Апамның астауы.Оралхан Бөкей. 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Апамның астауы.Оралхан Бөкей. 4 сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Оралхан Бөкейдің өмірі жайлы және мәтіндегі негізгі ойды, идеяны   ұғындыру, жерлес жазушының өмірімен танысу.

Дамытушылық:         Оқушылардың танымдық, шығармашылық                                                          қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу және ой қорыту машығын арттыру.

Тәрбиелік: Аналарды құрметтеуге, ұйымшылдыққа, жолдастық қарым-қатынастыққа үйрету

Міндеттері: Тақырыпты толық меңгеру. Алған білімдерін практикада көрсете білу. Сөйлеу мәдениетін төселдіру.

Өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер. Түймедақ гүлі.

Қолданылатын стратегиялар:  Топтастыру, Иссикавы кестесі, Түймедақ- кластері.

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Топтарға бөліп топпен отырғызу.

I.Кезең: Қызығушылықты ояту

Топтастыру стратегиясы: Өз беттерімен жұмыс.

 

 

 

  1. Кезең. Мағынаны таныту Иссикавы кестесі. Оқушыларға кестені толтыру ұсынылады. Кесте толтырмас бұрын оқушылар «Апамның астауы» атты мәтінді іштей оқу ұсынылады. Оқып біткеннен кейін мынандай тапсырмаларға жауап беріп кестені толтыруға кіріседі.
  2. Мәтіннің «Апамның астауы» аталу себебі неде?
  3. Мәтіндегі оқиғаның болған уақыты.
  4. Мәтінде әңгіме қалай өрбиді.
  5. Мәтінде сөз болып отырған қолөнер түрлері .
  6. Мәтіндегі автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған сөздер
  7. Автордың Апасы қандай мінездің адамы?
Мәтіннің «Апамның астауы» аталу себебі неде?
Мәтінде әңгіме қалай өрбиді.

 

 

 

Мәтінде сөз болып отырған қолөнер түрлері .
Мәтіндегі автордың ерекше көңіл күйін білдіріп тұрған сөздер.
Автордың Апасы қандай мінездің адамы?

 

Кесте толтырылып біткеннен кейін топтар оқиды, екінші топ қайталамай айтылмаған ойларын ортаға салып, мәтін толығымен талданады.Соңғы тапсырманың сұрағы үйге беріледі .Сенің апаң қандай мінездің адамы?

III. Кезең. Ой толғау.                                 Кластер «Түймедақ»- гүлін құрау.

Оқушыларға «Қуанышымен қуантып, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар» өз анаң немесе әжең туралы не айта аласың?- деген сұрақ беріледі. Сол сұрақ бойынша әр топ өз ойларын жазып, жазғандарын оқып тақтаға іледі.

 

 

  1. Оқушылар білімін бағалау.

Үй жұмысы: Мәтіннің мазмұны, басты кейіпкерге хат жазу.

V . Сабақты аяқтау.