Тоңазытқышта көкөністер мен жемістерді қалай дұрыс сақтауға болады

Тоңазытқышта көкөністер мен жемістерді қалай дұрыс сақтауға болады

Дұрыс және пайдалы тамақтану үшін жаңа піскен  жеміс жидек пен көкөністер қажет. Егерде мүмкіндік болса, ең дұрысы оларды бірден бақшадан алып қажетіңізге жарату. Ал егерде, мұндай мүмкіндік жоқ болатын болса, онда оларды тоңазытқышта сақтауға тура келеді. Барлық көкөністер мен жемістерді тоңазытқышта сақтауға болады ма? Мұны қалай дұрыс іске асыруға болады?

Бәрімізге белгілідей, жаңа піскен өнімдер дәрумендерген, минаралды заттарға және микроэлементтерге өте бай. Егерде оларды жақсы сақтай білсеңіз, олар тек қана әдемі түрлерін ғана емес, сондай-ақ дәмді қасиеттерін және пайдалы дәрумендерін де сақтайды.

Ең басты, сақтауда, таптырмайтын көмекші болып тоңазытқыш табылады. Төмен температура кезінде, ас өнімдері өздерінің қасиеттерін ұзақ сақтайтын болады. Алайда егерде алмалар бірнеше апта хош иісті және тәтті болып қалса, банан бірнеше күннен кейін-ақ қарайып, ал құлпынай ертеңгі күнде өзінің дәмі мен хош иісін жоғалтады. Бұның себебі неде? Бұл қарапайым түсіндіріледі: әр алуан өнім әртүрлі температура мен ылғалдылықты талап етеді.

Өнімнің сапасы мен сақтау ұзақтығына көптеген факторлар әсер етеді:

— Ортаның температурасы мен ылғалдылығы;

— Зақымданудың болмауы;

— Жабынының тығыздығы мен ылғалдылықты жоғалту қабілеттілігі.

Пиязды тоңазытқышта сақтауға болады, алайда оның иісі басқа да өнімдерге таралуы мүмкін. Сарымсақты дұрысы тоңазытқышқта сақтаған дұрыс. Қағаз қаптамада сарымсақды тоңазатқышта айлар бойы сақтауға болады.

Ал сәбізді ойықтары бар қаптамаларда сақтау керек. Орамжапырақтардың барлық түрлері, тоңазытқышта жақсы сақталады, тек оларды полиэтиленмен тығыз орап қойсаңыз болды.  Олар үшін тиімді температура – 5-8 градус.

Тропикалық жеміс жидектер 12-ден 15 градус аралықтағы жылы температурада жақсы сақталады. Банан болса суыққа өте сезімтал, сондықтан оларды үстел үстінде немесе шкафта қалдырған дұрыс. Авокадо болса керісінше, тоңазытқышта жақсы сақталады. Цитрустылар суықты өте ұната бермейді, олар тез шіріп кетеді.