«Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытындылау сабағы

Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша қорытындылау сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: «Оқушылардың жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша алған білімдерін қайталау арқылы, терең меңгеруге ықпал ету.
  2. Дамытушылық: Ойын элементтері арқылы оқушылардың тарау бойынша жаттығуларды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды логикалық ойлауға, байқампаздыққа, ұйымшылдыққа, патриоттыққа, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 


Сабақтың түрі:           Қорытындылау сабағы

 

Сабақтың типі:         Дәстүрлі сабақ

 

Оқытудың әдістері:    Сұрақ-жауап, деңгейлеп дамыта оқыту, шығармашылық жұмыс.


 

Оқытудың формасы: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет

 

Пәнаралық байланыс: Спорт,  саясат.

 

Сабақтың көрнекілігі:       1. Слайд-презентация

  1. Бағалау жетондары
  2. Семантикалық карта

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушыларды сабаққа әзірлеу;

ә) сабақтың мақсат, міндеттерін түсіндіру

МақсатыМұғалімінің әрекетіОқушы әрекетіТапсырма түріӘдісіЖүйесіТәрбиелік мәніКөрнекілікҰпайУақыт
1БілімБалалар, бүгін біз бір үлкен тарауды тәмәмдағалы отырмыз. Ол қандай тарау?«Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауыҰжымСұрақ-жауапОқушы-мұғалімҰйымшылдықСлайд № 3

 

Бұл тараудан сендер не үйреніп шықтыңдар.—    Жай бөлшектерді және аралас сандарды қосуды, азайтуды, көбейтуді бөлуді.

—    Санның бөлігін табуды;

—    Бөлігі бойынша санды табуды;

—    Бірлесіп орындалатын жұмыстарға арналған есептер шығаруды.

Осыдан, біздің сабағымыздың мақсаты туындайды

Сабақтың мақсаты:

—         «Жай бөлшектерге амалдар қолдану» тарауы бойынша негізгі ережелерді еске түсіру;

—         Жай бөлшектерге амалдар қолдануға арналған есептерді шығару.

Сабақтың міндеті:

—         Математикалық диктант жазу;

—         «Күн сәулесі» ойыны арқылы ауызша есептеулер жүргізу;

—         «Тау шаңғысы» ойыны арқылы жай бөлшектерге амалдар қолдану.

—         Семантикалық картамен жұмыс.

—         Сөзжұмбақ шешу.

 

 

 

1. Р е п р о д у к т и в т і к    д е ң г е й
МақсатыМұғалімінің әрекетіОқушы әрекетіТапсырма түріӘдісіЖүйесіТәрбиелік мәніКөрнекілікҰпайУақыт
Балалар, биылғы жылы Қазақстанда қандай елеулі оқиғалар болды?7-ші қысқы Азия ойындары.

Бүкілхалықтық Президент Сайлауы, Тәуелсіздіктің 20 жылы

ҰжымСұрақ-жауапОқушы-МұғалімПатриоттық сезімдерін оятуСлайд №4
7-ші қысқы Азия ойындары туралы кім сипаттама беріп кетеді.7-ші қысқы Азия ойындары үстіміздегі жылдың 30-қаңтары мен 6-ақпан аралығында еліміздің қос астанасы Алматы мен Астанада өтті. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.ҰжымСұрақ-жауапОқушы-МұғалімПатриоттық сезімдерін оятуСлайд №5
Осы 7-ші қысқы Азия ойындарының бойтұмары не болып табылады?Қар барысы.ҰжымСұрақ-жауапОқушы-МұғалімҚар барысы

Слайд №6

Әрине, қар барысы. Қар барысы бізге математикалық диктант алып келіпті. Диктант 7-ші қысқы Азия ойындарына байланысты 7-тапсырмадан тұрады. Дәптерлерінді ашып, соған жазайық:

1.  және бөлшегін қосыңдар.

2.  және  бөлшектерінің айырымын табыңдар.

3. Мына сандарға кері сан жаз. 5; ; .

4. 33- санының  бөлігін табыңдар.

5. Бөлгіш 45, бөлінгіш . Бөліндіні табыңдар.

6. және  бөлшегін көбейтіңдер.

7.  және  бөлшегінің айырмасын табыңдар

1.

2.

3.

4. .

5.

6.

7.

ҰжымПрактикалықОқушы-дәптерШапшаңдықДиктант мәтіні
Енді, өз қателерінді жылдам тексеріп жіберіңдер.Оқушылар тақтаға ілінген дұрыс жауаптан қателерін тексереді.ҰжымСалыстыруОқушы-дәптербайқампаздық

 

Слайд №7
2. А л г о р и т м д і к   д е ң г е й
2ТүсінуБалалар, мынау қандай белгі?7-ші қысқы Азиада ойындарының эмблемасы. Ол Азиада әтетін елдің ерекшелігін көрсетеді.ҰжымОқушы-КөрнекілікОқушы-МұғалімПатриоттық сезімдерін ояту

 

Азиада логотипі

Слайд №8

Барлық Азия елдерінің эмблемасының басты элементі не болып табылады.КүнҰжымПроблемалық сұрақОқушы-МұғалімІзденімпаз
Дұрыс, жоғарыдан жарқырап тұрған күн сәулесі. Біз де «Күн сәулесі» ойынын ойнайық.Оқушылар ауызша есептеп, бағаннан дұрыс жауапты тауып,  жанына белгі қояды.ҰжымПрактикалықОқушы-көрнекілікОйлау қабілетін дамытады«Күн сәулесі» ойыны

Слайд №9

 

 

 

МақсатыМұғалімінің әрекетіОқушы әрекетіТапсырма түріӘдісіЖүйесіТәрбиелік мәніКөрнекілікҰпайУақыт
Қазақстан қысқы Азия ойындарына алғаш рет қашан қатысты?1996 жылыСлайд №10  
Ол қай жерде өткенін білгілерін келе ме?

олай болса мына семантикалық картаны дұрыс шешсеңдер, 1996 жылы 3-ші қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың қаласының аты шығады. Бұл қала әлемге «Шығыстың мұз қаласы» деген атпен белгілі.

 

Семантикалық картаның жолдарындағы есепті шығару керек. Есептің шешуін баған аттарынан тауып, қиылысқан тұстағы әріпті белгілеу керек.

Жауабы: Харбин

Жеке дара

 

 

 

 

 

Практикалық

 

 

Оқушы-көрнекілік

 

Ойлау қабілетін дамытадыСемантикалық карта

Слайд №11

 

 

 

3. Э в р и с т и к а л ы қ   д е ң г е й
3Қолдану.7-ші Қысқы Азиада олимпиадасында спорттың неше түрі бойынша ойын жүргізіліді?11 ойын түрі бойынша спорттық іс-шаралар жүргізіледі.Ұжымсұрақ-жауапОқушы-Мұғалімой — өрісін арттырады.
Осы ойындардың бірі  – тау шаңғысын ойнайық.ҰжымпрактикалықОқушы-тақта –көрнекіліклогикалық ойлау, зеректілік

 

Слайд №12
4ТалдауСөзжұмбақ шешу

1.       Жай бөлшектер туралы толық мәліметті арифметика кітаптарына енгізген кім?

2.       Бөлшек сызығының үстіндегі сан.

3.       1 бүтіннің ¼ бөлігі қалай аталады?

4.       Алым, бөлім атауларын енгізген 13 ғасырдағы грек математигі.

5.       алымы 1-ге тең бөлшек не деп аталады?

6.       Тең бөліктер қалай аталады?

7.       Бөлшек сөзін енгізген италия ғалымы?

8.       5 сынып математика оқулығының авторы.

Ерекше торкөзден Олимпиада ойындарының штаб пәтері орналасқан қаланың атын оқуға болады.

ҰжымІзденісОқушы-көрнекілікТапқырлық, ойлау қабілетін шыңдайды.Сөзжұмбақ

Слайд №13

 

 

МақсатыМұғалімінің әрекетіОқушы әрекетіТапсырма түріӘдісіЖүйесіТәрбиелік мәніКөрнекілікҰпайУақыт
4. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ    д е ң г е й
5ЖинақтауҮйге тапсырма.

1. Қытайда өткен VI қысқы Азия ойындарында Қазақстан 18 алқа иеленді. Оның бөлігі алтын,  бөлігі күміс, қалғаны қола медаль. Қазақстан неше алтын, неше күміс, неше қола медаль иеленді?

2. 7-ші қысқы Азиадамен байланыстырып, санның бөлігін табу, бөлігі бойынша санды табуға арналған есептер құрастырып, соны шығарып келу.

ҰжымШығармашылықОқушыОқушы ізденеді, зерттеулер жүргізеді.Слайд №14
6Бағалау.Сабақ барысында сұраққа жауап берген, есеп шығарған оқушыларға жетондар таратылады. Бағалау оқушылардың жинаған жетондары арқылы жүргізіледі.

«3» бағасы – 1-2 жетон жинаған

«4» бағасы – 3-5 жетон жинаған

«5» бағасы – 6 –ден көп жетон жинаған оқушыға қойылады.

Оқушылар мына үлгідегі жетондарын санап, бағалау шкаласына сай өздерінің бағаларын анықтайды.Слайд №15
Қорытындылау«Балалар 7-ші қысқы Азия ойындарында қанша алқа иелендік? Біздің спортшылар не үшін, қандай мақсатпен Азиадаға қатысты?» деген сауалды тастай отырып, мұғалім сабағын «Біздің спортшыларымыз еліміз үшін қолдан келген күш жігерлерін аямады. Сендер де болашақта еліміздің рухын биіктету үшін білім алып, жақсы азамат болып өсулерің керек» деген сөзбен қорытындылайды.ҰжымСұрақ-жауапОқушы-МұғалімӨз ойын еркін жеткізу, қорытынды жасауСлайд №16