Сан есім

Cабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру. Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.
  2. Оқушылардың ақыл-ойын, сөйлеу тілін дамыту, қиялын ұштау. Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, ығармашылық қабілеттерін дамыту.
  3. Сауатты жазу дағдыларын  жетілдіру, ұқыптылыққа, тазалыққа  тәрбиелеу.

 


Сабақтың  түрі: аралас  сабақ

 

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік  жұмыс.

Көрнекілігі: электрондық оқулық, тірек-сызба, мультимедиалық кабинет, сурет.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.


 

Сабақтың  барысы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

— оқушыларды  сабаққа  әзірлеу;

— балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің  білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық;

— психологиялық даярлау:    Үлкенге де сіз,

  Кішіге де сіз,

  Сәлем бердік сіздерге

  Құрметпенен біз.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

— дәптерлерін тексеріп, ауыстыру;

— балалар, бүгінгі сабақта жаңа тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы сабақ өтеміз.

— қазақ тілінде неше сөз табы бар?

— біз қандай сөз таптарымен таныстық?

— ендеше, өткен сабақтарға  байланысты семантикалық картамен жұмыс жасайық:

Семантикалық карта

СөздерЗат есімСын есімЕтістік
асхана
жасыл
күліп отыр
қағаз
бесеу
ұзын
жүгіріп жүр
қасқыр

— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

  1. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.

Дәптермен жұмыс

— дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ді және мен жасырған  жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық: Бесте бар, баста жоқ. Бұл қандай әріп?  

көркем жазу минуты: Ее әрпін бір жолға жазамыз да, бес сөзін екінші жолға жазамыз (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

— әдемі, көркем етіп жазып болсақ, маған айтыңдаршы біз қай сөзді көркем етіп жаздық?

— әрине, бес, бес дегеніміз не?

бұл сөзге сұрақ қояйықшы қанше? немесе неше? Ал мұндай сұрақтарға жауап беретін сөз табымен таныстық па?

  1. Жаңа сабақ.

— ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сан есім».

Заттың санын, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жеті, он, жиырма, сексен бес. (хор)

Оқулықпен жұмыс

182 бет. 1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Осы сөздер нені білдіреді? Слайд

 

183 бет. 3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.

 

Тақтада берілген жаттығуды жазайық. Өлеңді түсініп оқы.Өлеңнен сан есімдерді тауып, көшіріп жазамыз және бір сан есіммен сөйлем құрастырамыз.

— сергіту сәті: Қарлығашқа ұқсайық,

                      Қане, қанат жасайық,

                     Қарлығаш боп ұшайық

                    Ұшып-ұшып қонайық.

 

  1. Қорытындылау.

— балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

— бүгін қай сөз табымен таныстық?

— ендеше, осы сөз табына байланысты тест жұмысын өткізіп, қаншалықты түсінгендеріңді көрейік:

Тест.

Сан есім.

р/ссұрақтарынұсқалары
аәбв
1Сан есім нені білдіреді?заттың сынынзаттың санын,ретінзаттың атынзаттың сапасын
2Сан есімнің сұрақтарын көрсеткім?не?

кімдер?нелер?

не істеді?қайтті?қандай? қай?қанша?неше?

нешінші?

3Сан есімді көрсетжасылон бесдалапарта
442 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?қырыққырық тоғызтоқсанқырық екі
592 саны қай нұсқада дұрыс жазылған?тоқсан үштоқсан екісексен біржетпіс

— үйге тапсырма: 4-жаттығу,183 бет. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі цифрдің тиістісін сөзбен жаз. Үлгі: …(7,0) жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды. Жеті жасар Нұрым әжесінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.

— бағалау: семантикалық карта бағасы

сабаққа белсене қатысқаны үшін баға

беттестіру тестінен алған баға