Асқабақтың пайдалы қасиеттері

Асқабақтың пайдалы қасиеттері

Асқабақ – ас дайындау үшін әмбебап көкөніс. Асқабақтан бәліштер пісіруге, етті бұқтыруға және т.б. нәрселерді дайындауға болады. Оның ас қорыту мен жүрек-қан тамырларының жүйесі үшін пайдалы екені ежелден белгілі. Асқабақ туралы не білуіміз керек?

Біздің көпшілігіміз Хеллоуин дәстүрі үшін шырақтарды құру үшін асқабақтың тамаша материал екенін білеміз. Себебі асқабақты кесу өте оңай.

Асқабақтың отаны болып Мексика саналады, оны біздің дәуірімізге дейін 3 мың жыл бұрын өсірген. Асқабақ аса күтімді қажет етпейді, оны Антарактидан басқа әлемнің кез келген нүктесінде өсіруге болады.

Асқабақтың қандай пайдалы қасиеттері.

Асқабатың 90% судан тұрады, ал қалған 10 % -ын әралуан дәрумендер мен микроэлементтер құрайды. Асқабақты адам ағзасының қалыпты жұмысы үшін қажетті, пайдалы заттардың жиынтығы деп есептейді. Оның құрамында: С, Е, В1, В2, РР дәрумендері, бета-каротині, калий, кальций т.б дәрумендер бар.

Егерде сіз диетада болсаңыз, онда асқабақ таптырмас өнім. Каротиннің мөлшері бойынша ол сәбізге жуық. Асқабақтың дәндері де өте пайдалы. Олар майлардан, ақуыздан, дәрумендерден және минералды тұздардан тұрады. Сонымен қатар, Е дәруменіне өте бай.

Асқабақтар біршама пайдалы қасиеттерге ие. Ол диеталық көкөніс ретінде, оны асқазан-ішек жолдарының ауруы кезінде ұсынады. ағзаны шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің ауруларын емдеуге септігін тигізеді. Несеп айдаушы, өт айдағыш қасиеті бар және паразиттерді жояды.

Ол сонымен қатар, қан аздық ауруы кезінде де пайдалы. Сесебі ол минералды заттардың жиынтығы. Құрамындағы калийдің үлкен мөлшерінен ол жүрек жұмысын жақсартады, қан қамырларын нығайтады. Бауырдың ауруы кезінде, шикі асқабақты жеуді ұсынады. Егер шикілей асқабақты жей алмайтын болсаңыз, онда оны асқабақ ботқасымен алмастырыңыз. Асқабақтың дәнегі екіқабат әйелдер үшін, токсикоз кезінде өте пайдалы. Алайда оны қуырып жегеннен көрі, кептіріп жеген пайдалы