«Шешендік өнер» бағдарламасы

«Шешендік өнер» бағдарламасы

Түсінік хат

Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқы


шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып

оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-

өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.

Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай

 


құрылған.

 

1-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді

 

көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

 

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың

 

немесе өлең  ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен

 

жалғастара білуді үйренеді.

 

Бұл жинақ ана – тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.

 

Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте

 

бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық

 

психологиямыз,дүниетанымымыз.

 

1-4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бағдарламаның мақсаты:                                                                  

 

Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,

оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген

талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

 

Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай

міндеттер жүктеледі.

 

         Міндеттері:

— оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

 

— көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

 

— шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіп-

керлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;

 

— шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін  аша білуге бағыттау.

 

— ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

 

— өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

 

— оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;

 

-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;

 

— жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;

 

Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

 

 

— сөздік қорын толықтырады

 

— оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка  жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.

 

— сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

 

-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

 

-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы 1- сынып   34 сағат.

 

 

 

 

Тақырыбы

 

сағат саны

 

1Түсінік хат.Сөйлеуді дамыту.           1    (1)
2Суретті әліппе: «Суреттер сыр шертеді»           2     (2-3)
3Қима суреттер құрастыру.           2     (4-5)
4Әріптерден буындар құрау           1     (6)
5Сөз тіркестері арқылы сөздер құрастыру           1     (7)
6«Кітап-білім бұлағы», «Кел,балалар ,оқылық!»

Ы.Алтынсарин  шығармалары.

           2      (8-9)
7«Ертегі – тәрбие құралы»           1     (10)
8«Адам болам десеңіз»  А.Құнанбаев           1   (11)
9Би,шешендер туралы ұғым           1   (12)
10Төле би.           1    (13)
11Қызыбек би           1      (14)
12Әйтеке би           1     (15)
13Шешендік сөздер           1     (16)
14Мақал — сөздің мәйегі           2   (17-18)
15Жұмбақтар           2  (19-20)
16Санамақтар           2   (21-22)
17Жаңылтпаштар           2  (23-24)
18Өтірік өлеңдер           1  (25)
19Өзара әдепті болу.Сөз тыңдау және сөзде тұру.           1  (26)
20Төрт түлік төлдерінің  атаулары           1  (27)
21 Төрт түліктің пайдасы           1 (28)
22Жан-жануарлар,аң-құстар қалай дыбыстайды?           2  (29-30)
23Шығармашылық жұмыс .Сурет бойынша мәтін құрау.           1 (31)
24Қазақша ай аттары           1 (32)
25Аталы сөз – бата,өсиет,өнеге           1 (33)
26 Тест жұмыстары.           1 (34)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы 2 – сынып  34 — сағат.

 

 

 

Тақырыбы

 

Сағат саны

1Жалпы түсінік                  1
2Жеті ата туралы түсінік.                  1
3Имандылық,мейірімділік,қайырымдылық дәстүрлері.                  2
4 Туыстық атаулары.                  2
5Апта аттары                  1
6Сөзжұмбақтар                  1
7Ребустар                  1
8Мақал-сөздің мәйегі.                  2
9Шешендікті қастерлеу дәстүрі.                  1
10Ертегіні аяқта …                  2
11Ы.Алтынсарин шығармалары.                  2
12А.Құнанбаев «Жақсыдан үйрен-жаманнан жирен»                  2
13Нақыл сөздер                  1
14Сурет бойынша әңгіме құрастыру.                  1
15Жұмбақтар .                  1
16Жаңылтпаштар.                  1
17Қазақша өлшем атаулары.                  1
18Аңыз әңгімелер.                  1
19Өлең-жырлар.                  1
20Қазақ халқының айтыс өнері және әдеп.                  2
21Халқын сүйген салтын сүйеді.                  2
22Кітап – білім бұлағы.                  1
23Қазақ батырлары.                  2
24Тест жұмыстары                  1
25Қорытындылау.                  1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы  3 — сынып   34- сынып.

 

 

 

Тақырыбы

Сағат

саны

1 Кіріспе   1
2 Қазақ тілі-мемлекеттік тіл   1
3 Үш жүз туралы түсінік   1
4Бірлік- елдің салты.   1
5Сиқырлы сөздер сыры.   1
6Жирен жаман әдеттен,үйрен жақсы әдеттен.   2
7 Қазақтың ырым- тыйым сөздері.   1
8 Шешендік сөздер.   2
9Туған жер- алтын бесік (өлең,әңгіме құрастыру)   2
10Мақалдардың ерекшелілігі.   1
11Тіл-туралы мақал – мәтелдер.   1
12Туған жер,Отан туралы мақал – мәтелдер.   1
13Жұмбақтар құрастыру.   1
14Өтірік өлеңдер.   1
15Атақты шешендер.   2
16Қазақтың үш бәйтерегі.   1
17Қазақтың бес арысы.   1
18Әңгімені аяқта …   1
19Ертегілер   1
20Қиял-ғажайып ертегілер   2
21Ұлттық саз аспаптары.   2
22Обал,сауап,ысырап,үнем туралы түсінік.   2
23Ел белгілері,ел ұраны, көк байрақ – Туымыз.   2
24Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру.   1
25Тест жұмыстары   1
26Қорытынды   1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шешендік өнер» бағдарламасы  4- сынып  34- сағат.

 

 

 

Тақырыбы

Сағат

саны

1Қазақ мемлекеті (хандығы)      1
2Егеменді қазақ елі.      1
3Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері      2
4Шешендік арнау.      1
5Шешендік толғау.      1
6Шешендік дау.      1
7Шешендік сөздер      2
8Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮ-ХҮ ғғ.)      2
9Сырым Датұлы.      1
10Махамбет,Исатай шешендіктері.      1
11Шалкиіз,Бұқар (ХҮ-ХҮІІІғғ.)      1
12Майқы би,Аяз би.      1
13Шортанбай,Дулат шешендер      1
14Мақалдар ұйқасы.      1
15Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру.      2
16Жұмбақ,жаңылтпаштар айтайық.      1
17Қазақша той — думандар      2
18 Ертегілер елінде      2
19Абайдың қара сөздері.      2
20Наурыз тойы.      1
21Инабаттылық дәстүрлері.      1
22Аңшылық туралы әңгіме      1
23Әңгімелер өз мүмкіндігіңше жалғастыр      1
24Ұлттық ойындар.      2
25 Тест жұмыстар      1
26Қорытынды.      1

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.

 

  1. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.

 

  1. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.

 

  1. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.

 

  1. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.

 

  1. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.

 

  1. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.