Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш

Сабақ тақырыбы: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш.

Мақсаты:          а)Бұрыш түрлерін сызып үйрену олардың қасиетін меңгерту.

ә)Оқушылардың жан-жақты түсініктерін кеңейту,ауызша,жазбаша есептеу

дағдыларын жетілдір,, логикалық қабілеттерін дамыту.

б)Есептеуде шапшаңдыққа, ұтқыр, сауатты болуға баулу.

Көрнекілігі: сюжеттік ертегілер, ойын тапсырмалар, бұрыштар сызбасы, бағалау парақшалары.

1) Ұйымдастыру.

а) Сабақ мақсатын айтып, таныстыру.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.

9+5=14                     14-5=9

19+5=24                  24-5=19

29+5=34                   34-5=29

б) Ана тілінен өткен»Аңқау арыстан»,»Қасқыр мен түлкі»,»Ұр торпақ»,»Шибұт,Қылмойын,Қарынбас»ертегілерін таңдау арқылы өткен тақырыптарды қайталайды.

1-тапсырма- Қосудың ауыстырымдылық қасиетін сипатта.7+2

2-тапсырма- Қосудың терімділік қасиетін сипатта.(5+3)+2

3-тапсырма- Тік төртбұрыштың қасиеті қандай ?

4-тапсырма- Шаршы туралы не білесің?

2) Жаңа сабақ

а) Тақырыпты сызба арқылы түсіндіру.

Бұрыштар-тік,сүйір,доғал.

Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші.Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.

ә)Оқулықпен жұмыс.

1-есеп

Сүйір-2,7 Доғал-3,5,6  б-сын слайдтан ауызша айтып өту.

«Кімнің мекені жақсы?»ертегілер кейіпкерлерінің тапсырмасы мен оқулықтағы есептерді шығару.

Бақаның тапсырмасы:  Ұлым,ұлым,ұлым деп

Ұлдарын ана сүйеді

Қызым,қызым,қызым деп

Қыздарын ана сүйеді

Ананың неше ұлы,неше қызы бар?

Таба нан-65тг       Шешуі:65-5=60 (65-5)+65=125

Батон-? 5тг арзан    Жауабы:60тг,125тг

 

Құмырсқаның тапсырмасы: Аулада бес үйрек,

Бір үйрек тығылды

Бір үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек?

60+а         60-а              а-60

а=0:40       а=60:0            а=100:60

60+0=60      60-60=0           100-60=40

60+40=100    60-0=60            60-60=0

Сергіту сәті

Тышқанның тапсырмасы: Он алманың жетеуін,

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

Х+40=100    100-х=40  х-40=60

Х=60        х=60     х=100

Көкқұтанның тапсырмасы: Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді

Жел соқты да үзіліп.

Ұшып кетті біреуі

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі,

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?

Екі тік,бір доғал,үш сүйір бұрыштан фигура құрастыру.

Б)Үйге тапсырма №6.Бағалау

3)Қорытынды