Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың тақырыбы: Сүт  қалай ұйықтады?

Сабақтың мақсаты: Оспанхан Әубәкіровтің  «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін өткенде төмендегі мақсаттарды көздедім:

  1. Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
  2. Ертегідегі сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашыпты, айран бақырыпты, т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
  3. Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету.
  4. Балаларға бағыт-бағдар беру арқылы өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
  5. Тақырып мазмұнын меңгерту.

     Түрі: аралас сабақ

     Көрнекілігі: О. Әубәкіровтің суреті, мақал, тыйым сөз,  «Жапырақ жинау ойыны», түртіп алу жүйесі: INSERT V. ? +

     Әдістері: сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.

     Сабақ барысы: тақтаның бір шетіне жалпы сабақ барысына жоспарланған кішкене ғана жоспар жазылады.

«Жеңілден қиынға өрлеу сатысы»

  1. Шығармашылық
  2. Ой тастау
  3. Жаңа сабақ
  4. Үй тапсырмасы
  5. I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.

I топ                        Қарбыз

Бақшада өсті.

II топ                       Жапырақ

Күзде сарғайды.
III топ                       Егін

Күзде жиналды.

II Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге Ы. Алтынсариннің  «Салақтық» мәтінін түсініп оқып келу тапсырылған.

Оқушылардан мынандай сұрақтарға жауап алынады:

-Ы.Алтынсарин кім? Оның қандай шығармаларымен таныстық?

-Салақтық сөзіне қарама қарсы мағынадағы сөзді ата

-Берілген мақал-мәтелдерден осы мәтінегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді ата.

-Тазалық –денсаулық кепілі.

Ойлы сөз: Салақтық –жаман әдет

III. Жапырақ жинау ойыны.

Салақтықтан басқа жаман әдеттің бірі – ұйқышылдық екенін «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісінің өлең түрде жазылғанын, оның авторы О. Әубәкіров жайлы айтып өтемін. Ұйқышылдыққа, ұйқыға байланысты «Ұйқы деген дұшпан бар, Тұла бойды талдырар. Жолдан, істен қалдырар» деген мақалды талдаумен қатар «Кісіге қарап есінеме, есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала» деген әдеп ережелеріне тоқталамын.

Ертегі бойынша сүттің әрекеті: ұйықтапты, ұйып қапты, айран болды, бықырып ашыпты, іріп қапты. Іркітке айналды, іркіт дорбаға құйып сүзілді.

-Дорбаға құйып сүзілген іркіттен не жасалынады?

(Құрт, ірімшік, сүзбе көрсетемін)

-Ақ дәмге байланысты халық не дейді?

(Жерге төгілген ақты баспа)

Сергіту сәті:

Жаза, жаза қолымыз

Талып кетті көзіміз

1,2,3

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз

  1. Оқулықпен жұмыс.

Мысалды оқимын (үнтаспа арқылы)

Түртіп алу жүйесі: INSERT

V білемін

? білмеймін

+ жаңалық

Ертегіні оқушылар оқиды.Ертегіге қатысты мақалды тап:

( Ұйқы деген дұшпан бар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту.

құрт

 

 

 

Үйге тапсырма:

  1. Ертегідегі оқиға желісін байқап дұрыс, саналы түрде, мәнерлеп оқып келу.

2.Сүттен әзірленетін тағамдар атын жазып келу.

  1. Сұрақтарға жауап беру.

Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтап, бағалау.