Табиғи материалдан қоян жасау
Тақырыбы: Табиғи материалдан қоян жасау
Мақсаты:
- Табиғи заттардан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатыннын үйрету. Көз мезгіліндегі өзгерістер қоян туралы түсінік беру.
- Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды өнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.
Көрнекілігі: Жапырақ суреті, теледидар, қоян бейнесі.
Пәнаралық байланыс: Математика, қоршаған дүние, әліппе.
Құрал жабдықтар: Жапырақтар, қатты сары картон, желім.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі: сабаққа дайындау.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ:
Кіріспе:
Оқушылар қазір қай мезгіл?
— Күз
— Күзде қандай өзгерістер болады?
— Күн салқындайды, адамдар жылы киім киеді. Егін, жеміс-жидектер піседі, жапырақтар сарғайып жерге түседі т.б.
— Дұрыс. Жақсы біз өткен сабақтан, білеміз, табиғат нешеге бөлінеді?
— 2-ге тірі табиғат, өлі табиғат.
— Тірі табиғатты атайықшы.
— Адам, жан-жануар, өсімдік. (Олар өседі, өнеді, тіршілік етеді)
— Өлі табиғатқа нелер жатады?
— Тас, тау, парта, тақта, бор т.б.
— Яғни бізді қоршаған заттар және адам қолымен жасалынатын заттар жатады екен.
— Балалар біз күз туралы, табиғат туралы жақсы біледі екенбіз. Күзде адамдар қызу еңбек етеді. Жаз бойы баптап өсірген жеміс-жидектері өсіп өнеді, күзде оларды жинайды, пайдаға асырады. Яғни қысқа дайындалады, еңбектенеді.
— Ал біздің еңбегіміз не?
— Оқу, оқу, білім алу.
— Олай болса еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.
— Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
- Еңбек бәрін жегізбек.
- Еңбек түбі- береке.
Еңбектің наны тәтті.
— Енді Олай болса теледидарға назар аударайық. Мультфильф көру.
- Не көрдік? Не туралы?
Балалар мультфильмдегі кейіпкерлерді атайық.
— Қоян, қасқыр.
- Бас кейіпкер.
- Қоян.
- Осы қоян туралы не білеміз?
Қоянның түсі ақ, қоңыр, сұрғүлт, көзі бадырақ, қорқақ, сүйкімді. Сәбіз жейді, тез жүгіреді, құлағы қалқиған т.б. Олай болса біз бүгін осы қоянның көжегін жапырақтан бейнелейміз.
Біз жаңа айттық жанырақ тірі табиғат. Негізгі түсі жасыл, күзде сарғаяды . Ағаштар әр түрлі болады, соған сай жапырақтың да неше бір түрі болады. (суретін көрсету).
Өткен сабақта табиғи материал жапырақты қалай кептіру жайлы өтіп, үйренгенбіз. Бүтін сол жапырақтардан көжек жасаймыз.
Топтық жұмыс. Ал І-ші топ оқушылары сіздер ойланып, көздеріңе елестете отырып, өздерің қалаған заттың бейнесін жасайсыңыздар.
ІІ-ІІІ топ көжек жасау.
Көжектің бөліктерін атайық:
— Басы, денесі, құлағы, қолы, аяғы, құйрығы. 8 жапырақ аламыз. (Санату). Көжектің 2 құлағы, 2 қолы, 2 аяғы тепе-тең симметриялы.
— Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіру. (Бір бет бөлек қағаз аламыз да, артық желімді соған жағамыз, сүртеміз).
Сарамандық жұмыс: (бірге көжек бейнесін жасау).
- Фон таңдау.
- Неше жапырақ керектігін анықтау.
- Фон бетіне салып орналастырамыз, көжекке ұқсай ма? Жапырақтың орнын белгілеп аламыз.
- Әр бөлшекті өз орнына желімдейміз.
- Аппликацияны таза қағазбен жабамыз.
- Тегістейміз.
- Кепкенше бастырып қоямыз.
(І-ші топтың жұмысын тексеру).
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян.
Өте жақсы орындадық.
Көрме ұйымдастыру.
Шығармашылық тапсырма.
жүреді жарық керек
өседі
ауа керек қоян жапырақ өседі
көбейеді
сәбіз жейді тірі табиғат ауа керек
|
тірі табиғат құрайды
Көлеңке Таза ауа бөлінеді Малға азық | Табиғи материал Ағашта өседі Тірі табиғат |
Қорыту: — Табиғаттың басты талабы не?
Балдар өткен тақырыбы бойынша сөйлейді.
— Күз бейнесін есімізде қалай сақтаймыз? (Сарғайған жапырақтар).