?
  • Ханнан
  • Хан не депті.
  • Олай болса балалар хат, хан, кітапхана, кітапханашы сөздерінде қандай дыбыс естіледі?
  • Х х

Х Х- дауыссыз дыбыс. Қатаң айтылады.

 

ІҮ.Оқулықпен жұмыс

 

  1. Оқулықта берілген сөздерді оқыту арқылы түсіндіру.
  2. «Кітапхана» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.

Біздің мектепте үлкен кітапхана бар. Онда қызықты кітаптар көп. Кітапханға оқушылар көп барады. Мен де кітапханаға бардым. Райхан – апай кітапханашы. Ол маған кітап берді.

 

Ү. Жазу жұмысы

Х х әрпінің баспа, жазба түрлері айтылады, жазылу емлесі түсіндіріледі Хх әрпін ауада жазу.

 

ҮІ. Сергіту сәті.

ҮІІ. Топтастыру стратегиясы.

 

Хат

Хор                                   Х

Емхана

Саяхат

 

Халат

 

Х                              хабар

 

 

Кітапхана

 

асхана

 

 

ҮІІІ. Ұжымдық жұмыс

 

Ем                                          ас                                            дәрі

 

 

 

 

Хана

 

 

 

Кітап                                      ұста                                        шебер

 

Қорытынды. Балалар, біз бүгінгі сабақтан көп нәрсе үйрендіке. Сол істі әрі қарай жалғастыру – сендердің міндеттерің. Кітапты көп оқып, болашақта сендерден ақылды, білімді ел азаматы шықсын. Мынау білім елінен алып келген базарлық (кішкене қоржынның ішінен шыққан бестік бағалармен оқушыларды марапаттау).