Етістік ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Етістік

Сабақтың мақсаты:         Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретінін ұғындыру.

Пәндік нәтиже:                  Етістіктерге дұрыс  сұрақ қоя білу, сөйлем ішінен заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін


сөздерді таба алу.

Тұлғалық нәтиже:            Дұрыс сөйлем құра білуге үйрету. Оқушылардың сөздік қорын байыту.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже:Есте сақтау қабілеттерін, зейіндерін арттыру. Каллиграфияны сақтау, кішіпейілділікке,

адамгершілікке, қырағылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:    Суреттер, қималар, слайд, смайликтер.


Сабақтың әдісі:                сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру, меңгерту, биопоэма әдісі, ойындар.

Сабақтың түрі:                 Жарыс  сабақ

Пәнаралық байланыс:     Дүниетану, әдебиеттік оқу

 

Сыныбы:  2 «Б»

Уақыты Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау
5 минутІ. Ұйымдастыру

1) Оқушыларды түгелдеу.

2) Оқу құралдарын түгелдеу, тексеру.

Топқа бөлу

Поэзия минуты

Сәлемдесу.

Шаттық шеңберін құрып, жақсы тілектер айтқызу.

Топ ережесін құру

І топ «Тапқырлар»

ІІ топ «Білгірлер»

ІІІ топ «Алғырлар»

Сәлемдеседі.

Оқушылар бір-бірінің жақсы қасиеттеріне байланысты мадақтау айтады.

Әр топ өздерін қорғайды.

3 минутІІ. Үй тапсырмасын сұрау-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Өтілген тақырыпты қайталау.

«Кім тапқыр?» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

-Сөйлем дегеніміз не?

-Сөз таптары дегеніміз не?

-Мәтін дегеніміз не?

Әр топтағы оқушылар үй тапсырмасын айтады.Бір-біріне қосымша сұрақтар қойылады.Бармақ  арқылы бағалау

 

 

 

 

2 минутІІІ. Қызығушылығын оятуБалалар, бүгін біз  сіздермен «Ертегілер еліне» саяхат жасаймыз. Ертегілер еліне бару үшін біз ұзақ жол жүруіміз керек.  Ал, балалар, саяхатқа шығуға дайындалайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минутІV. Жаңа сабақ-Міне балалар, «Ертегілер еліне» де келіп жеттік.

-Ертегі еліне кіру үшін мына қақпаның есігін ашу керек.

-Есікті ашу үшін бізге не керек?

-Кілт

-Тағы не керек?

-Білім

-Егер біз мына жұмбақтың шешуін тапсақ, білім кілтін тапқанымыз болады.

Жұмбақ:

-Оймен қане өсейік,

Ойлы жұмбақ шешейік.

Оқысаң, аласың,

Оқымасаң, наласың.

Қатарыңнан қаласың. Ол не?

Бұл елді балалар «Сөз табы» деп аталатын патша басқарады екен. Оның тоғыз баласы бар екен. Ол өзінің тоғыз баласына тоғыз елді басқаруға бөліп беріпті. Біз сіздермен өткен сабақта «Зат есім» деп аталатын баласымен танысқанбыз (Зат есім ережесін айтып өту). Ал бүгін «Етістік» деп аталатын баласының мекенімен танысамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 
Етістік деп заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді айтамыз. Сұрақтары Не істеді? Не қылды? Қайтты? Бұл елде бір суретші өмір сүріпті. Ол әр түрлі суреттер салады екен. Суретші жануарлардың суретін салыпты.Біз бүгін сол жануарларға қимыл-әрекет қосып, мән-мағынасын ашуға суретшіге көмектесейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
1-жаттығу.

Қой маңырайды. Сиыр мөңірейді. Жылқы кісінейді. Түйе боздайды. Мысық мияулайды. Ит үреді. Әтеш шақырады. Қаз қаңқылдайды.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Білім)

 

 

 

 

 

Зат есім ережесін жатқа айтқызу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаттығуларды жазып, талдату. Әр жануарлар мен құстардың дауысын салу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

2 минутV. Сергіту сәтіПоэзиялық минут
2 минутVІ. Ойын«Сөз құра, тез құра»

Берілген әріптер: и,ж,г,ү,р,і,к,л,д,е,а,ә,т,ш,ұ.

3 топтың оқушыларынан кезектесіп, бірнеше сөздер жазу.
2-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.

Көктем келді, құс келді,

Күн ұзын, түн қысқа енді.

Көктем келді, су ақты,

Күннің көзі шуақты.

Көктем келді, гүл өсті,

Көбелектер гулесті.

(Қ. Мырза Әли)

Оқушылар етістіктерді теріп жазады.-«5»

 
-«4»

 

-«3»

 

 

 

5 минутVІІ. Шығармашылық тапсырма«Жансыз суреттер» ертегісі

-Біз енді жансыз суреттер еліне келдік.

-Қане, балалар, суретті бейнелерге жан беріп, сөйлетіп көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

3 топ сурет бойынша жұмыс жасайды. Әр топ жазған шығармасын оқып шығады.
5 минутVІІІ. Биопоэма әдісі бойынша жұмыс

 

 

 

 

 

Ертегі:

 1. Аты: Қоян

2. Сипаттайтын сөз:

3. Жақсы көретіні:

4. Қорқатыны:

5. Басынан өткізген сезім:

6. Болашақтан не күтеді:

7. Мекен-жайы:

4-жаттығу

Бір кішкентай күшік көшеде адасып қалыпты. Қараңғы түсіп, үйіне баратын жолды таппапты.

-Егер біз мына жұмбақты шешсек, оған көмек бергеніміз болады.

Жіппен келеді,

Үзсең сөнеді.

 

 

 

Қоянға байланысты ізденеді, талқылайды, ортаға салады.

 

 

 

 

 

 

Күшікке көмек

3 минутІX. Ойын «Сиқырлы сандық»Ал, енді балалар, сиқырлы сандықтағы жасырылған суреттерге сөйлем құрау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Енді балалар, ертегілер елімен қоштасып, өз сыныбымызға келейік.

Суреттермен жұмыс

1. Айдана кілемді тазалады.

5 минутX. Қорытынды

 

бағалау

-Біз қандай сөз табымен таныстық?

-Етістік дегеніміз не?

-Қане, енді  зат есім мен етістікке байланысты Венн диаграммасын құрып көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 
 

XІ. БағалауОқушылар смайликтер арқылы бағаланады.

 

XІІ. Үйге тапсырма беру5-жаттығу

Оқушылардың ұпайын есептеу.

 

Үйге берілген тапсырмаларды белгілеп алады.