Тұрлаусыз мүшелер
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
176-179 жаттығулар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.
- Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
- Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпей-ілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (төрт түлік), плакаттар, тестілі тапсырмалар, сөзжұмбақтар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Үй тапсырмасын анықтау:
174-жаттығу
….. аттанды ….. сауылды.
….. сабақ оқыды ….. тегістелді.
….. оралды.
Керекті сөздер: сиыр, тапсырма, жер, Жанар, жолаушылар.
Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты табу, сұрақ қою.
Жаңа сабақ: «Тұрлаусыз мүшелер»
Бүгін қай күн? Күз, қыс туралы айту.
Төрт түлік малдардың суреті.
Сурет бойынша сөйлем құрастыру.
Сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.
<> Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға: Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? т.б. сұрақтар қойылады. <>
Оқулықпен жұмыс:
176- жаттығу. Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
Жадыра келді / Жадыра қалаға келді
Қоңырау соғылды / Қоңырау қайта-қайта соғылды
Мал өседі / Мал төлден өседі
Көркем жазу минуты. «Ә» әрпін жазу.
177- жаттығу.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Әсия гүлді ұнатады. Әдемі гүл өсті. Біз ұшаққа міндік. Ұшақ әуежайға қонды.
Сергіту: Мақалдың сыңарын тап:
- Мұғалім: Оқусыз білім жоқ
Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.
- Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала
Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.
- Мұғалім: Жақсыдан үйрен,
Оқушылар: Жаманнан жирен.
- Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,
Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.
- Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,
Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.
Шығармашылық жұмыс:
- Өтірік сөз жанға қас
- Ашу – ақылдың дұшпаны.
- Талапты ерге нұр жауар.
Тестілік тапсырма: (Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында жүргізіледі)
Сөзжұмбақ: І ІІ ІІІ
І топ:
Ер қанаты (ат)
Сексек атаның кішкентайы (лақ)
Жұп сан (төрт)
Кеш (ымырт)
ІІ топ:
Шашылғанды (жи)
Ұнды (еле)
Жұп сан (төрт)
Шешкен киімді қайда қоясың? (ілгіш)
ІІІ топ:
Екі бестің қосындысы (он)
Қасиетті тағам (нан)
Кішкентай адам (бала)
Шебер (іскер)
Риза болу (рахмет)
Венн диаграммасы:
Тұрлаулы мүшелер: Тұрлаусыз мүшелер:
Ұқсастығы:
Тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелер, сөз табы.
Сабақты қорыту:
- Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)
- Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда?)
- Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: 179-жаттығу, ережелерді жаттау.