Өтірікті қалай анықтауға болады?

Өтірікті қалай анықтауға болады?

«Өтірік – өрге баспас», -дейді атам қазақ. Сөйте тұра, ешнәрсені аңдамастан,  күнделікті өмірде өтірік сөздің құрбаны болып жататынымыз рас. Адамдар өтірікті әртүрлі жағдайға байланысты айтуы мүмкін. Жақын жаныңның игілігі үшін де айтылатын зиянсыз өтіріктер де бар. Мәселен,  ауырған адамға «сенің денсаулығың күн сайын жақсарып келеді, еміңді  осы бетіңнен таймай жалғастыр!» десек, бұл сөз оған күш беріп, қиындықты жеңуіне көмектеседі. Ал бізге зиян келтіру үшін айтылатын қасақана өтіріктерден, алаяқтардың арбауынан сақтану үшін не істеуіміз керек? Баламыз бір нәрсені бізден айқын жасырып тұр деп уайымдасақ ше? Олай болса, психолгтар кеңесі бізге артық етпейді. Сонымен, өтірік айтуы мүмкін деп ойлайтын адамның іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына мұқият назар аударыңыз…

1.Өтірік айтқан адам сіз қойған сұраққа жалпылама жауап қайтаруға тырысады. Мәселен, «мына киімнің өңі шықпай ма?» деген сұраққа сатушы «бұрын сатып алған адамдардың ешқайсысы шағымданған емес» деп жауап қайыруы мүмкін. Нақты жауап беруден қашқақтау – шындықты жасырудың бір әдісі.

2.Сұраққа қарсы сұрақ қояды, өзіңізге жауап табуды ұсынады. Мысалы, «сен темекі шегіп көрдің бе?» деген сұраққа «ал сен қалай ойлайсың?» деген жауап алуыңыз ықтимал.

3.Көзіңізге тура қарамауға тырысады немесе жиі жыпылықтатады. Көз қарашығы үлкейеді. Назарын жиі басқа бағытқа аударады.

4. Жауап беру барысында аузын қолымен көлегейлеп, бас бармағымен бетін ұстайды.

5. Мұрнын жиі қасиды . Қолында бір затты ұзақ айналдырады.

  1. Жағасын артқа тартып түзейді. Галстугын босатады.

7.Кідіріс жасайды. Жауап берердің алдында темекі шегіп алады. Кейде даусын кенейді. Мұны психологтар өтірік айтатын адамның бір жауап ойластырып алуға ұмтылуымен түсіндіреді

8. Өтірік айтуы мүмкін деп күдіктенген адамнан алдында айтқан нәрсені қайталап айтып беруін сұраңыз. Шындықты жасырған адам оны басқаша, өзгерістер енгізіп айта бастайды.

9. Сұраққа қысқаша жауап қайырады. Детальді нәрселерді айтудан қашқалақтайды. «Менің ойымша», «мүмкін» деген қыстырмаларды сөзіне жиі қосады.

Осы кеңестерді ескере отырып, өтірікті анықтайтын детектрге айналмасаңыз да, өтірік құрбаны болудан сақтанасыз