Кітап ескірмейді.Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Сабақтың тақырыбы: Кітап  ескірмейді.Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Сабақтың мақсаты:

1.Мәтін мазмұнын ашу, жуан және жіңішке айтылатын сөздерді

меңгерту.

  1. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

3.Оқушыларды  білімді  сүюге , кітапты құрметтеуге  баулу.

 

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.

Көрнекілігі: «Әріп терейік» ойыны, суреттер.

Сабақтың  әдісі:  Сын тұрғысынан ойлау технологиясы,сұрақ-жауап

 

Сабақ барысы:       І.Ұйымдастыру 

                                    ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру

 

 

Тиін  мәтінінің  мазмұнын сұрау

Тиін  туралы  қосымша  материалдарын  оқыту.

ІІІ.Жаңа сабақ

І.Қызығушылықты  ояту 

Жұмбақ

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса  аттама.

(кітап)

-Кітап   сөзі   қалай айтылып  тұр?

-Бірінші  буыны жіңішке,екінші  буыны жуан  айтылып  тұр.

Бүгінгі  сабағымызда «Кітап    ескірмейді»  мәтінімен  және  жуан және  жіңішке айтылатын сөздермен  танысамыз.

«Әріп терейік» ойыны

о         ү       і        ұ

а           ө       ә       ы

е

— Жуан және жіңішке дауысты дыбыс әріптерін ата.

-Осы дауысты дыбыстарды қолданып сөз ойлап айтайық.

-Осы сөздер қалай айтылып тұр?

 

ІІ Мағынаны  тану

1.Мәтінді мәнерлеп оқи отырып  мазмұнын  ашу.Кейіпкеріне  тоқталу:

 

Қожанасыр – түркі халықтары арасына Орта ғасырда  кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.

Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.

2.Оқулықпен  жұмыс

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Рөлге бөліп оқу

3.Мәтінді талдау

-Кітап неліктен  ескірмейді? Оны қалай  түсінесің?

«Екі  түрлі  күнделік» стратегиясы

Мәтінді оқып,мәтін туралы  ойларын  жазады

       Мәтіннен  үзінді  Үзінді туралы сіздің ойыңыз

 

3.Шығармашылық  тапсырма

Әңгімеден  жуан және жіңішке  дыбыстар араласып келіп  тұрған сөздерді

табу.

4.«Ішіне  және  сыртына»  стратегиясы

49-жаттығу

Құрамында жуан және жіңішке дыбыстар араласып келіп тұрған сөздерді  ішіне  ,басқа сөздерді сыртына жазу.

                     Ішіне             Сыртына

 

 

5.Топтық  тапсырма

Екі топқа  сөздер таратылады,Жуан және жіңішке айтылуына қарай талдайды.  Мағынасына қарай сөздерден сөйлем  құрастырады.

Білім, бұлағы,кітап

Кітап-білім бұлағы.

Құдық,оқу,қазғандай,инемен.

Оқу инемен құдық қазғандай.

ІІІ.Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел»  стратегиясы

Оқушылар сағат тілімен бағыттас айналдырып кітап туралы сөздер айтып соңғы оқушы сөйлем айтады.

РАФТ   стратегиясы

Роль-кітап

Аудитория-оқушылар

Форма- өсиет

Тақырып- білім

ІҮ.Қорытынды.

Ү.Бағалау