Бақылау диктанты
Тақырыбы: Бақылау диктанты
Мақсаты: оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу: танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту; адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз.
Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады?
Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?
Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па?
Неліктен?
ІІІ Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
Орман – халық байлығы
Орманның халық шаруашылығы және адамзат өмірі үшін зор маңызы бар. Құрылыс жұмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыстарына керекті, заттардың көбі ағаштан жасалады. Күнделікті тұрмыста ағаштан жасалған бұйымдар көп қолданылады. Олар табиғи зат. Адам десаулығына пайдалы. Еменнен, қайыңнан, теректен жасалған нәрселер өте шыдамды болады. Орман, тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан да мемлекет ормандарды таза ұстан өрттен сақтауға сендер де ат салысыңдар. (60)
Тапсырма:
Жуан сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, белгіле. Шаруашылықта, теректен сөздерін буынға бөл.
Қайыңнан сөзіне фонетикалық (дыбыстық) талдау жаса.
ІҮ. Сабақты қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма