Координаталық жазықтықта жұмыс істеу алгоритмі

Көкшетау қаласының ТПИМ

4 — сынып информатика пәні бойынша күнделікті сабақ жоспары

 

Мұғалім: Болат Ақерке

Ай-күні: 15.04.2010 ж.

Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтықта жұмыс істеу алгоритмі

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оң және теріс координаталар бойынша координаталық жазықтықта жұмыс істеу біліктіліктерін қалыптастыруға қолайлы орта туғызу. Координаталық жазықтық туралы білімімізді шыңдай түсу, берілген алгоритм бойынша жұмыс істей білу, сонымен қатар өздігімізден жұмыс алгоритмін құрастыра білу және алған білімімізді практикада қолдану

 

Тәрбиелік: Тақырыпты меңгертуде оқушының тұлғалық маңызын қалыптастыру. Сенімділік, батылдық қасиеттерге тәрбиелеу

 

Дамытушылық: Таным қызығушылықтары мен есте сақтау қабілетін арттыру

Көрнекелік: Айдаһармен шайқасу плакаты айдаһарлар, алгоритм жазылған плакат, слайд, техникалық құрылғылар

 

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау

 

Сабақ барысы

 

 

 

 

Сабақ барысы

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіңдер ме? Оқшылар жұмыс орнымызыды тәртіппке келтіріп орнымызға отыралық. Бүгін сендерді тамашалауға біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтардың көңілінен шыға білейік достар. Сондықтан оқушылар сендер қандай білімді, әдепті, үлгілі оқушы екендеріңді бүгінгі сабақта тағы да дәлелдей түсіңдер. Барлығыңа сәттілік.

Баллар сабағымды бастамас бұрын қазір әдеттегідей сабақтың өтілу алгоритмінен таныстырып өтейін: жоғарыда

 

  1. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтықта жұмыс істеу алгоритмі

Сабақтың мақсаты: Координаталық жазықтық туралы білімімізді шыңдай түсу, берілген алгоритм бойынша жұмыс істей білу, сонымен қатар өздігімізден жұмыс алгоритмін құрастыра білу және алған білімімізді практикада қолдану

 

  1. Үй тапсырмасын талқылау

Бір оқушыдан не туралы екенін сұрау, сосын дәптерді  тексеріп шығып, дұрыс жауабын көрсету.

 

  1. Оқушылардың тірек-білімдерін тексеру

 

Сұрақтар әлемі:

  1. Сандық түзу туралы не білеміз?
  2. Бірлік кесінді дегеніміз не?
  3. Сандық түзуде әр бір санға не сайкес келеді?
  4. Нүктенің координатасы дегеніміз не?
  5. Теріс сандарға мысал келтір?
  6. Теріс сандар сандық түзуде қалай орналасады?
  7. Екі координаталық түзулерді тік бұрыш жасап қилыстырсақ не пайда болады?
  8. Ол түзулерді ата
  9. Координаталық түзулердің қиылысу нүктесі қалай аталады?
  10. Ох түзуін қалай атаймыз?
  11. Оу түзуін қалай атаймыз?
  12. Координаталар жүйесі дегеніміз не?
  13. Координаталық жазықтық дегеніміз не?
  14. Координаталық жазықтықтығындағы нүктенің координатасы қалай анықталады?
  15. х және у осьтері координаталық жазықтықты нешеге бөледі?
  16. Ол бөліктер қалай аталады?

 

  1. Компьютермен жұмыс «Ертегілер әлемі»

 

Кіріспе

Сәлеметсіңдер ме оқушылар. Бұл хат жай хат емес. Сонау ертегілер елінен сендерге жібердім. Балар өздерің сүйіп тыңдайтын,  қызықтап көретін ертегілер әлемі бүгінгі күні ауыздарынан от шашқан зұлым айдаһардардың  кесірінен қианат шегуде! Балар сендерден көмек сұраймыз: Ертегілер еліне келіп осы айдаһарлармен шайқасуға көмектесіңдерші. Әйтпегенде өздерің сияқты бөбектер ертегілер елісіз қалай өмір сүреді.

Хат иесі: Ханшайым, Ұшатын ат, Жалмауыз кемпір т.б..

1 тапсырма: Егер дайын болсаңыздар, өмірде кездесетін сиқырлы сөздерді  табатын алгоритм құрастырыңдар, сонда сендерге ұшатын кілем жіберемін …

2 тапсырма: Берілген координаттар бойынша кілт салу

Ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бұл үлкен қамал, оны бұзып кіру оңай емес, бұл есікті ашу үшін кілтін жасау керек, сонда ғана кіре аласыздар

Кілтің өзі жоғалған, тек кілтті жасау құпиясы бар.

Олар мынау  сан жұптары:

(-2,-2) (-4,-3) (-6,0) (-4,1) (-2,-2)

(-2,0) (-4,1) (-5,3) (-8,1) (-4,-6)

(-1,-4) (-2,-2) (0,-1) (0,0) (1,1) (3,1)

(4,2) (6,2) (6,3) (7,4) (5,5)  (-4,1)

Берілген координаталар бойынша нүктелерді белгіле:

  1. Бірніші нүктені белгіле
  2. Келесі нүктені белгіле
  3. Екі нүктені өзара қос
  4. 2-ші командаға көш

3 тапсырма: Айдаһармен шайқас

“Айдаһарларды жеңу “ алгоритмі

  1. Координаталық  жазықтықта айдаһарды тауып ал
  2. Оның координаталарын ата.
  3. Егер дұрыс атасаң, басын шауып ал.
  4. Егер теріс атасаң тағы 4 айдаһар пайда болады.
  5. Тағы да айдаһар қалды ма?  Егер жоқ болса Жеңіс, әйтпесе 1 командаға орал

 

  1. Сергіту сәті

 


От шашақан аузынан, қаһарлі

Жеңіп зұлым айдаһарды

Ертегілер елін сақтап қалдық,

Әлемді бір таңғалдырдық

Орнымыздан енді тұрайық

Батырлар сыныбын құрайық

Денемізді тік ұстап,

Басымызды бұрайық.

Көзді ашып, жұмайық

Қолымызды созайық

Батырларша керіліп,

Алайық бір серігіп.

 

 

4 тапсырма: 106 бет №1

 

  1. Қорытындылау

 

Алға қойылған мақсатқа жету үшін:

Координталық жазықтық элементтерін білеміз ба?
Координаталық жазықтықта нүктенің координаталарын таба аламыз ба?
Берілген координаттар бойынша нүкте белгілей аламыз ба?
Нақты алгоритм бойынша координаталар жазықтығында жұмыс жүргізе алдық па?

 

  1. Үй тапсырмасы

Бағалау,  бағаға коментария жасау

Үй жұмысы: 109 бет «Айдаһармен күресіп көр»

 

Тексерді ____________________ кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н.