Жалаң және жайылма сөйлем

Қазақ тілі.

Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Мақсаты: 1. Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту. Жалаң сөйлемнен жайылма сөйлем жасауды үйрету.

  1. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін, сөздік қорын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  2. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойын еркін және толық жеткізуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың формасы: жеке, жұптық.

Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, салыстыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып:

  • Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын. Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын.Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. «Жақсы сөз жанды жадыратады», демекші, біз бүгін бір-бірімізге мақтау айтайық. (Оқушылар шеңбер бойынша жақсы тілектер айтып шығады.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) 5 — жаттығу. 89-бет.

ә) Өткен сабақты қайталау мақсатында бес сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау.

1) Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.

а) сөйлемнің мүшелері жоқ                ә) Білмеймін                    б) бастауыш, баяндауыш

2) Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап сөйлем мүшелерін тап.

а) бастауыш        ә) баяндауыш       б) тұрлаусыз мүше

3) Сөйлемнің неше түрі бар?

а) 3       ә) 2    б) 1

4) Неге? Қайда? Сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі?

а) бастауыш      ә) баяндауыш      б) тұрлаусыз мүше

5) Зат есімнің сұрақтары?

а)  не істеді?     ә) кім?  Не?    б) қайда?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап» ойыны арқылы сабақ тақырыбын анықтату. Оқушыларға қағазға сандар, әріптер жазылған кесте беріледі. Сабақ тақырыбы санмен жазылған.

1225932214492736421824
ажмлсөңнейәы

 

«25,12,32,12,49,     25,18,27,36,     25,12,42,24,32,9,12,     21,4,42,32,36,9»

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. «Жалаң және жайылма сөйлем»

  1. Мағынаны тану. Жаңа ақпаратпен таныстыру.Тақтада екі бағанға бөлініп жазылған сөйлемдерді оқу, салыстыру. Сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелеріне талдау жасау.

-Екі баған сөйлемдерінің арасында қандай айырмашылық бар?

— Қай бағандағы сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер бар?

— Осы өзгешеліктері арқылы қандай ой түюге болады?

— Яғни, қорыта айтар болсақ, тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз. Ал, тұрлаулы мүшелерден тасқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

  1. Жаңа ұғымды меңгерту. Өзіндік жұмыс ретінде 2-жаттығу беріледі. Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Өздері қалаған 2 сөйлемді сызба арқылы толықтырып жазу. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қою.

_________      _________ .

_________      _________    _________  .

_________      _________    _________     ________ .

_________      _________    _________     ________    _________  .

Мысалы:

Асқар келді.

Асқар мектептен келді.

Асқар мектептен үйге келді.

Асқар мектептен үйге кеш келді.

Жұппен жұмыс.

3-жаттығу.Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсету.

5-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырып жаз. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.

1.Қар жуды.

2.Арман қарды күрекпен күреді.

  1. Жандос пен айбол мұзайдында коньки тепті.
  2. Асхат жемсауыт жасады. Оны ағашқа ілді. Жемсауытқа жем салды.Торғай жемсауытқа ұшып келді.
  3. қосымша таратпалар.

1-тапсырма. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.

Анар сыпырды.

Қар жауды.

Арман оқыды.

Сиыр мөңіреді.

2- тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

1) Қағаздан, жасады, балалар. батпырауық.

2) Орманда, болады, аңдар, түрлі.

3) Дайындайды, асты, аспаз, түскі.

VІ. Топтастыру. Жалаң және жайылма сөйлемдердің өздеріне тән ерекшеліктерін жеке-жеке топтап айту. Тірек сызба қолдану.

Венн диаграммасы арқылы әр сөйлемнің өзіне тән және ортақ белгілерін жазу.

VІІ. Сабақты қорыту. Тақтаға гүлдің суреті ілінеді. Гүлдің  жапырақшаларындағы сұрақтарға жауап береді.Сұрақтары:

  • Жалаң сөйлем дегеніміз не?
  • Жайылма сөйлем дегеніміз не?
  • Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр. Айжан сабаққа кешікті.

VІІІ. Үйге тапсырма. 4-жатығу. 91-бет.

ІХ. Бағалау. Оқушылардың белсенділігі мен сабақты меңгеруіне қарай.