Тарауды қайталауға арналған мен тапсырмалар

Сабақтың тақырыбы: «Тарауды қайталауға арналған мен тапсырмалар»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тараудағы алған білімдерін қайталай отырып,білімдерін бекіту.

Сабақтың міндеті: 1. Оқушылардың оқу -әрекеті арқылы алған теориялық білімдерін мысалдар мен деңгейлік тапсырмалар арқылы жетілдіру;

2.Тарау бойынша алған білімдерін ойындар арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін арттыру;

3.Тарау тақырыптарын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, оқушыны сауаттылыққа,ұқыптылыққа, тәрбиелеу, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке, жолдастық көмек көрсетуге баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойындар,сұрақ –жауап,сто әдісі

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, қорапша

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

М:Балалар,қазір бәріміз тақтаға қарайық.Тақтада ойыннының

шарттарымен таныстырамын.

І.. «Сырлы сұрақтар»

ІІ. «Тапқышбектің тапсырмалары»

ІІІ. «Қорытындылау»

І.Сырлы сұрақтар.

  • Мына суреттен қандай өлеңнің тақырыбын ашуға болады?

* Жайық өзені басында қандай өзен еді, ол қандай өзгеріске ұшырады?

Осы шығармадағы әкесі мен бала тағы қандай шығармада кездеседі?

-Агроном жайында шығарма?Ол оқиға қай жерде орын алған? Осы мәтіндегі ең өкінішті сәт?

-Алтын адам жайындағы шығарма? Шығарма авторы?

-Айнымайды аспаннан деп басталатын  өлең, авторы кім?

-Асан бала жайындағы ертегі немен аяқталды?

-Тарауда ақын апамыздың өлеңдңрі берілген, ол кім және қандай өлеңдер?

-Ақша беті аймен тең.

Көркінен де ақылы басым,

Көрщілердің кәрі – жасын

Сүйсіндірген қылығымен…   —   өлең жолдары қай шығармадан?

Мына сурет қай әңгімеде бейнеленген?(Толағай)

* Мына бала кім,ол қандай ерлік көрсетті? (Толағай)

— Нағыз малшы қандай болуы керек?

ІІ. «Тапқышбектің тапсырмалары»

  1. Сәйкестендіру.

Қара шаңырағы, қасиетті бабалардың——  Медеу.

Батыр да , ақын да, ғалым да баладан өседі ғой!—— Шаңырақ

Әрі «2», әрі «5» қоюға лайық шығармасы бар .——Ақ ірімшік

Кеме жүрісін бәсеңдетті.——Су мен балық

Ол- сенің ғұмырлы анаң.——Қармаққа түскен шағала

Ынтығады бар адам.—— Мен қалай жазушы болдым?

Қадіріңді  білмедім,———— Түркістан

  1. Қазақстанның үлкен қалаларының атын жазып шық.

Қазақстанның өзің білетін тауларын жазып шық.

Бекіту:   Бес жолды өлең. Отан

Үйге : қайталау.