Түбір және қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша
Сабақтың мақсаты:а/ балаларға сөз құрамы соның ішінде түбір және
қосымшалары туралы кеңірек мағлұмат беру;
ә/ ұқыптылыққа,жинақылыққа, ширақтылыққа, таза
жаза білуге тәриебелеу;
б/ сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа білімді беру
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау,баяндау
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,суреттер,кестелер,топшамалар
Сабақтың өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Балаларды психологиялық сабаққа дайындау
ІІ.Қызығушылықты ояту
- балалар қазір жылдың қай мезгілі? /қыс/
Жұмбақ
Қыста жер бетiн жабады,
ал көктемде су болып ағады. (қар)
Көркем жазу
Балалар «қар» сөзін көркем етіп жазады
ІІІ.Мағынаны тану
Көру диктанты
1-жаттығу.
Ақыл сөз
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
- Берілген өлеңді сөз құрамына талдау.
- Оқушылардан А.Құнанбаев туралы сұралады
- Өлеңді жатқа жазу
Тақтамен жұмыс.
2-жаттығу.
Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қосып жазу.
Сурет/шы,ші/,дәрі/хана,қана/,өнер/лы,лі/,қала/лық,лік/,дос/тық,тік/
3-жаттығу /топпен жұмыс/ Өлеңді мәнерліп оқы.
Мен ғарышкер боламын.
Аспан,аспан,арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын..
Мен ғарышкер боламын!
Ітоп
- ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап
ІІтоп
— ғарышкерлерден кімдерді білесің?әңгімеле
ІІІтоп
- ғарышкер сөзіне сөйлем құрау
Семантикалық кесте « Сөз құрамы»
| Өсімдіктер | Түбір сөз | Қосымша |
| Орындық | ||
| Теңіз | ||
| Етік | ||
| Қобызшы | ||
| Дәптер | ||
| Жаңалық | ||
| Қаздар | ||
| Бишілер | ||
| Арба | ||
| Ойыншық |
5-жаттығу
Сабырлы- асықпай,ойлап іс істейтін адам
Өнегелі- көпке жақсы үлгі таратушы.
Атақты- бүкіл елге сыйлы,белгілі
ІҮ.Қорытынды.
— иә,балалар бгін біз қандай тақырыпты қайталадық? /түбір және қосымша/
— сіздер кімсіздер? /біз оқушылармыз/
— ендеше қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Бiлiмнен бақыт табамыз,
Өнер бiлiм көп оқып,
Өсе берсiн санамыз.
Ү.Үйге тапсырма.
4-жаттығу,ереже жаттау
Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап
ҮІ.Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқын балалар бағаланады
| Оқушының аты-жөні | тапсырмалар | Ұпай саны | бағасы | |||||||||||||
| ||||||||||||||||
| 1 | ||||||||||||||||
| 2 | ||||||||||||||||
| 3 | ||||||||||||||||
| 4 | ||||||||||||||||
| 5 | ||||||||||||||||
| 6 | ||||||||||||||||
| 7 | ||||||||||||||||
| 8 | ||||||||||||||||
| 9 | ||||||||||||||||
| 10 | ||||||||||||||||
| 11 | ||||||||||||||||
| 12 | ||||||||||||||||
| 13 | ||||||||||||||||
| 14 | ||||||||||||||||
| 15 | ||||||||||||||||
| 16 | ||||||||||||||||
| 17 | ||||||||||||||||
| 18 | ||||||||||||||||
| 19 | ||||||||||||||||
| 20 | ||||||||||||||||