Логикалық тапсырмалар

Логикалық тапсырмалар.

Ұсынылып отырған  «Логикалық тапсырма» 4 — сыныптағы  қазақ тілінің  бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді  көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.

Берілген  тапсырмаларды  орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой  өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына  ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен  ізденіп  жұмыс жасауына мүмкіндік  береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Тапсырма

Берілген  сөздерді   алфавит  ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А)  __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________

 

 

Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте  орны  бар.

Оқылмайтын  жазса да,

Қай  белгі ол табыңдар.

Шешуі  _______ ____

 

Тапсырма

Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.

 

«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.

 

ЖуанЖіңішкеҚатаңҰяңҮнді
……………….………………………….……………..……………..

 

У — дыбысының жазылуы

У — әрпі  кейде  дауысты,  кейде  дауыссыз  дыбысты  білдіреді.

Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында  тұр.

Суға  -дауысты  дыбыс,  екі  дауыссыздың  ортасында тұр.

Тауық  -екі  дауыстының  ортасында  келсе,  дауыссыз дыбыс.

У дыбысына  біткен  қимылды  білдіретін  сөздерге  у  дыбыс  қосылғанда  екі  у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу

Тапсырма

Берілген  сөздердегі  у  қандай дыбыс  екенін  айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.

 

Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

Тапсырма

Кестені  толтыр.

Дауысты  у                                           Дауыссыз  у

Тулақ                                                                         Уәзір

__________________                       _________________

__________________                       _________________

__________________                       _________________

__________________                       _________________

 

Я, ю, ё  әріптерінің   жазылуы

 

я=й+а

ю=й+у

ё=й+о

 

я, ю, ё  — әріптердің  дауысты  дыбыстар. Бұл әріптер  жеке  тұрып та,  дауыссыздармен  тіркесіп  келіп  буын  құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

Тапсырма

Сөз жұмбақты  шеш.

 

яКісінің аты
яКісінің аты

 

яШөп
Шөп

 

яЖәндік аты

 

яАдамның дене мүшесі

 

Ф, В — дыбысының жазылуы.

 

В — ұяң  дауыссыз  дыбыс

Ф- қатаң  дауыссыз  дыбыс.

Бұл дыбыстар сөздің  барлық буынында келеді.

Ч,щ,ц,х,һ –қатаң дауыссыз  дыбыстар.

 

Қызықтырып бізді,

Ағам чертеж сызды.

Біздің туған шаһарда,

Тұрады көп қаһарман.

Циклон- ол дауыл,

Көрді соны ауыл.

Зообақта көп хайуане,

Келген бәрі қайдан?!

Ащы тамақ ауыр,

Тұщы тамақ тәуір.

Қ. Мырза Әли

Тапсырма

Өлең жолдарынан қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Олардың неліктен қатаң дыбыс екенін дәлелде.

 

 

 

 

Тапсырма

Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра.  Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?

—————————————————————————————————————————————————————————————————

Тапсырма

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлдаған.

Шырмалған шырмауық,

Шүпірлеп шығыпты.

Шілдеде су ішпей бір ауық,

Шытынап бұтағы сыныпты

Өкпелеп қуып,

Көшкен ауылды.

Өкпем өшті,

Өкшем ауырды.

Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал. Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар.

*Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра.

* Мәтін бере отырып қателерін тапқызу, жазылуы күрделі сөздермен жұмыс жасату, іздендіру. Орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау.

* Сөзжұмбақ құрату,  шештіру.

* Түбірлес сөздерден картотека тергізіп жасату

Анаграмма «К» әрпіне

К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
  1. Кісінің аты
  2. Ұя салмайтын құс
  3. Жанғыш пайдалы қазба
  4. Тағам түрі
  5. … білім бұлағы
  6. Жер қазатын құрал
  7. Қыста ұйықтайтын жануар
  8. Спорт түрі
  9. Жәрдем жасау
  10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

Тапсырма

Көп нүктенің    орнына тиісті   әріптерді қой.

…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау…ар,  … адиша,  жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка,  кон…ерт, стан….ия, ….ифр, …абар.

Тапсырма

ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.

 

* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.

Тапсырма

  Жұмбақты  оқып, шешуін тап.

Қорада емес сарайда,

Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ кйеде,

Жылқыда жоқ, түйеде.

Қырда емес, сайда бар,

Құнанда жоқ, тайда бар.

Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?

Қай әріп? ……..

Тапсырма

1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің сарасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

 

  1. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.

Адамны…, ананы…, қошақаны…, алақанны…, ауылды…, сананы…, жаманны…, түнні…, қолымны…, сезімі…, атаны…, баламны…, оқушымсы…, перзентімні…, балапаны…, арманымны….

Тапсырма

Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?

Ж П Н Д Б Р Н Р —А а а і ә
С Б Р У З Ж Б Қ , Е а а ы а ы
Ш Л Р М З Г Л Н ДА ы а е і і е
Б У Р Н Ж З П ,А ы а ы
Ш Н Д Т Л П Ж Т —І і е о ы о ,
К Н Қ З Н С Б Р ,А а ы а ы а
Қ Р К Қ П П И Д —О е ы а а
Л Н Р Т М М Х Л Қ ,А а а а а ы

Сөйлем

Сөйлем  бірнеше  сөздерден  құралады. Сөйлем  аяқталған  ойды  білдіреді.Айтылу  сазына  қарай  үш  түрі  болады. Сөйлемнен  соң  не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп  белгісі (!) қойылады.

Тапсырма   

 Берілген  сызба  бойынша  сөйлем  құра.

________    __________   __________ .

__________ __________ __________ ?

__________ __________ __________!

 

Тапсырма 

Берілген  сөйлемді  сұраулы сөйлемге айналдыр.

  1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші  сыныпта  оқиды. 3. М.Әуезов  1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын.  5. Ыбырай Алтынсарин  балаларға  арнап  оқулық  жазды.

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма 

Жұмбақтар

Сидам аяқ, ұзын мойын:

Таң қаласың көрсең бойын.

Тілі — ұзын, жемі — тікен,

Мейірбан жуас айуан екен.                             (Керік)

Мүйізі бар тұмсықта,

Өте қатал мінезі.

Аяқтары қып-қысқа,

Сом денелі аң өзі.                                  (Мүйізтұмсық)

Алшаң-алшаң басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады.                                 (Арыстан)

Жұмбақтардың шешуі не туралы?  Олар туралы баяндап бере аласыңба?

Тапсырма 

«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал…)

Тапсырма 

Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,

Қазағыма бақыт берген, бақ берген.

Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі,

Мәңгілікке орын алшы нақ төрден.

өлеңдегі ойға назар аударып, қара сөзбен баяндап беріңдер. Қандай дыбыстар үндесіп тұр, неліктен деп ойлайсың?

Тапсырма 

«Ұйқасын тап»

  1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім… (қоян)

  1. Алмастан тыным,

Шабады … (құлын)

  1. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен … (кірпі)

  1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы … (арыстан)

*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.

Дидактикалық ойын

Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.

Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б  заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.

Жұмбақ шешу

Белі қылдай, кең құрсақ,

Жұмыскер жәндік соны тап.                          (Құмырсқа)

Ызыңдауын қоймайды,

Қанға өмірі тоймайды.                          (Маса)

Ас көрсе-ақ болды жалайды,

Ауру содан тарайды.                                       (Шыбын)

Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың?

Жұрнақтар ойыны.

Қай жұрнақ жүр жайлауда?

Көп шалғынды қойнауда.

(сиыршы, қойшы, жылқышы, сауыншы)

Қай жұрнақ жүр құрылыста?

Қызып алған жұмыста.

(тас қалаушы, сылақшы, сүргілеуі)

Бір жұрнақ бар затқа қосылса,

Оның сапасына, сынына айналады.

(ат-ты, көрік-ті, еп-ті, қоным-ды…)

 

Шарада.

Бұрыл десем тезірек,

Түбірін тауып алдағы.

Ыс-ты жалға басына,

Пішініңді сал дағы,

Жаңа ұғымды табасың,

Оны біліп аласың.                   (бет-бұр-ыс)

 

Бір ақынның атында

Үш буын мен екі сөз.

Үш дауысты тірегі,

Айтшы кімдер біледі?              (Тұ-ман-бай)

 

Етістікке ал деген,

Қоссам өлім жазасын.

Ертегіден, аңыздан,

Оны тауып аласың.                         (Ал-дар)

Сәйкестендіру тесті

  1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар
  2. Кімдер? 2. домбыра, гүл
  3. Не? 3. оқушы , ана
  4. Нелер? 4. әндер, құстар
  5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар

6.Жалпы есім түрі:                                       6. Қобыз, ән, құс

 

Тапсырма

Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашыңдар.

 

Үлгі:

Аузына құм құйылды — аузын ашпау.

 

  1. Жұлдызы қарсы —
  2. Көз қырын салу –
  3. Құрдай жэорғалау –
  4. Дүние есігін ашу –
  5. Жаны мұрнының ұшына келу –
  6. Ат тонын ала қашты –
  7. Тас бауыр –

Тапсырма

Суретке қарап, әңгіме  құрап, сөйлемдегі  зат есімдердің  астын сыз.

 

 

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

 Тапсырма

Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.

Мәз болады болысың

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.

 

Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.

 

Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.

 

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

 

Өлеңнен таңдап алынған сөзТүсініктеме
БолысЕл басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі…

Тапсырма

«С»-дан басталатын сегіз сөз.

Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:

1.Сұйық зат

2.Зат немесе құбылыс атауы

3.Дақыл атауы

4.Жеміс аты

5.Қарудың аты

6.Жоғары оқу орнының оқушысы

7.Өсімдік атауы

8.Студентке төленетін айлық

С

С
С
С
С
С
С
С

 

Тапсырма

Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?

 

Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!

 

Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

  1. Қандай? 1. таза
  2. Қай? 2. ақылды
  3. Негізгі сын есім: 3. қара
  4. Туынды сын есім:       4. ойлы

 

Тапсырма

 

Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға,  сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы: Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.

Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.

 

І топ Бала   ………………………………………………………………………………

ІІ топ Құс    ………………………………………………………………………………

Сан есім.

Заттың  санын, ретін білдіретін  сөздерді  сан есім  дейміз.

Қанша? Неше? алты, жеті, он бір.

Нешінші? бірінші, оныншы

Нешеу ? екеу, жетеу.

Дара сан есім:  он, алты.

Күрделі сан есім: он бес, жиырма сегіз

Есептік: бір, екі, үш

Реттік: бесінші, алтыншы.

Тапсырма

Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.

Он саусақ

Жалғыз  саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

 

Үш  саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

 

Өнерлі екен он саусақ,

Қала  салсақ, жол салсақ.

  1. Өлеңді қара сөзге айналдыр.

Тапсырма

 

Сәйкестендіру тесті

 

  1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
  2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
  3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.
  4. Дара сан есім: 4.  он, алты.
  5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
  6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
  7. Реттік: 7. бір, екі, үш

 

Тапсырма

Сан есімге  байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________

 

Тапсырма

Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.

 

Білімді…………… жығады, білекті…………… жығады.

…………ауыз сөздің тобықтай түйіні.

 

Етістік

Заттардың   қимылын, іс-әрекетін  білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Не істеді? Келді.

Қайтті?     Кісінеді.

Неғылды? Ұшты

Негізгі етістік:  біл.

Туынды етістік:  шеге+ле, сап+а

Дара: оқы, кел.

Күрделі етісітік: оқып отыр, келе жатыр.

Болымды етістік: айт,бар, жүр

Болымсыз етістік: айтпа, барма, жүрме.

 

Тапсырма

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

Етістіктерді  тап. Олардың  түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық  түріне  ажырат. Соңғы  сөйлемдегі сөздердің  байланысын  сызба  арқылы көрсет.

 

Тапсырма

Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.

 

Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап…

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап…

Жай жүргенде бір күні,

 

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

 

Өлеңнен таңдап алынған  етістік сөзТүсініктеме
Орнықпайды суылдап.

 

Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.

 

Тапсырма

Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.

 

Ек

 

Тапсырма

Мақалдарды  түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап.

 

Өсер  жастың  алдын кеспе,

Өсер ағаштың басын кеспе.

Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

 

  1. Не істеді?                          1. сапа
  2. Қайтті?                                 2. оқып отыр
  3. Неғылды?             3. айт,бар
  4. Негізгі етістік 4. барма, жүрме.
  5. Туынды етістік 5. оқы, кел.
  6. Дара 6. оқыды
  7. Күрделі етісітік             7. кісінеді.
  8. Болымды етістік 8. ұшты
  9. Болымсыз етістік 9.  қаз

Тапсырма

Заттардың қандай әрекеті бар?

Үлгі.

Арық суы- сылдырап, күлімдеп, жүгіріп, ойнап, атқылап, шуылдап, ойнақтап, жарыса ағады.

Комбайн- орады, жинайды, шабады.

Мұғалім- айтады, түсіндіреді, оқиды, сүрайды, үйретеді.

Бозторғай-шоқиды, теріп жейді, сайрайды, ұшады.

Жел-

Бала-

Тапсырма

Антонимін тауып жаз.

 

КЕҢ
АРАЗ
ЖАҚСЫ
ЖАЙПАҚ
ЕЛГЕЗЕК

 

 

Тапсырма

Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың.

 

Шашты олай өрме,

Тоғыз өрме қамшыны,

Бөтен кісіге берме.

Ж. Кәрімқызы.

 

 Тапсырма

Мағынасы  қарама-қарсы  сөздерді жаз.

Жылы  ____________                       Биік___________________

Ақ ________________                      Үлкен__________________

Жуан  _____________                      Ойық__________________

 

Тапсырма

Логогриф

  1. Табиғаттың атауына қоссаң,

Егер бақаны

Ыстық жерде

Жәндік болып жатады. (тас-бақа)

Жоғарыда тұрағы,

Бәрін ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Кітап, журнал шығады.   (бас-па)

Тапсырма

Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.

Оқушы келді. Жаңбыр жауды. Жел тұрды. Күн суытты.

Тапсырма

Көп нүктенің  орнына  тиісті  сөзді  жазыңдар.

  1. Мирас … .2. Анасы жұмысқа …3. Балалар… жүр екен. Назира … келді.

Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.

 

Метаграмма

 

1.Ұ-дан бастасаң, темір түйген шебермін,

З-ны қоссаң, білім саған беремін.        (…)

  1. Әсем жермен, ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын.   (…)

  1. Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді.  (…)

 

Я,  Ё, Ю дыбысы.

 

  1. Жаңылтпашты оқы.

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы,

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ,

Олақпын ба,

Оя алмадым оюларды.

 

  1. Жұмбақ шешейік.

Торпақта жоқ,

Қоянда бар,

Шортанда жоқ,

Шаянда бар.

(……………………)

Тапсырма

Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құра.

____________________________________________

____________________________________________

 

  1. Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.

 

Әдептілік, ар  -ұят — адамдықтың белгісі.

                         

Тапсырма

Мақал- мәтелдің соңын тап.

 

  1. Әрбір ғалым – хаким емес, әрбір хаким -………………………………………..

 

2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен………………………………………………..

 

  1. Шәкіртсіз ғалым-………………………………………………………………….

 

  1. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала………………………………….

Тапсырма                                

Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?

 

  1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес,

Адамның баласы бауырың емес.

 

  1. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.

 

  1. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.

 

  • Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол.

 

  1. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.

 

 

Ойлан тап.

 

Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.

 

 

Тапсырма

Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі тор көзге лайықты сөз жаз.

 

көмеК
КК
КК
КК
КК
КК
КК
КК
КК
КК
КК
кк

 

Тапсырма

«ҒА» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.

 

ТАҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА

 

Тапсырма

«ҒАҚ» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.

 

ЖАҢҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ

 

Тапсырма

Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып, төмендегі баспалдақты толтыр. Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.

 

ЕК
АЙНА

 

Тапсырма

Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер.

 

Үлгі:

Оймақ мыстан не теріден жасалады. Тігіншілер саусағына ине батпауы үшін, кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады.

 

  1. Оймақ
  2. Саптама
  3. Кебеже
  4. Тошала
  5. Құймақ
  6. Қазы
  7. Күлпара
  8. Қылыш
  9. Қорамса

 

 

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы

 

Мағынасын ашатын  сөзТүсініктеме
Оймақ

 

Мыстан не теріден жасалады. Тігіншілер саусағына ине батпауы  және кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

 

 

  1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл
  2. Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.
  3. Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым. М.Шәбжантайқызы. Көкшетау.2002 жыл.
  4. «Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл
  5. «Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл
  6. Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл
  7. Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар»  Алматы. «Өлке»